1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


 Ой операциялары(тәсілдері)



Pdf көрінісі
бет65/98
Дата11.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#113677
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   98
2. Ой операциялары(тәсілдері). 
Ой тәсілдері: а
нализ, синтез, абстракциялау, нақтылау, жалпылау, 
жүйелеу, топтастыру, салыстыру. 
Анализ
деп – бүтінді бӛлшектеп, майдалау, мүшелеу, белгілерге бӛліп 
қарау. Адам ӛзінің күнделікті әрекетінде заттар мен нәрселерді алдымен 
бӛлшектеп, талдап отырады. Адам нәрсені бӛлшектеумен ғана тынбайды, кейін 
бӛлшектеген, ажыраған заттарын қайта қосып, тұтас затқа айналдырып 
отырады. 
Синтез 
деп ой арқылы бүтіннің белшектерін біріктіріп, оны бүтінге 
айналдыруды айтады. 
Анализ бен синтез қатар жүріп отырады табылады. Анализсіз синтез, 
синтезсіз анализ болмайды, Бұл екеуі - бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой 


процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Мәселен, мылтықты жеке бӛліктерге 
ажыратсақ, бұл - анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бӛліктерді белгілі 
тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, 
есептеу т.б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез 
операцияларының принциптеріне негізделген.Адам ойлауына анализ бен 
синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т. б.) әр 
қилы кӛрініп отырады. Мәселен, бӛбектің қағазды екіге бӛлуі де, Эйнштейннің 
салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің 
айырмашылығы жер мен кӛктей. Бӛбектің қағазды екіге бӛлуінде анализ 
практикалық амал ретінде кӛрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында 
анализ теориялық ой тәсілі ретінде кӛрінеді. 
Салыстыру.
Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой 
операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын айқындау. Әдетте бір тектес ұқсастықтары бар заттар 
салыстырылады. Салыстыра отырып біз олардың айырмашылықтарын кӛреміз. 
Әйтпесе олар теңбе-тең болып қабылданар еді. Мәселен, мұғалім балаларды 
жазуға үйреткенде әр бір әріптерді жеке және ұқсас әріптерді П мен Н, Ш мен 
Щ-ны салыстырып кӛрсетеді. 
Топтау 
салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және 
қосалқы ұқсас белгілері негізінде заттар топтастырылады. Мәселен, кілтпен 
бұрап жүргізетін ұшақты бірде металл бұйымдарға енді бірде ойыншықтарға, 
енді бірде модельдер тобына жатқызуға бролады.
Ойлау операциясының келесі түрі 
абстракция.
Шындықтағы заттар мен 
құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен 
ойша бӛліп алуды 
абстракция
дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, 
параллелограмма деген сездерді "тӛрт бұрыш" деген сӛзбен белгілесек, 
соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ 
касиеті ретінде "ақшыл" деген сӛзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға 
жатады. 
Абстракцияға қарама-қарсы процесті 
нақтылау 
деп атайды. Нақтылау - 
абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни 
жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды 
құлын, тай, құнан, дӛнен, айғыр, бие деп бӛлетін болсақ, мұндағы жылқының 
жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, 
ұғымды кӛрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жалпылау
дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ 
қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды 
белгілерін таба білу керек. Мәселен, алма, ӛрік, мейіз, алмұрт т. б. ұқсас 
белгілері жиналып келіп, «жемістер» деген жалпы ұғымды береді.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі 
принцип бойынша орналастыруды 
жүйелеу
(систематизация) дейді. 
Жүйелеудің жоғары түрі - классификация.Жүйелеуде заттар мен құбылыстарды 
топтастырғанда, белгілі бір ұқсастықтарына қарай жүргізілмейді. Жүйелеу осы 
топтың ішінен одан да кіші топтар мен бӛліктерді саралайды. Мәселен, 
арыстан, жылқы, сиыр, қасқыр, қой т.б. бәрі жануарлар болғанымен жылқы, 


қой, сиыр, үй жануарларына, арыстан, қасқыр тағы жануарларға жатады. Сол 
сияқты жануарлар - типке, типтен - класқа, кластан - отрядқа, отрядтан - 
отбасыға, отбасыдан - текке, тектен - түрге т. б. жүйеленеді. Жүйелеу арқылы 
ӛсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге 
болады. Жүйелеу ой тәсілі қазақтарда ерекше дамыған. Мәселен олар шӛпті 
ащы (кӛкпек, изен, жусан т. б.), тұщы (қияқ, боз т. б.), құрғақ, сулы деп 
бірнешеге бӛледі. Шӛптерді қай малдың жейтініне қарай да топтастыруға 
болады. Айталық, түйе үшін: жапырақ, шағыр, изен т. б. қой жейтіндері: 
жоңышқа, қына десек, жылқыға - боз, қияқ, беде, ебелек, бидайық т.б. бӛлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет