kitapzharys.online
Меңіреу қалпы, дел-сал болып мүлгіген жым-жырт түнді
бетке алып,
терең сайға шыққан Ләйлә-қыздың жолында қара жамылған әлде бір бейне
қараңдап, сусып барады. «Жапан түзде жүрген неғылған жан?» — дейді қыз-
көңіл алабұртып. «Мен адамдар әулетінің рухымын», дейді бейтаныс үрейлі
үн сонау алыс бір жақтан дауыс салып. Терең сайға бет алған Ләйлә-қыз бұл
сәтте беймезгіл рух тұрмақ, адамзат қасиетінің өзіне де сенуден қалған. Тек
қана осындай меңіреу түнді, сол түнмен аймаласып,
толыңсып тұратын
қияқтай әдемі Айды сырлас еткен. Көкірегін кеулеген мұң-арызын осы
арада, терең сайда сыбырлайтын. Дөп-дөңгелек Ай толықсып, сүттей аппақ
көркімен қара жамылған Қарауылға сән беретін. Кейде үңіліп қарап қалған
кіп-кішкентай
Ләйла-қызбен, быт-шыл болып айырылып жатқан
Қарауылдың жеріне есіркей қадалатын. Біресе осы түнді де,
кішкентай
ауылды да менсінбей қиғаштай шалқайып керіліп жатып алатын. Бәлкім,
сонда үңірейіп, ойылып жатқан жаралы жерге қарап: «Апыр-ай, сенде
шынымен-ақ қасиет қалмаған ба? Тозған шүберектей
осынша жырым-
жырым болдып, не күн туды? Түн ішінде сайға келіп,
жасырынған мынау
неғылған жан? Он алтыдағы бойжеткен қыздың кейпі ме? Сорлы-ау мәңгі
бақи бала кейіпте қалуыңа не себеп болған, бұл азаптың қай түрі?» — деп
бұлардың өздеріне кінә артып тұра ма? Әлде
Қарауылдың жеріндегі бар
сойқанды сезіп, әлдекімдерге көктен аңырап, қарғыс айта ма, әйтеуір,
жанындағы жұқалтаң бұлттарға екі бүйрегін кезек тіреп алып,
зарлап
тұрғандай көрінеді. Ләйла Айға қараған қалпы, қалғып бара жатыр екен, селт
етіп, көзін ашты. Жанарынан үзілген бір тамшы жас дір етіп, иегіне құлады.
«О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені. Мен күнәсіз қыз боламын. Сезімім бүтін,
ақылым дұрыс. Бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай
жүрегім кек пен қасіретке толы. Мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам
емес адам пейілін тәубаға түсіретін мүгедекпін. Қарауылдың адамдары мені
көрген сайын: «Мұны Алла тағала адамдар тәубасына келсін, қол-аяғының
саулығына, он екі мүшесінің дін амандығына шүкір етсін деп жаратқан» —
дейді. Солай ма, жарық Ай. Мен саған ғана, сенің өзіңе ғана сенемін. Тым
болмағанда үмітімді сен ақтарсың. Сонда, бұл жұрт нені айтады? Мен
кіммін, осы? Мәңгілік пе? Шынымен-ақ мәңгілік
өспей қалған бала кейіп
пе?». Ләйлә-қыз сөйлеп отыр. Мылқау Ай дөңгелеп алыстап барады.
Ләйләны да, жерді де аймалап барады. «Өз жасыма лайық қыз болғым келеді.
Иә... иә... Менің де әп- әдемі, нәп-нәзік қыз болғым ке...л...е...ді...», — Ләйлә,
жаңағы өзі жасырынып отырған қап-қараңғы терең сайдан жүгіріп шықты.
Жасаурап, үкідей қадалған қыз көзіне сұп-сұлу, аппақ. Ай үрке қашып бара