Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


ІХ тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет108/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   160
Байланысты:
Аубакиров Биотехнология

ІХ тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Кен көздерінен металдардың биогеотехнологиясы арқылы кен өндіру əдістері
неге негізделеді?
2. Биогеотехнологяның қарқынды дамуы қандай кезеңнен басталады?
3. Гидрометаллургияда қандай бактериялар қолданылады?
4. Бактериялық сілтісіздендіру үдерістері қандай сатылардан тұрады?
5. Гидрометаллургиялық өндірістің болашағы қандай деп ойлайсыз?
1. Көмір өндірісінде биогеотехнологиялық əдістерді қолданудың қажеттілігі
қанша?
2. Көмір құрамынан микроорганизмдерді пайдаланып күкірттерден тазарту
бағытындағы алғашқы жұмыстарды кімдер жасаған?
3. Көмір құрамын күкірттерден тазартуда қандай бактериялар қолданылады?
1. Көмір шахталарын метан газынан арылтудың қандай қажеттілігі бар?
2. Көмір шахталарын метан газынан арылтуда қандай бактериялар
пайдаланылады?
3. Метан газынан арылтатын бактериялар қалай дайындалады жəне кен
көздеріне қалай жіберіледі?
1
.
Биогеотехнологиялық үдерістері мұнай өндірісі саласында қандай мақсатта
қолданылады?
2. Мұнай өндірудің шығымдылығын арттыру мақсатында қандай əдістер
қолданылады?
3. Қандай мақсатта мұнайлы қойнаулары оттегімен жəне минералды тұздармен
байытылады?


180
Х тарау
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ
Биотехнологияның экологиялық биотехнология саласы көптеген экологиялық
жағдайларға қатысты мəселелермен айналысады. Биотехнологияның ДНК
технологиясы жетістіктерін табиғатты қорғау мақсатында қолдану жақсы
нəтижелерге қол жеткіздіреді. Мысалы Kazakstan Today агенттігінің мəліметі
бойынша ғалымдар Науырзым қорығында бүркіттердің санын ДНҚ-технологиясын
қолдана отырып анықтаған. Purdue университетінің ғылыми қызметкері Андре
Двуди мен Сан-Диего қаласы зообағының қызметкері Джейми Иви жəне басқалары
сырттай 
бағалау 
əдістері 
нақты 
мəліметтер 
алуды 
қамтамасыз 
ете
алмайтындықтарына көз жеткізген. Атап айтқанда, ғалымдар екі бүркіт
популяцияларын олардың түсіп қалған қанат қауырсындарын ДНҚ тестілеу арқылы
түгендеген. Нəтижесінде осы бүркіттердің 414-нің осы қорық аумағында тіршілік
ететіндіктері анықталған жəне бұл сырттай бағалау нəтижелерінен алынған саннан
үш есеге көп екендігін көрсеткен. Алынған нəтижелер осы бүркіт түрлерін сақтау
шараларын тиісті деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Экологиялық биотехнология
– өнеркəсіптік əртүрлі қалдықтарды қайта өндеу,
қоршаған орта нысандарын əртүрлі ластағыштардан тазарту сияқты қоршаған орта
мəселелерін шешуде биотехнологиялық əдістермен биологиялық емес технологияны
біріктіре отырып, биотехнологияны қолдану болып табылады. Экологиялық
биотехнология тұрғысынан алып қарағанда ағын суларды тазарту жəне
тұрақтандырудың аэробты үдерістерін пайдаланудың маңызы зор. Бұл мақсатта
əртүрлі конструкциялы реакторлар қолданады.
Бүгінде біздерге мəлім болғандай, экологиялық биотехнологияның бірнеше
бағыттары бар жəне олар түрлі əдістер арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда
биодеградация
– адам тіршілігі нəтижесінде жиналатын зиянды заттарды жою
болып табылады. Бұның тиімді жолы
биоконверсия
– керегі жоқ зиянды заттардың
қалдықтарын төгіп тастамай, оларды барынша қажетті пайдалы заттарға айналдыру
ретінде жүргізіледі. Əсіресе бұл бағыттар ауылшаруашылығына үлкен септігін
тигізеді, əрі пайдалы, яғни бұл – биогаз алу үшін жəне тағы да басқа түрлі жолдарды
қарастырады. Жоғарыда атап өткендей, экологиялық биотехнология қоршаған
ортаны табиғи жағынан толық сипаттайды. Мұнда топырақ, су, мұнай тағы да
көптеген мəселелер назарға алынады.
Бүгінгі таңда шешілмей жатқан экологиялық мəселелер өте көп.
Биотехнологиялық үдерістердің осындай мəселесінің бірі – олар табиғи суды жəне
аэробты жағдайында өтетін технологиялық үдерістерінде ауаны көп көлемде
тұтынады да, алынатын кейбір қалдықтары жарамсыз болып қалады.
Микробиологиялық өндіріс саласында басты екі мəселе назарда ұсталуы қажет:
1. Өнеркəсіптік асептика, яғни биореактор ішіне бөгде микроорганизмдердің
ену мүмкіндігін жою.
2. Қоршаған ортаны қорғау, яғни ауа жəне су қалдықтарына түзгіш
жасушалардың еніп кетуін болдырмау.
Бұл құбылыс қауіпті, өйткені адам үшін микроб ақуызы жат нəрсе, сондықтан
ол халық арасында аллергиялық реакциялар қоздыруы мүмкін. Биотехнологиялық


181
өнекəсіпте қоректік заттарды даярлау, жуу, бөліп алу жəне сонымен бірге
биореакторлардың режимдерін бір қалыпты дəрежеде ұстап тұру үшін көп
мөлшерде су қажет. Айналадағы судың ағыны тұйық болса да, бұны тазалау
жұмысы қарастырылып тұрылуы тиіс. Өйткені қондырғыны суыту мақсатында
пайдаланылатын агентке (суға), биореакторлардың конструкциялық ақауынан
немесе басқа да бір себептерден кез келген уақытта дақылдық жасушалары аз ғана
мөлшерде болса да еніп кетуі ықтимал.
Реакторлардан технологиялық суларды шығарып тазалауда көптеген
қиындықтар кездеседі. Көбінесе, мұнда активті лай қолданады. Бірақ болашақта су
тазалайтын мембраналық технологияны ендіру жəне бір реактордан шығарылып
микроорганизмдерден тазартылған технологиялық суларды, басқа реакторлардағы
жасушаларға қоректік зат ретінде пайдалану сияқты метаболизмдері айналымда
болатын жабық өндірістерді жасау жұмыстары жүргізілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет