260
Көлдейбекұлы шығармаларының негізінде көнерген аталымдардың сақталуына
төмендегідей жағдаяттарды атап көрсеткенді жөн көрдік.
а) Көнерген аталымдардың ерте кездегі бір-біріне тегі жақын туыстас көне
түркі әдеби тілдерінде қалыптасқан норма болғандықтан ешуақытта жойылып
кетпейді, тарихи немесе этимологиялық сөздіктерде өмір сүреді, кезі келген
қолайлы жағдайларда олардың кейбірі активті сөздікке қайтып келе алады.
б) Көнерген аталымдардың кейбірі ертеде сөздік қордан тұрақты орын
алып, өз заманында белсенді қызмет атқарған байырғы сөздерден жасалған
жаңа ұғымдар болып келеді. Мұндай көнерген аталымдар жаңа туындылардың
түлеп түскен сыртқы қабығы сияқты. Сол қабықты сарапқа салып зерттеу ісі
тіл құбылысындағы фактілерді тарихи деректерге әкеліп ұластырып отырады
Ақындар шығармаларындағы көнерген аталымдардың төрт тілден енген
қабаттары анық байқалды. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: