Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 161
-
кейс әдісін қолдану нақты білім алуға ғана емес, сонымен қатар
құзыреттіліктерін,
ақыл-ой
әрекетінің
дағдыларын,
практикалық
дағдыларын
қалыптастыруға, тұлғаның қабілеттерін дамытуға бағытталған;
-
кейс әдісін қолдану болашақ маманның әртүрлі жағдайларда ӛзін оңтайлы
ұстау қабілетін дамытуға ықпал етеді, қоғамдық, кәсіби және ӛмірдің басқа
салаларындағы үздіксіз ӛзгерістер жағдайында іс-әрекеттердің жүйелілігі мен
тиімділігімен ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - мектеп физикасының «Молекула-
кинетикалық теорияның негіздері» тарауын оқытуда саsе-studу әдісін қолдану арқылы
оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруды теориялық негiздеу және
құрастырылған кейстерді әдістемелік нұсқау ретінде ұсыну.
Мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылған:
-
физиканы оқытудасаsе-studу әдісін қолданудың теориялық негiздерін
айқындау;
-
мектеп физикасының «Молекула-кинетикалық теорияның негіздері»
тарауыноқытуда оқушылардың саsе-studу әдісі арқылы практикалық дағдыларын
қалыптастыру ерекшелiктерiн кӛрсету;
-
саsе-studу әдісін қолданып, оқытудың тиiмдiлiгiн тәжiрибелiк-эксперимент
жүзiнде тексеру.
Мектеп физика курсын оқытуда жаңа технологиялардың ішінде саsе-studу әдісін
қолданудың теориялық негіздері нақтыланды. Мектеп физикасының «Молекула-
кинетикалық теорияның негіздері» тақырыбыноқытуда оқушылардың саsе-studу әдісі
арқылы практикалық дағдыларын қалыптастыруерекшеліктері кӛрсетілді. Зерттеу
нәтижелерін мектепте мұғалімдердің физиканы оқытуда және осы бағытта жүргізілетін
ғылыми ізденіс жұмыстарына әдістемелік нұсқау ретінде қолдануға болады. Физиканы
саsе-studу әдісін қолдану арқылы оқытудың тиiмдiлiгiнің артуы тәжiрибелiк-эксперимент
жүзiнде дәлелденді.
Зерттеу базасы ретінде Түркістан облысы Түркістан қаласының Н.Оңдасынов
атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 10-
сынып оқушылары
таңдалынып алынды.
Тәжірибелік-эксперимент жасалынған
әдістемелік жүйе негізінде оқытудың тиімділігіне бақылау жүргізілді. Тәжірибе
қорытындысында эксперименттік топтардың «Молекула-кинетикалық теорияның
негіздері» тарауы бойынша оқушылардың практикалық дағдыларының бастапқы және
соңғы деңгейлерін салыстыру арқылы сандық және сапалық талдау нәтижелеріне
қорытынды жасау жұмыстары орындалды.
«Молекула-кинетикалық
теорияның
негіздері»
тарауын
оқытуда
АКТпайдаланылды Оның ішінде «Молекула-кинетикалық теорияның негіздері» тарауына
арналған« Открытая физика» және «Thеrmоdinаmiса» қолданбалы бағдарламалары
қолданылды. Экспериментті ӛткізуге негізге алған тарау «Молекула-кинетикалық
теорияның негіздері» болғандықтан АКТ-ны қолдану молекулалардыңкомпьютерлік
модельдерін және онда ӛтетін процесстерді демонстрация түрінде кӛруге мүмкіндік
береді.
Қазіргі кезде физиканы оқытуда қолданылып жүрген озық әдістің бірісаsе-studу
әдісі. Кейс әдісі- бұл оқушының сабақта алған білімдерін қайталап айтып беру немесе
мұғалімнің тақырып бойынша сұрағына жауап беру емес, бұл алған теориялық білімдерін
іс жүзінде қолдануға мәжбүр ететін жағдайды талдау. Жалпы, кейс әдісі оқушыларды
проблемалық жағдайдың дұрыс шешімін табуға үйрету, алған теориялық білімдерін
практикалық түрде шешу, яғни практикалық дағдыларын қалыптастыруға арналған әдіс.
Н. Павельеваның пікірінше [7], бүгінгі күні кейс-стади әдісі білім беру процессінде
жетекші орынды жеңіп алды, оқушыларды типтік мәселелерді шешу дағдыларына