Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет122/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   160
Байланысты:
Аубакиров Биотехнология

Терминдер сөздігі
Автоклав –
құрал-саймандарды ыстық бу мен жоғары қысым арқылы
стерилдейтін қондырғы.
Адвентивтік бүршік
(лат. аdventicius – келімсек, бөтен, бөгде) – қосалқы
бүршік. Əдеттегідей өсу нүктесінің ұлпаларынан емес, олардан өзгеше ұлпалардан
пайда болады.
Ақуыздар
– амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын жоғары
молекулалы биологиялық полимерлер. Ағзадағы барлық дерлік биологиялық
қызметтерге қатысады.
Ақуыздың бірінші реттілік құрылымы
– ақуыздың бірінші реттік
құрылымында амин қышқылдары ретімен бір-бірімен ұзын тізбек құрып
орналасады. Қандай да бір ақуыздың бірінші реттік құрылымындағы амин
қышқылдарының ретімен орналасуы, басқа ақуыз молекуласында қайталанбайды.
Ақуыздың екінші реттік құрылымы
– полипептид тізбегінің оралып,
шумақталып, сприаль немесе белгілі бір конформация түзу тəсілі. Бұл полипептид
тізбегінің жəне бөліктерінің арасында сутектік байланыстардың түзілуі нəтижесінде
пайда болады. Екінші деңгейдегі құрылымды сутектік байланыстар қамтамасыз
етеді.
Ақуыздың үшінші реттік құрылымы
– ең күрделі құрылым. Үшінші реттік
құрылым екі пішінді болады. Глобулярлы жəне фибриллярлы. Үшінші реттік
қүрылым түзілуі кезінде амин қышқылдарының гидрофобты радикалдары ақуыз
молекуласының ішіне қарай жымырылып, ал гидрофильді радикалдары сыртқы
бетіне орналасады. Үшінші реттік құрылым түзу кезінде ақуыз молекуласы оралып
шиыршықталып, жинақталады.
Ақуыздың төртінші реттік құрылымы
– бұл құрылым бірнеше
полипептидтік тізбектен тұрады жəне ақуыз молекуласына тəн əрбір полпептидтік
тізбектің 1,2,3 деңгейдегі құрылымы бар. Төртінші реттік құрылым гемоглобинге
тəн, ол 4 полипептид тізбегінен жəне 4 геннен тұрады.
Аллель
(
гр.
аllelon – бір-бірін, өзара ағ. аllelе) – геннің бірнеше баламалы
формаларының бір түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет