Жасқа байланысты ерекшелігі : Балаларда 3 жасқа дейін лимфа тамырлары
дамып жетіледі. Бір жастағы балаларда лимфа түйінінің көбею орталығы
пайда болады және онда В
-
лимфоциттер мен плазмоциттердің саны көбейеді.
4-6
жасқа келген кезде балада көптеген фолликулдар мен боз заты және
ондағы трабекулалары дами бастайды. Ал 6
-
12 жас аралығында лимфа
түйіндерінің барлық құрылымдары ең жоғарғы даму деңгейіне жетеді. Егде
адамдарда көбею орталығы жойылады да , трабекулалар қалыңдап көбейеді.
Макрофагтардың қызметі баяулайды да, көптеген түйіндерде кері даму
процесі байқала бастайды. Тіпті атрофияға да ұшырап, түйіндерде май
тіндері пайда бола бастайды.
Васкуляризациясы. Қақпа венасынан лимфа түйіндеріне келген қан
тамырлар оның ішінде артериялар көптеген тармақтарға таралып кетсе, ал
біразы транзитты түрде тармақталмай түйіннен тік өтіп отырады. Осы
түйіндегі гемакапиллярлар торы венозды жүйеге, одан посткапилярлы
венулаларға айналады. Қабыну процестері болған кезде түйіндегі
синустарда
эритроциттердің пайда болуы байқалады.
20. Көкбауыр. Көкбауырдың ақ және қызыл пульпасы, олардың құрылысы және тіндік құрамы. Көкбауырдың қанмен қамтамасыз етілуі. Венозды синустардың құрылымды - функциялық ерекшеліктері. Регенерациясы және жасқа байланысты өзгерістері. Көкбауыр -
ескірген немесе зақымдалған эритроциттер мен тромбоциттерді
жоюға қатысатын маңызды қорғаныс органы, сонымен қатар қанға енген
антигендердің қорғаныс реакцияларына қатысады. Көкбауыр эмбриональды
даму кезеңінің 5
-
ші аптасында мезинхаманың дорсальды шажырқайында
дамиды. Паренхиматозды аймақталған жүйе.Сырты мезотелиймен тысталған,
дәнекер тінді капсуламен қоршалған. Капсуласы құрамында миоциттері
болады.Осы капсуласынан мүшенің ішіне қарай дәнекер тінді трабекулалар
тарайды. Капсуламен трабекула көкбауырдың 7 пайыз көлемін құрап,
тіректік жиырылғыштық аппарат түзеді. Ал қанған бөліктерін ретикулярлы
тін түзеді. Ағзаның стромасы ретикулярлы жасушалармен және құрамында
III және IV типті коллагені бар ретикулярлы талшықтармен ұсынылған.Ал
лимфоидты жасушалар көкбауырдың паренхимасын құрайды. Көкбауыр
паренхимасы құрылысы әртүрлі болатын ақ және қызыл түсті пульпалардан
тұрады.