1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет8/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы.
Қазақстан тәуелсіздік жолында.
Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің 
дағдарысы. Орталықтың ұлт саясатына наразылықтың күшеюі. Вильнюс, 
Рига, Баку, Тбилиси оқиғалары. Жаңа Одақтық шартқа даярлық. 1991 жылғы 
тамыздағы бүлік. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет. Кеңестер 
одағының ыдырауы. Беловежье кездесуі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының 
құрылуы және оған енбеген мемлекеттер. 1991 жылы 1 желтоқсанда 
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентін және вице-президентті 
сайлау. Н.Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. 
Н.Назарбаевтың 1984-1990 жылдары аралығында атқарған қызметі. 1991 ж. 8 
желтоқсанда Минскіде (РКФСР, Беларуссия, Украина) КСРО-ның өмір сүруі 
туралы ресми құжаттың тұжырымдалуы. Орта Азия мен Қазақстан 
республикалары лидерлерінің Ашхабадта кездесуі. Кеңестен кейінгі тәуелсіз 
мемлекеттер басшыларының Алматыда кездесіп, «ТМД-ны құру туралы» 


хаттамаға қол қоюы. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындаған 
мемлекеттер. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Семей 
полигонын жабу жөніндегі» Жарлыққа қол қоюы. Қазақстан Республикасы 
Президентінің «1986 ж. 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны 
үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі» Жарлығы шықты. 
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің құрылуы және 
алғашқы министрі. 1992 жылы шыққан Қазақстан Республикасы 
Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы» 
Жарлығы. 
Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік-мәдени дамуы.
1991 жылы 10 желтоқсан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 
атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілуі. Республика парламентінің 
1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы. 1992 ж. Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы және Әнұранының бекітілуі. Қазақстан 
Республикасы Мемлекеттік Туының авторы. Қазақстан Республикасы 
Елтаңбасының авторлары. 
Қазақстан Республикасының қуатты әрі тиімді әскерін, әскери-әуе және 
соғыс-теңіз күштерін құруға бағытталған шаралар. Т.Әубәкіров тұңғыш қазақ 
ғарышкері. Қазақстан Республикасының Ұлттық рәміздері – ту, елтаңба, 
әнұран туралы Заң қабылданды. Бірінші дүниежүзі қазақтары құрылтайының 
шақырылуы (1992 ж. Түркістан қ.). Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш 
Конституциясы (1993 ж.). Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы 
(1995 ж.). Бүкілхалықтық референдум, ҚР Конституциясын қабылдау (1995 
ж.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет