1. Вирустарды лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері, торша өсінділерін алу және олардың классификациясы Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері. Гендік инженерия



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата14.10.2023
өлшемі169,76 Kb.
#114102
1   2   3   4
Байланысты:
Микро сроп 4

Зертханалық
жануарларға ауру жұқтыру жолдары көп. Оларды 
тандау вирустың түрі және оның қай мүшені зақымдауға икемді 
екендігімен байланысты. Жануарларға вирусты егу алдында 
тексергелі отырған материал сақтау үшін қосқан 
консерванттардан ажыратады (ерітеді, жуады), сосын оны 
қайшымен кеседі, кварц құмын салған түйгішке салып езеді. 
Үгіндіден 10% езінді (Хэнкс ерітіндісінде) жасайды, оны 15-20 
минут центрифугалайды (1500-3000 айн.минут). Тұнба үстіндегі 
сұйықты стерильді ыдысқа сорып алады да, басқа микробтардан 
тазарту үшін бактериалды сүзгіштерден өткізеді, не пенициллин, 
стрепомицин, нистатин сияқты антибиотиктер қосады.

Жұқтыру әдісіне орай малға наркоз беріледі, ол үшін
малды 
арнайы қақпақтың астына отырғызады, оның ішінде эфир не 
хлороформға малған мақта салады.
Жануарларға ауру жұқтыру 
әдістері.



1. Ауыз арқылы (рег оз). Бұл үшін материалды күнделікті
жемге немесе ішетін суға қосады. Өңеш арқылы асқазанға 
өткізетін резинка зондымен де беруге болады.

2. Танау арқылы. Наркоз әсерінен ұйықтап жатқан малдың 
танауына материалды ептеп тамызады. Бұл әдіспен істегенде 
сақтық үшін маска және көзілдірік кию керек.

3. Жүрекке егу. Наркоз алған зертханалық жануарларды 
шалқасынан жатқызып байлайды, тауықты бүйіріне 
жатқызады, ал теңіз шошқасына екінші қабырға аралығында, 
төс сүйегінің шетінен 2 мм —дей жерде; қоянға үшінші 
қабырға аралығы мен төс сүйегінің етек жағында. Инені 
денеге тік перпендикуляр жасай жүрек соғуы сезілгенше 
және иненің ұңғыласынан қан көрінгенше сұғады. Сосын 
ақырындап вирусты енгізеді.
Жұқтыру жолдары:



4. Венаға егу. Тышқанға және егеуқұйрыққа алдын ала жылы 
суға малынған құйрық венасына; қоянға — құлақ венасына; 
тауыққа — қанат венасына; теңіз шошқасына жүрекке егеді. 
Вирусты жұқтыру алдында егетін жердің жүнін қырқып, йодпен 
немесе спиртпен сүртеді. Тамырды білеулендіріп қанға толтыру 
үшін, оны қолмен қысады. Инені тамыр бойымен, қан ағымымен 
салады.

5. Миға егу. Инені құлақпен көз үңірінің арасынан сұғады. 
Алдымен сол жердің жүнін қырқады да, орнын спиртпен 
тазартады, инені 2 мм-дей сұғады (тышқандарға), материалды 
ақырын аздап-аздап егеді. Егілген жерге спирт не йод жағады.

6. Құрсақ қуысына егу. Малды артқы аяғынан, басын төмен 
қаратып мықтап ұстайды. Бұл жағдайда ішек-қарын көкірекке 
қарай түседі де, инеге орын босап, ішек-қарынды жарақаттау 
қатері азаяды. Инені шап тұсынан салады.



Вирус егілген малдарды күнде бақылап отырады. 
Егудің нәтижесінде жануарлар әртүрлі жағдайға 
ұшырайды: не өледі, не ауырып жазылады. Осыған 
орай оларды әртүрлі жолдармен зерттейді. Егер 
мал өлсе, онда таза вирусты оның денесінен бөліп 
алу керек, немесе оны, не оның антигенін 
микроскоп арқылы іздеу керек. Егер мал ауырып 
жазылса, одан не вирустың өзін іздеу керек, немесе 
қан сарысуынан серологиялық реакциялар арқылы 
вирусқа қарсы пайда болған антиденелерді іздеу 
керек. 



а) Жануарлар түрі. Мысалы, теңіз шошқасында аусыл, құтырық 
ауруларының вирустарын өсіреді; ал ақ тышқандарда — тұмау 
вирусын, құс обасының вирусын, маймылдарда — бауыр 
ауруының, полиомиелит ауруының вирустарын өсіреді.

б)Зертханалық жануарлардың жас мөлшерін де ескеру қажет. 
Себебі вирустардың көпшілігі тек жас төлдің денесінде жақсы 
өседі. Мысалы: көзін ашпаған тышқан балаларының 
организмінде Коксаки вирустары жақсы өседі.

в)Вирустарды көбейтудің жақсы нәтижесі олардың организмге 
кіру жолдарына да байланысты. Себебі вирустар өзі көбейетін 
клеткаларға енсе ғана жақсы өседі. Мысалы, нерв жүйелерін 
зақымдайтын вирустарды миға тікелей енгізген жөн, ал тыныс 
жолдарын зақымдайтын вирустарды танауға жұқтыру қажет. 
Дерматропты вирустарды көз жанары клеткаларына жарақаттап 
енгізу керек.

г)Әсіресе, өте қажет, нәрсе — зертханалық жануарлардың 
біркелкі болғаны жөн.
Вирустарды жануарларда өсіру үшін 
мынадай жағдайларды ескеру керек:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет