жаттауды тиімді ұйымдастыра алмаудан, ой елегінен ӛткізбей тек механикалық
есте сақтауды қолданудан да болады. Мұның тез ұмытуға әкелетіндігі белгілі.
Материалды есте сақтауға үйрете отырып, ес әрекетін едәуір жақсартуға, соның
нәтижесінде оқу үшін маңызды қабілеттің бірін дамытуға болады.
Жоғарыда аталған ерекшеліктер балалар арасында да жиі кездеседі.
Оларды тӛмендегіше жіктеуге болады:
1)Есте қалдыруы шапшаң, қайта жаңғыртуы жақсы, еске қалдырғанын
кӛпке дейін ұмытпайтын оқушылар.
2)Есте баяу қалдырғанымен, ұмытпайтын оқушылар.
3)Есінде қалдыруы тез болғанымен, тез ұмытатын оқушылар.
4)Есіне киналып түсіретін және тез ұмытып қалатын оқушылар.
Бала есінің сапасы тӛмен болуы кӛптеген себептерге байланысты. Есте
қалдыруы нашар балалар сабақтан кӛп қалады, үй тапсырмаларын жүйелі
орындап отырмайды,
Естің даралық айырмашылығы кейбіреулердің тарихи материалды енді
біреулердің физика немесе химия жӛніндегі материалды есте жақсы
сақтайтындығынан кӛрінеді. Сондықтан естің ойдағыдай жұмыс атқаруы үшін
мектеп оқушыларының әр пәнге деген ынтасын қалыптастыру қажет.
Адам ұмытылып кеткен бір оқиғаны, басқа еске түсіру кұралдары
болмаса да, тіпті сол оқиғаға байланысы жоқ сәттер мен бӛлшектерді
арнайы
қайтадан жаңартып, есіне алу арқылы ойына біртіндеп түсіретіндігі жиі
кездеседі: «Мен ӛзіміздің досымызды қашан кездестіріп едім? Бұл таңертең
болатын, есімде мен жұмысқа кетіп бара жатқанмын; демек, бұл жексенбі күні
емес, сейсенбі де емес, ӛйткені мен сейсенбі күні жұмысты кешкісін
істедім
демек, бұл дүйсенбі күні болатын. Есімде, оның сырт киімі жоқ, қостюмшең
болатын,
демек, күн жылы болған. Ал күн ӛткен аптадан бастап қана
жылынды...».
Достарыңызбен бөлісу: