Сперматогенез
–
аталық жыныс жасушалары, яғни сперматозоидтардың
дамуы болып табылады. Оның көбею, өсу, пісіп жетілу және түрлену деген 4
сатысы ажыратылады.
А. Көбею сатысы –
сперматогенді эпителий тінінің
азальді мембранасында
өтеді. Бұл сатыда сперматогонийдің екі түрі пайда болады: Біріншісі –
бағаналы немесе А
-
типті сперматогоний , ол өз кезегінде бағаналы ұзақ
тіршілік ететін және жартылай бағаналы тек бір рет бөлінетін екі
субпопуляциядан тұрады. Екіншісі –
дифференцияланатын А және В типті
сперматогонийлер болып табылады.
Бағаналы немесе А
-
типті сперматогоний ашық және күңгүрт түсті
құрылысты
болып табылады. Күңгірт түсті жасушалар
резервтегі жасушалар
болғандықтан , баяу көбейеді. Ашық түсті жасушалар, керісінше, белсенді
жаңарып отырады.
В. Өсу сатысында –
ашық және күңгірт жасушалар көбейіп, бір
-
бірімен
байланысу арқылы тізбек түзіп, бірінші реттік сперматоциттерге айналады.
Сперматогонийлердің көлемі артып, мейоздың редукциональді бірінші реттің
бөлініуі жүзеге асырылады. Мейоздың профазасы –
лептотен, зиготен,
пахитен, диплотен, диакенез сатыларынан тұрады.
С. Пісіп
-
жетілу
сатысы
-
мейоздың редукциональді бірінші реттің
бөлініуінен кейін басталып, қалыпты митозды жолмен жүзеге асады, яғни
нәтижесінде сперматогонийлердің құрамында гаплоидты хромасомалы 4
сперматиді ажыратылады.
Д. Түрлену сатысында
-
сперматиділердің бөлінбей пісіп жетіліп
сперматозоидтарға айналады.
Сперматогенез процессі ер адамдарда 75 тәулік аралығында жүреді, бұл
процесс ұрық түтікшесінің иректелген түрінің ішінде толқын тәрізді өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: