Екі бүйірінен қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді кӛз алмасын
қоршап тұрған үш қабығы болады. Сыртқы қабықты
ақ қабық
деп атайды. Ақ
қабықтың алдыңғы жағы дӛңестеніп қалың қабыққа айналады. Кӛздің
торлы
қабығына
жарық сәулесі осы қасаң қабық арқылы ӛтіп отырады.
Сыртқы ақ
қабықтың астыңғы екінші қабығы -
тамырлы қабық
. Тамырлы қабықтың
алдыңғы бӛлігі -
нұрлы қабық
деп аталады. Кӛздің түсі осы нұрлы қабықтағы
пигментке байланысты түрліше болып келеді.
Нұрлы қабықтың ортасында
қарашық орналасқан.
Кӛз дистанттық рецепторға жатады, ӛйткені ол сезім мүшелерінен
біршама қашықтықта жатқан заттар мен сыртқы дүниеде болып жатқан
кұбылыстар жӛнінде білім береді.
Кӛру түйсіктері біздің кӛзімізге электромагнит толқындарының әсер
етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде кӛзімізге
ұзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000
бӛлімі) электромагнит
толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі
ұзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана кӛз заттардың түсін (бояуын)
ажыратады. Мәселен, қызыл түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300
миллимикрондай ұзындықтағы электромагнит толқындарының әсер етуінен
пайда болады. Спектрге (спектрум – латын сӛзі, қазақша кӛріну
деген
мағынаны білдіреді) қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі түсті және
олардың сансыз реңдерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180-дей жеке
түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.
Заттар мен құбылыстардың түстері
Достарыңызбен бөлісу: