Роза МҰҚанова kitapzharys online



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата14.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#114509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Бала Бейне

kitapzharys.online 
түннің суық ызғарын да ұмытып, екі тізесін ебедейсіз өсіп кеткен екі 
қолымен құшақтап алып Ләйлә ұзақ отырды. Орнынан тұра бере, 
бұрынғыдай емес денесінің ауырлығын сезді. Бойын күздің қара суығы алып 
қалды ма, әлде ыстығы көтеріліп тұр ма, егде қолдарының күші қайтып, 
қайраты таусылып, Қатира үйінің есігін зорға ашты. Әйелдің шатынаған 
көздері қадалып, мұның онсыз да жаралы жанын онан әрі жаныштап жіберді. 
— Айтпады деме, енді кешігеді екенсің, күз болмақ түгілі, қыс болса да 
үйден қуып шығамын, білдің бе? 
Қатира екіленіп алыпты. Қыздың құлағына алыстан талып қасқырдың 
ұлығаны естілді. 
— Қумашы!, — деді жалына қарап иегі дірілдеп, көзі бозарып кетіпті.
Ләйлә көзін аша алмады. Мұп-мұздай қолымен аяғына әлдене тиіп кетсе 
болды-ақ, еріндері қыбырлап: «Құмар, Құмармысың... Сен қайдан жүрсің? 
Мен сені сол күні ұзақ іздедім емес пе. Кел, өткендегідей мені биікке көтеріп, 
айналып биле. Кел... Құмар!» — деп сандырақтайды. Қыздың ауыр халіне 
ешкім де алаңдап көңіл бөлмегендіктен, оның не айтып, не сөйлеп жатқаны 
үйдегілерге беймәлім еді. Тек сол күні түнде дәрігер келіп кеткеннен кейін 
ғана қыз әлсіреп басын көтерді. Бас жағындағы өзін бағып отырғандарға көз 
салды. Екеуі де көрші ауданның басшы азаматтары сияқты. 
— Өзіңнің көңіліңді де сұрай келдік, — дегендеріне Лөйлә масайрап, 
өңі қашқан жүзіне қызғылт рең жүгіріп, көзін жерге салды. Осы келіп 
отырған екеуден қыз жақсылықтың нышанын күтіп, сөздің аяғын бақты. 
— Қарағым Ләйлә, сенің де көрген қасіретің аз емес. — Жаңағы сөз 
бастаған күмілжіп отырып қалды да: — Ертең біздің ауданда қаралы жиын 
өтпек. Өзің сияқты балаларды өткенде қала жаққа алып кеткен. Содан әлі 
күнге дейін хабар жоқ. Енді, міне, көзге көрінер өзің қалған екенсің. Ертең 
өтетін қаралы жиынға өзіңді қолға ұстап көтеріп шықсақ, деген ой келіп еді. 
Сол-ақ екен, қыздың құлағы шулап, басы айналып кетті. 
— Алапат күннің белгісі ретінде, ел басына қатер тұнған күннің белгісі 
ретінде. Иә... иә, әйтеуір жақсылықтың емес, жамандықтың тек 
жамандықтың белгісімін. О, құдай... 
— Ал, Ләйлә, жолға жиналсақ... 
Қыз талықсып барып көзін ашты. Бұл жолы әлгібір ағыл-тегіл болып, 
жанарына толып кететін жас көрінбеді. Бірақ әлсін-әлсін өкси берді. 
Жамандықтың белгісі болғым келмейді. Мені аяңдаршы. Мен ел көзіне оғаш, 
мүгедек болғаныммен, жаксылықты ғана аңсаймын. Мен тек жақсылықты... 
Отырғандар түнеріп, үнсіз қалды. Қыздың онсыз да үзілгелі тұрған нәзік 
жанын ешкім түсіне алмады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет