168
биогаз қондырғысы көлемін кішірейтіп, қондырғысының өнімділігін арттыруға қол
жеткізеді. Алайда, биомассадағы жоғары температураны ұстап тұруға кеткен
энергия шығыны, одан алынатын биогаз пайдасынан анағұрлым артып кетуі
мүмкін. Сондықтан, үй шаруашылығына қажетті метан өндіру мақсатында,
мезофильді (30-40°С) жəне психрофильді (8-20°С) режимдерде жүретін
реакциялардың болуы тиімді келеді.
Ашу үдерісінің қалыпты жүруі үшін əлсіз сілтілік (рН = 6,7-7,6) орта қажет
болады. Қышқыл түзуші мен метан түзуші бактерияларының оптималды қатынаста
жұмыс істеуі барысында, рН көрсеткішінің деңгейі «автоматты түрде» бір қалыпта
ұсталып тұрылады. Бірақ та, кейбір жағдайларда, метан түзуші бактериялырына
қарағанда қышқыл түзуші бактериялар көптеп дами бастайды да, биоқорлық заттар
қыжып кетуі себепті, нəтижесінде ұшқыр май қышқылдарының (летучие жирные
кислоты) ашыту камераларындағы үлесі артып, ол биогаз шығымының кемуіне əсер
етеді. Мұндай жағдайда, биореактордың ішіндегі заттарға ыстық су, əк сүттері
немесе сода қосылады. Егер, азот пен көміртектерінің арасындағы тепе-теңдіктің
бұзылған жағдайында, оны биомассаға сиыр зəрін (мочевина) қосу арқылы, қалпына
келтіреді.
Биогаздың бөліну қарқынына басқа да жағдайлар əсер етеді. Мысалы,
органикалық массаның бетінде деміл-деміл қалқыма түріндегі қатқақтарының пайда
болуы – биогаздың бөлініп шығуына кері əсерін тигізеді. Сондықтан, биореактор
ішіндегі биоқорларды тəулігіне 2-3 рет қозғап тұру арқылы, мұндай қалқыма заттар
араластырылып отырылады.
Органикалақ қалдықтардың толықтай ыдырауы үшін біршама ұзақ уақыт қажет
болады. Көбінесе, биогаздың максимальды шығымдылығы мен сапалы
тыңайтқыштың пайда болуы, органикалық заттардың (мысалы, мал нəжісінің) 30-
33% дейінгі ыдырауы нəтижесінде алынады. Биореактордағы биомасса 14-15 күн
аралығында ашытылғанда, оның толықтай ыдырау көрсеткіші 25% көлемінде
болады.
Достарыңызбен бөлісу: