259
ҚОРЫТЫНДЫ
Ақындар шығармаларындағы көнерген аталымдарды зерттеу – маңызды
мәселелердің бірі. Мұның маңыздылығы көнерген аталымдардың тіл
тарихымен келіп қабысып жатқандығында ғана емес, күнделікті тұрмысымызға
қажеттілігінен де туып отыр. Әсіресе көнерген аталымдардың жаңа мағынаға ие
болып, айтылатын ойды түрлендіруі, көркем әдебиетте стильдік мақсатқа асуы
бүгінгі таңның тілегіне сай келіп отыр. Көнерген аталымдар сұрыпталып, дұрыс
пайдалану арқылы қандай тақырыпқа болса да араласуға болады. Қазақтың
небір әдемі мақал-мәтелдері мен тұрақты сөз тіркестерінде көнерген аталымдар
жиі кездеседі. Бұлардың мәнін білу жұртшылыққа өте қажет. Мысалы:
«Бақ
сынайды таланды», «Азаптың ақыры – абад», «Тумыштан тұлпар туады,
жампоздан нар»
т.б.
Осы орайда қазақ тіл біліміндегі, орыс тіліндегі, түркітанудағы сөздердің
көнеруі туралы айтылған пікірлер толық қарастырылды. Қазақ тіл білімінің әр
салада жан-жақты қарыштап дамуына белсене ат салысқан отандық
ғалымдарымыз Ғ.Ғ. Мұсабаев, А.Ы. Ысқақов, Ә.Т. Қайдаров, Р.Ғ. Сыздықова,
Е. Жанпейісов, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев, С. Исаевтың қазақ тіліндегі
аталымның көнеруіне қатысты жазылған көптеген ой-тұжырымдары мен
пікірлері, сонымен қатар орыс және түркі ғалымдарының (А.А .Реформатский,
Ф.П. Филин, Б.М. Юнусалиев, Э.Н. Наджип, А.С. Чикобова, В.В. Бартольд,
Е.Е. Малов)
Достарыңызбен бөлісу: