1. Вирустарды лабораториялық
жағдайда өсіру ерекшеліктері,
торша
өсінділерін алу және олардың
классификациясы
2. Вирустардың
нәсілдік қасиеттері,
олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері.
Гендік инженерия.
1 Вирустардың зертханалық жағдайда өсіру
ерекшелігі
2 Зертханалық жануарларға вирусты жұқтыру
әдістері
3 Вирустардың генетикасы
4 Вирустардың нәсілдік қасиеттері және
олардың өзгергіштігі
5
Гендік инженериялық жұмыстар
6.Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Жоспар
Вирустарды қолдан өсіріп, көбейту дегеніміз оларды
жасанды жағдайларда: жануарлар орагнизмінде,
тауық эмбриондарында
жөне организмнен бөлек
өсетін клеткаларда өсіріп, көбейту деген сөз.
Вирустар тек клетка ішінде ғана өсетін паразиттер.
Себебі олар тірі торша ішінде тіршілік етеді.
Клеткасыз жерде вирустар өспейді.
Вирустарды
зертханалық жағдайларда қолдан өсіру үшін белгілі
бір шарттар қажет: вирустарды көбейтуге арналган
клеткалар, тауық эмбриондары және вирусты
көбейтуге арналған организмдер өздерінің
жағдайында cәйкес болуы қажет.
Ең алғаш рет вирустарды қолдан өсіруге
талпыныс 1879 жылдан бастау алады.
Гальтье деген ғалым құтырық вирусын
қоян организмінде өсірді. Содан
кейін
1919 жылы Левенштейн герпесвирусты
қоян организміне жұқтырғанын
хабарлады. Ал 1925 жылдан бастап
вирустарды көбейту үшін
организмнен
бөлек өсетін клеткалар қолданылатын
болады. 1931 жылдан соң осы мақсат
үшін тауық эмбриондары қолданыла
бастады.
Қысқаша тарихы
Зертхана жануарлары дегеніміз тәжірибе
жасауға арнайы питомниктерде немесе
зертханаларда өсірілетін әртүрлі ұсақ
малдар. Олар жұқпалы ауруларға балау
қою, неше түрлі патологиялық
жағдайларды, оған қарсы қолданатын
дәрілерді, диагностикалық сарысуларды,
вакциналарды тексеру үшін және клетка
өсіндісін алу үшін керек. Биологиялық
тәжірибе жасауға 250 түрлі жан-
жануарлар қолданылады.
Қазіргі кезде вирустарды көбейту үшін:
зертханалық
жануарлар,
тауық
эмбриондары, клетка өсінділері
қолданылады.