1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет73/98
Дата11.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#113677
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   98
2.Қиял түрлері.
Қиял 
актив
және
пассив
болып екіге бӛлінеді. Пассив қиялға түс кӛру 
жатады Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бӛлімдері қозу 
жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бӛліктерін "күзетші 
пункт" деп атайды. Осы "күзетші пункттерде" біздің бұрын қабылдаған, кӛрген, 
естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан 
"тіріледі". Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. 
Ӛйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, 
мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал 
жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті 
ӛте тӛмен болады. Сӛздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың 
пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдагы 
"кереметтер" кіреді. И.М.Сеченов осындай түстерді "болған әсерлердің болып 
кӛрмеген қиысулары"-, деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің 
фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.
Ұйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де ӛмірде бар 
нәрселердің жиынтығынан құралған. Бұлардың негіз і- адамның ояу кезіндегі 
басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-
кӛргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т.б. ұйқыдағы 
адамның түс кӛруіне себепші болатын фактілер ӛте кӛп. Мәселен, ми 
клеткаларына кӛшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының 
сылдыры да, иттің үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. 
Мәселен, ұйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ, түссе, оның жүрегі қатты 
соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс кӛреді. Ӛзін қуған біреуден 
қашады, бұдан ол ентігіп, бұлығады да. 
Түс кӛрудің мазмұны адамның, кӛбінесе, қызығуына, талғамына орайлас 
келіп отырады. "Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді" 
деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Ӛмірде ешбір естімеген, 
кӛрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен 
соқыр болып туған адамның түсіне кӛзге кӛрінетін "бейнелер кірмейді, оның 
басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп 
отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бұрын 
кӛзімен кӛрген заттарының бейнелері кіре береді. Түс кӛруді ұйқыдағы мидың 
фантазиясы деуге болады. Мұндай қиялды әдейілеп туғызу және оны саналы 
түрде басқарып отыру мүмкін емес. Сондықтан түс кӛру қиялдың ең пассивтік 
түрі болып табылады. 
Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның ояу кезінде де болып отырады. 
Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның кӛз алдынан елестер тізбектеліп 
ӛтіп жатады. Мәселен, адам аспандағы бұлтқа, үй қабырғасындағы түрлі 
кӛлеңкелерге қарап, оларды бір нәрсеге ұқсатады. Леонардо да Винчи: 
қабырғадағы даққа, үйілген күлге, бұлтқа қарап, осылардан адамның пішінін, 
табиғат кӛріністерін табуға болады дейді. Бұл айтылғандардың бәрі - ырықсыз 
қиялдың мысалдары. 
Қиялдың екінші түрі 
актив
қиял
деп аталынады. Ол актив қиял 
қайта 
жасау
,
творчестволық қиял
,
арман
болып үшке бӛлінеді. 


Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені 
елестете алуын, 
қайта жасау
қиялы
деп атайды. Қайта жасау қиялы арқылы 
адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Қайта жасау қиялын 
тәрбиелеудің басты жолы - кӛркем әдебиет кітаптарын оқу. Бірақ тек оқи 
бергенмен қиял ӛспейді. Мәселен, үстіртін, тек "қызық" жерін теріп оқудан 
қиял дамымайды. Қиялды ӛсіру үшін кітап мазмұнын ойға түйіп, оны 
кӛргендей, естігендей болып отыру қажет. Мәселен, оқырмандар Мұхтар 
Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Дәркембайдың бейнесі арқылы кедей 
шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін кӛз алдарына елестетеді. Бұл - қайта 
жасау киялының кӛрінісі. Мұндайда адам авторлардың суреттеп жазғандарын 
кӛз алдында тұрғандай кӛріп, тіпті сӛйлеген сӛздерін есіткендей де болады.
Қайта жасау қиялын тәрбиелеудің екінші жолы - географиялық 
карталарды оқып үйрену. Картаның бетінде саяхат жасау бала қиялына 
планетаның түрлі түпкірлерін елестетеді, балаға талай алыс жерлерді кӛргізіп 
отырады. 
Қиялдың ең жоғары түрі -
 творчестволық қиял
. Творчестволық қиял деп 
ӛзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде 
кӛрінетін қиялды айтады. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар - 
қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Творчестволық 
қиял - қоғамдық мәні бар жаңа, соны ӛнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет 
атқаратын психикалық процесс.Қиялдын бұл түрі арқылы жаңа бейнелер 
жасалады Жазушының, суретшінің, ғалымның, сазгердің т. б. қиялы 
творчестволық қиялға жатады. Творчестволық қиял - қайта жасау қиялына 
қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, 
оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. 
Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, сазгерлердің т.б. осы 
секілді ӛнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Ӛнер 
қайраткерлері ӛздерінің идеясын кӛркем бейне арқылы береді.
Ақын-жазушылар қиялы арқылы ӛзінің келешек кейіпкерлерін "кӛреді", 
олардың мінез-құлықтарын "елесетеді", сӛзін "естиді". Сонымен қатар, ақын-
жазушылар ӛз кейіпкерлерімен бірге ӛмір сүреді, олардың ойын, кӛңіл күйін 
"сезіп", қоян-қолтық араласып жүргендей болады.
Ғалым үшін де творчестволық қиял аса қажет. Творчестволық қиял 
ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми 
жорамал жасағанда, эксперимент жұмысын ұйымдастырғанда, тапқан 
жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым ӛз қиялына үнемі сүйеніп отырады. 
Бірақ нағыз ғылыми жұмыс кӛп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі 
емес, ғылымның жолы ауыр. Қажымай, ӛнімді еңбек ете білушілік, 
шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік - нағыз ғалымға тән қасиеттер. 
К.Маркс айтқандай, ғылымның "сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан 
қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып ӛрлей беретін адам ғана 
шыға алады". 
Творчестволық қиял әрекеттің кез келген саласында орын алып отырады. 
Қоғамға пайдаға келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы 
мүмкін емес. Қиялдың бұл түрі, әсіресе, мұғалімдік қызметте ерекше орын 


алады. А.С. Макаренко айтқандай: "жеке адамның келешегін жобалауда" 
мұғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді. 
Творчестволық қиял бейнелерінің тағы да бір түрі - 
фантастикалық 
бейнелер

Бұларға 
діни-мистикалық, 
ертегі-фантастикалық, 
ғылыми-
фантастикалық бейнелер жатады. Фантастикалық бейнелердің бұл түрлері 
ӛздерінің мазмұны мен манызы жағынан әр тектес болып келгенімен, бәріне 
ортақ негізгі белгі - оларда табиғатта жоқ объектілердің болатындығы. 
Діни-мистикалық
және 
ертегі-фантастикалық
бейнелердің жеке 
компоненттері ақиқат дүниеден алынғанымен, мазмұны мен түрі жағынан 
ӛмірде бола алмайды. Діни-мистикалық фантастика бейнелері ӛмір 
шындыгынан аулақ жатады. Оларда табиғат күштері де және адамның ӛзі де 
бұрмаланып бейнеленеді.
Халықтың батырлар жырлаіры, қисса-дастандарында болатын ертегі-
фантастикалық бейнелердің негізінде ӛмірдің ақиқат кӛріністері жатады. 
Ұшқыш кілем мен ӛздігінен жүретін етік бейнелері қанша ғажайып
болғанымен, олар біздің кезімізде жүзеге асып отырған қатынас құралдарының
халық қиялынан туған бейнелері. 
Ғылыми-фантастикалық
бейнелер
ең алдымен, оны жасаушының 
шындықтан тым шырқап аулақ кетіп, алыс болашаққа немесе ӛткенге үңілуімен 
сипатталады. Ғылыми-фантастикалық шығармаларға адамзаттың қазіргі кезде 
бар ұғым мен білімнің шеңберінен шығып кетушілік тән. 
Актив қиялдың ерекше бір түрі - 
арман
. Арман дегеніміз ӛз қалауымызша 
жаңа образдар жасау. Адам армандағанда алдына мақсат қояды, тілегіме 
жетсем екен деп ойлайды. Арман адамға күш қуат беріп алға итермелейді. 
Сондықтан халық «Арманы жоқ жігіттің, дәрмені жоқ», «Армансыз адам, 
қанатсыз құспен тең», «Қыран жетпеген жерге, қиял жетеді» -, деп дұрыс 
айтқан. Арманы жоқ адам ӛмірінің бір күні бір күнінен аумайтын, күн сайын 
белгілі бір істі бір сарынмен қайталайтын, күйкі тіршіліктің қамымен 
шектелетін адам.
Адам қиялы ерік-жігермен, нақты шындықпен байланыспаса, ӛз мұқтажы 
мен тілегін ой арқылы ғана қиялдайтын болады. Әрине, мұндай ой адамға қиял 
бітірмейді, қайта оны басып-жаншып отырады, мақсатына демеу бола алмайды. 
Құрғақ қиялға, мұңға шомған адам салдыр - салақ, жалқау, еріншек, болбыр 
болып келеді. Мұндай қиял еңбекті сүймейтін, одан қашқақтайтын адамдарда 
жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет