Хіх ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Ресей империясының қазақ жерлерін отарлау



Pdf көрінісі
Дата14.10.2023
өлшемі325,54 Kb.
#114238
Байланысты:
Срс 6



ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Ресей 
империясының қазақ жерлерін отарлау 
саясаты
ОРЫНДАҒАНДАР :
АХМЕТ НАЗИРА САҒЫНОВА 
ШҰҒЫЛА БЕКМЫРЗА ӨРКЕН 
ҚАДІР БЕКЗАТ
КАБЫЛДАҒАН: ЕРМУХАНОВ Е,Е


ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
1. Бірінші орыс революциясы жəне оның Қазақстанға əсері.
2. Бірінші 
дүниежүзілік 
соғыс 
жылдарындағы 
Қазақстан. 
Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.
3. Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық 
революциясы жəне оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге 
əсері.



Бірінші орыс революциясы жəне оның Қазақстанға əсері

ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің 
əлеуметтік-экономикалық өмірінде болған өзгерістер ескі қалалардың 
өсуімен, жаңа қалалардың пайда болуымен, əсіресе, олардың ірі 
əкімшілік орталықтарына айналып қана қоймай, оларды мекендеген 
халықтың шаруашылығында жəне мəдени, қоғамдық өмірінде үлкен 
роль атқаруымен сипатталды. 

XX ғасырдың басында-ақ Қазақстан көп ұлтты елге айналды да, 
ғасыр басында Қазақстанның негізгі территориясы алты облысқа 
бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-
губернаторлығына (орталығы - Ташкент қаласы), ал Ақмола, Семей, 
Орал, Торғай облыстары – Дала генерал-губернаторлығының құрамына 
кіргізіліп, 
Ішкі 
(Бөкей) 
ордасының 
территориясы 
Астрахань 
губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.



Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон 
ағынының дамуы нəтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де 
аңғарылды. 

Оған дəлел: Ресей империясының бірінші жалпыға бірдей санағынан 
кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897-1917 жж.) Қазақстан халқының саны 
4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7% көбейген. 

Ал, өлкенің демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне 
салыстырмалы талдау жасасақ, мынадай цифрларды аңғаруға болады. 
Өлкенің сол кездегі негізгі алты облысы бойынша 1897-1906 жылдарда 
жалпы алғанда бір мың адамға халықтың табиғи өсімі 11,3%, ал 1907-1916 
жылдарда -15,3%; Ақмола облысы бойынша орыстар мен украиндардың үлес 
салмағы 1897 жылғы 33,0% 1917 жылғы 55,7% дейін өскен де, осы екі 
онжылдық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. 

Ал, қазақтары басым облыстарда табиғи өсімнің едəуір төмен 
болғандығы көрінеді: Жетісуда - 25,7%, Сырдарияда - 25,6%, Оралда – 20%, 
Семейде - 15,6%. Сөйтіп, Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының 
азаюына ғасырдың басында орыстардың, украиндардың жəне басқа да ұлт 
өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты 
əсер еткендігін аңғаруға болады.



XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары ретіндегі
Қазақстанда негізінен өнеркəсіптің екі саласы, яғни тау-кен өндірісі мен кен-
зауыт өнеркəсібі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал өнімдерін 
ұқсату жөніндегі өнеркəсіп жатқызылды.

Əсіресе, тау-кен өнеркəсібі түсті металдар мен темірдің бай кен 
орындарын пайдаланып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. 

Бірақ, ғасыр басында мыс, алтын, темір жөне басқа қазба байлықтарын 
шығаратын еліміздің тау-кен кəсіпорындары, негізінен, шетелдік 
акционерлік қоғамдардың қолына көшті.

Мысалы, 1904 жылы Лондонда пайда болған Спаск мыс кендерінің 
ағылшын-француз акционерлік қоғамы Спаск-Успенск мыс кені мен 
заводын, Саран-Қарағанды тас көмір кенін жəне рудниктерін түгелдей 
сатып алып, пайдаланды.



Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркəсібінің басты 
салаларының бірі алтын шығару болды. Сонымен қатар, Екібастұзда, 
Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары мол пайдаланылды. 

Өндірілген көмір темір жолмен жəне су жолдарымен Ресейдің 
Пермь губерниясына, Омбы мен Барнаулға, сондай-ақ, өлкенің 
Павлодар, Қызылжар жəне басқа да қалаларына жеткізіліп отырды. 

Осы кезеңде Батыс Қазақстан өңірі мен Орал-Ембі аймағында 
мұнай шығару өнеркəсібі де біршама дамыды. Бірақ, ол кəсіпорындар 
толығымен шетел капиталистерінің билігінде қала берді. 



Осындай себептерге байланысты, Қазақстанның кен өнеркəсібі бұл 
кезеңде жергілікті капитал негізінде өсіп шыққан жоқ.

Оны сырттан келген орыс жəне шетел капиталы жасады. Оның 
өнімі түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге əкетілді, ал пайда XX 
ғасырдың басынан бастап шетелге кетіп жатты. 

Осының бəрі кен өнеркəсібінің Қазақстанның əлеуметтік-
экономикалық өсуіне ықпалын күрт кемітті. 



Сонымен қатар Ембінің мұнай кəсіпорындарында 12 сағатқа 
дейін, алтын өндірілетін кен орындарда 10-12 сағат, тұз өндірілетін 
кəсіпшіліктерде 14-16 сағатқа дейін созылды. 

Міне, осындай əлеуметтік теңсіздіктердің басымдылығын көрген 
жəне кəсіп иелерінің өздеріне алалаушылық жасап, құқықтарынан 
айыру шараларын басынан өткізген қазақ жұмысшылары ерекше ауыр 
жағдайда болды. 

Осының бəрі күрделеніп келіп, қазақ жұмысшыларын өздерінің 
əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси жағдайларын 
жақсарту мақсатындағы күреске итермеледі.



Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, 
əлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар мен 
шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, əрине, 
патшалық Ресейдегі 1905-07 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық 
революцияның ықпалы зор болды. 

Біріншіден, өлкенің экономикалық жəне саяси дамуы дəрежесінің салдарынан 
жұмысшы қозғалысы өрістеді.

Екіншіден, оған өнеркəсіп пен қала жұмысшылары қатысты. 

Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған 
деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-əрекеттерінен көрінді. 

Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық 
қозғалысты жаңа сатыға көтерді.



Сөйтіп, 1905-1907 жылдарда өткен Қазақстандағы
жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне 
қадам басты. 

Қазақ даласында осы жылдары Ресейдегі революциялық 
процестердің 
жалпы 
барысымен 
тығыз 
байланысты 
жұмысшылардың 
бірқатар 
саяси 
жəне 
экономикалық 
толқулары болып өтті.

Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс 
руднигіндегі, 1907 жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту 
зауытындағы, Қарағанды кендеріндегі, сондай-ақ, Семей, 
Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай жəне басқа да қалалардың 
кəсіпорындарындағы өткен ереуілдерді жатқызуға болады.



Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси 
ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа 
сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. 

1905 ж. cаяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар 
қазақ 
даласына 
жетісімен, 
Ə. 
Бөкейханов 
атап 
көрсеткендей, "бүкіл дала саясат аясына тартылып, 
азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді". 

Сол 
кезеңдегі 
əкімшілік 
орындарына 
түскен 
мəліметтердің 
бірінде: 
"Патша 
үкімдерінің 
жариялануынан бері қарай қырғыз жұрты мерзімді 
басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. 

Сауаты барларының көпшілігі астаналық газеттерді 
жаздырып алуда. Қырғыздар арасында бұрын-соңды 
болмаған құбылыстар байқалуда" – делінген. 



Қазақ даласында байқалған мұндай құбылыстардың бірі өлкенің 
барлық елді мекендерінде қазақтардың үлкенді-кішілі жиылыстарының 
өткізіле бастауы еді. 

Мұндай жиылыстарда қазақ жұртының көкейтесті мұқтаждықтары 
талқыланып, ол жөнінде орталық үкімет орындарына тапсыруға 
петициялар əзірленді. 

Осылайша қазақ даласындағы саяси күрес патшаға, орталық 
билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрініс ала бастады. 

Қазақтардың 
орталық 
билік 
орындарына 
тапсырған 
петицияларында жерді тартып алуға, салықтың ауырлығына, төменгі 
басқару органдары мен патша чиновниктерінің тарапынан озбырлық, 
қиянат, қоқан-лоқы жасалуына наразылық білдірілді. 

Сонымен бірге өздерінің діни істерін Орынбор муфтилігіне қарату, 
қазақ арасында оқу-ағарту ісін ретке келтіру жəне өлкеге земство енгізу 
сұралды.



Отарлық тəуелдіктегі қазақ елінің мұң-мұқтажын білдірген петицияларды 
жазып, оны тиісті орындарына тапсыру ісі 1905 ж. көктем айларында-ақ 
қолға алынған болатын. 

Қазақ даласынан петициялар арнайы делегация жіберу арқылы да, сонымен 
бірге жеделхатпен де жолданған. Петицияларды жазып дайындау ісінің 
басында негізінен сан жағынан аз болғанымен, саяси күрес қазанында 
қайнап, жаңадан қалыптасып, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция 
өкілдері тұрды. 

Ол жөнінде М. Дулатов: 
"1905 жылдан бері қазақ жұрты да 
басқалардың дүбіріне елеңдеп, ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол 
бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге 
көрікті іс қылып, жұртқа көсемдікпен жол-жоба көрсеткені үшін алды 
абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары cенімсіз болып қалды”,
- деп жазды.



1905 жылы Семей облысы Қарақаралы уезінің Қоянды жəрмеңкесінде 
14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясына Ə.Бөкейхановтың, А.
Байтұрсыновтың, Ж.Ақбаевтың қатысы болған. 

Ол петицияда аталған үлкен сөздер: бірінші – жер мəселесі. Қазақтың 
жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші - қазақ 
жұртына земство беруді сұраған. Үшінші – отаршылардан орыс қылмақ 
саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының 
қосылуында қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған.

Қазақстандағы революциялық қозғалыстың біршама өрлеуі 1905 
жылдың қазан-қараша айларында өткендігі тарихтан белгілі. Өйткені, бұл 
кезде 17 қазандағы патша Манифесінің жариялануы Қазақстанның 
көптеген қалаларында көп адам қатысқан жиылыстарға, демонстрацияларға 
жəне халықтың қалың тобының бой көрсетулеріне ұштасқан болатын. 




Бұл туралы Əлихан Бөкейханов былай деп жазды: 
"Қазақтардың 
жүріп-тұруы арқасында Манифест қысқа уақытта бүкіл даланың 
қолына 
тиді. 
Жер-жерде 
қазақтар 
үлкенді-кішілі 
съездерге 
жиналды… Манифесті оқыды, оны түсіндірді, болашақтағы 
Мемлекеттік Дума сайлауы туралы мəселелерді талқылады. 
Облыстың ең алыс түкпірлерінен қазақтар топ-топ болып қалаларға 
барды, онда қала тұрғындары ұйымдастырған қалалық митингілерге 
қатысты. Орыстар, татарлар, сарттар мен қазақтар бір туысқан от 
басына қосылып кетті". 



Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі 
де арта түсті. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың 
қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын – Ресей 
конституциялық-демократиялық (кадет) партиясының бөлімшесін 
құруға əрекет жасаған болатын. 

Ондағы мақсат – 17 қазанда жарияланған патша Манифесі берген 
бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді. 

Осыған байланысты 1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың 
екінші съезі өткізілді. Ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақұлдады. 

Сонымен қатар, оған өлкеге шаруалардың қоныс аударуын тоқтату, 
Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, 
ұлттық мектептер ашу, 
тағы басқа да талаптар енгізілді. 



Олардың басында Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.
Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев жəне қазақ зиялыларының басқа да көрнекті 
қайраткерлері жүрді.

Сондай-ақ, олар дін ұстану бостандығын жақтап, əсіресе үкімет пен 
жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы шараларына наразылық білдірді. 

Ұлттық мəдениетті дамытуды, сонымен қатар, 
Қазақстанда қазақ тілін басқа 
тілдермен тең қолдануды талап етті. 

Міне, осыған орай мұсылман дінбасыларының ықпалы күшті болған 
Семейде, Петропавлда, Ақмолада, Верныйда жəне т.б. қалаларда діни ұйымдар 
пайда болды. 

Өлке мұсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейе 
түсті. Жалпы, мұсылман қозғалысы түрік халықтарының Ресей империясы 
құрамындағы автономиясы жəне мəдени-автономиялық дамуы туралы мəселе 
көтерді.



Сонымен қатар, осы кезеңде Қазақстан халқының саяси ой-өрісінің 
дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды рөл атқарып, 
онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметімен көрінді. 

Мысалы, 1905 жылдың 6 тамызында Мемлекеттік Дума жөніндегі патша 
Манифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығын берген болатын. Бірақ, бұл 
құқықтың жартыкештігі байқалды. Өйткені, депутаттарды сайлау барысында 
ұлттардың ара салмағы есепке алынбады. 

Сондықтан, қазақ зиялылары мұндай əділетсіздікті түзетуге біршама əрекет 
жасап көрді. Нəтижесінде, қазақ халқы Мемлекеттік Думаға əр облыстан бір 
депутаттан ғана сайлау құқығына ие болды. 

Сөйтіп, Қазақстаннан бірінші Мемлекеттік Думаға барлығы 9 депутат, оның 
ішінен 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ə.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.
Қалменов жəне Б.Құлманов сайланды. 



Олар Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында 
қатынасты. Бұл фракцияның заң жобасы ретінде дайындаған ең басты құжаты 
аграрлық мəселеге байланысты еді. 

Мұсылмандар фракциясы жер мəселесіндегі аграрлық тұжырымдаманы 
мұсылмандар партиясының бағдарламасы негізінде ұсынды. 

Ал барлығы 72 күн ғана жұмыс жасаған бірінші Мемлекеттік Дума 1906 ж. 9-
шілде күні үкімет шешімімен таратылды. 

Дəл сол күннің кешінде Думадағы оппозицияның 182 өкілі (кадеттер, 
трудовиктер, меньшевиктер) Выборг қаласында (Финляндия) жиналып, Манифест 
дайындап, оған өздерінің қолдарын қойды. 

Олардың арасында Ə.Бөкейханов та бар еді. Сол үшін ол келесі Думаға
сайлану құқығынан айрылып қана қойған жоқ, сонымен бірге жауапқа тартылып, 
абақтыда отырып шығады. 

Сөйтіп, халық бұқарасының назарын алаңдату үшін шақырылған бірінші 
Мемлекеттік Дума оның үміттерін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз 
мақсаттарына пайдаланды.



Екінші Мемлекеттік Думаның сайлануына келер болсақ, ол 1905 
жылдың 6 тамызындағы жəне 11 желтоқсанындағы сайлау заңдары 
негізінде өткізілді. 

Думаға Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының 
өкілдері: молда Ш.Қосшығұлов – Ақмола облысынан, би Х.Нұрекенов 
– Семей облысынан, адвокат Б.Қаратаев – Орал облысынан, сот 
тергеушісі А.Бірімжанов – Торғай облысынан, Т.Алдабергенов – 
Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М.Тынышбаев – 
Жетісу облысынан сайланды. 

Екінші Дума депутаттарының құрамы жағынан болсын, күн 
тəртібіне қойылған мəселелерді талқылау жағынан болсын бірінші 
Думаға қарағанда солшыл бағытта болған-ды. Негізгі пікір тартысын 
тудырған мəселелердің бастысы аграрлық жəне қоныс аудару мəселесі 
болды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет