Қуық
–
зәр сақталатын несеп шығарушы жолдардың бір мүшесі. Оның
қабырғасының құрылысына тоқталатын болсам: Кілегейлі қабығы ауыспалы
эпителий тіні мен меншікті пластинкалардан құралады. Меншікті пластинка
көптеген кіші мөлшерлі капиллярлардың торынан тұрады. Сонымен қатар,
кілегейлі қабатта орналасатын қатпарлар қуықтың
созылуы мен қысылуына
әсер
етеді. Қатпарлар қуық пен несеп шығаратын түтіктің байланысу
жерінде, яғни қуықтың үшбұрышында да
кездеседі. Қуықты басқа
мүшелерден ерекшелейтін оның кілегей асты негізінің болмауында.
Қуықтың
бұлшықеттік қабаты дәнекер тінінің перделерінен тұрып, үш
қабатты миоциттерден тұрады.
Қуықтың артқы, жоғарғы және бүйір
бөліктері сірлі қабықпен қапталады, ал қалған бөліктері адвентициальді
қабықпен қоршалған. Сонымен қатар, қуықтың
қан мен лимфа тамырларына
өте
бай.
Достарыңызбен бөлісу: