(тайга, тундра, тропика т. б.) туралы айтып беріңдер десе, бұл олардың қиялын
тәрбиелеуге кӛп пайдасын тигізеді.
Ӛмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын
да дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында
тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен
салыстырып кӛреді. Бұл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе
жаткандығын байқатады.
Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын ӛзін
қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен,
сурет салудың ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың
осыған орай кӛрінетін қиялы да шарықтай алмайды.
Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мұғалім
де, оқушының ата-анасы да бұл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына
әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара
ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс
жүргізу, табиғатқа, ӛндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі
тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында
кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т. б. осындай әдістер бала
қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.
Бала қиялын тәрбиелеу және дамытуда олардың дүниетанымын, қызығуы
мен мүдделерін, мақсат-тілектерін, армандарын ескеріп отыру маңызды.
Адамның білімі мол болса, оның ақыл-ойы мен қиялы жемістіде бай болып
келетініне баланың кӛзін жеткізу – ата-ана мен тәрбиеші ұстаздарының міндеті.
Мектептегі, үйдегі кӛркемдік, эстетикалық тәрбие қиялдың дамуына үлкен әсер
етеді.
Шәкірт қиялын сабақ үстінде тәрбиелеуге болады. Бала қиялын
дамытуда сыныптан және мектептен тыс жұмыстар үлкен орын алады. Бұл
үшін түрлі үйірме жұмыстарын жақсы жолға қою қажет. Қиялды дамытуда
театр мен киноның орны да айрықша.
Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескере отыру, қиялы күшті
дамыған балалар мен дербес жұмыс жүргізу, оқу барысында кездескен
қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын
тәрбиелеудің түрлері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: