Антидене (антитело) – иммундық жүйемен шығарылатын ақуыздар, олар
бөтен патогендік агенттердің, ақуыздардың (антигендер) əсерін тежейді.
Антисарысу (ор. сыворотка) – бөтен агенттерге қарсы антиденесі бар
иммунизацияланған жануар мен адамның сарысуы.
Антральды фолликула (екіншілік фолликула) – антромумды, яғни
құрамында ооциті бар митоздағы профаза І фазасының пахинема кезеңіндегі
фолликуласы.
Апикальдық меристеманы өсіру (
лат. apex – ұшы, гр. meristos – бөлінетін,
ағ. apical meristem culture) – өсу конусының ең жоғары ұшынан бір немесе екі
алғашқы жапырақ бастамасы бар оқшауланған бөлігін залалсыздандырылған
қоректік ортада өсіру.
Апикальдік басымдылық (
лат. apex – ұшы, dominans – үстемділік,
басымдылық) – бұтақтың жоғары жағында, ұшында орналасқан бүршіктің төменгі
жанама бүршіктердің өсуін тежеуі.
Апогамия (апогаметия) – (гр. apo - бір нəрсенің немесе құбылыстың
болмауы; gamos - неке) – апомиксистің бір түрі. Гаметалар түзілмейді, сондықтан
ұрық аналық синергидтерден пайда болады.
Апомиксис (
гр. аpo – бір нəрсенің немесе құбылыстың болмауы; mixis –
араластыру, ағ. apomixis) – организмдердің жыныссыз жолмен пайда болған ұрықтар
арқылы көбеюі.
Аптамерлер – ағзада тұрақты түрде сақталатын жəне спецификалық нысана –
ақуыздарымен
тіркесе
байланысқан, өз
ретімен
орналасқан
бірнеше
нуклеотидтерден ғана тұратын бір үзікті (цепьті) кішкене олигонуклеотидтер.
Асептика – жараға жанасатын барлық құрал-саймандарды арнайы тазалау
арқылы хирургиялық инфекцияларға жол бермеу тəсілі.
Асептикалық жағдай (
гр. а – бір нəрсенің немесе құбылыстың болмауы;
septikos – шірік, ағ. aseptic conditions) – толық залалсыздандырылған жағдай (іріп-
шіру болмауын, шірімеуді қамтамасыз етеді).