268
Фенотип
(гр. phaino – жариялаймын, typos - із, таңба, үлгі, қалып) –
организмнің сыртқы жəне ішкі белгілерінің жиынтығы. Сыртқы
белгілердің
анықталуы генотиптегі бар жеке бір гендерге сəйкес болады, ол генотиптің жəне
орта факторларының өзара əрекеттесуінің нəтижесінде қалыптасады.
Фермент
– катализатор қызметін атқаратын ақуыздардың ерекше түрі.
Фитоволитализация
– топырақтағы
буланып
ұшатын
заттарды
экстракциялау мақсатында арнайы өсімдіктерді пайдалану.
Фитодеградация
– органикалық ластаушы заттарды ыдырату мақсатында,
өсімдіктер мен арнайы іріктелініп алынған
микроорганизмдер штаммдарын
пайдалану.
Фиторемидиация
– қоршаған ортаны тазалау мақсатында өсімдіктердің
бойында ауыр металдарды тұтып қалу қабілетінің пайдаланылуы.
Фитостабилизация
– арнайы өсімдіктерді
пайдалану арқылы ластаушы
заттарды мейлінше қол жетпейтін дəрежеге (малодоступный) өткізу.
Фитофильтрация
– топырақ суы құрамынан ауыр металдардың ертінділерін
сорып алу мақсатында өсімдік тамырын (ризофильтрация) жəне өскіндерді
(бластофильтрация) пайдалану.
Фитоэкстракция
– металдарды жердің үстіндегі бөліктеріне (жапырақ, сабақ)
жинау қабілетіне ие өсімдіктерді пайдалану арқылы, топырақтың құрамындағы улы
заттардан тазарту.
Достарыңызбен бөлісу: