Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика:
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл
160
ГРНТИ 29.29.01
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА САSЕ-STUDУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МУХАМЕДОВА ДИЛНУРА ЭЛЬМУРАТҚЫЗЫ
САРЫБАЕВА ӘЛИЯ ХОЖАНҚЫЗЫ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-тҥрік университеті
Физиканы оқытуда білім алушылардың саsе-studу әдісі бойынша практикалық
дағдыларын қалыптастыру – кейсте берiлген проблеманың ӛмiрдегiмен салыстырғанда
деңгейiнiң күрделi емес болуы,
теорияның, әдiстiң және қағидалардың iс жүзiнде
қолданылуына мүмкiндiк бередi.
Саsеәдiсi шет елдерде экономикаға және бизнескеоқытуда кеңiнен қолданылады.
Бұл әдiсХХ ғасырдаАҚШ-тағы Гарвард университетiнiң Бизнес мектебiнде, сол кездегi
заңгерлердi даярлау технологиясынан алынып қолданыла бастады. Мұндаерекше кӛңiл
аударылатын нәрсебілім алушылардың практикалық материалды ӛз беттерiншезерттеу
жұмысына берiлдi. 1910 жылы профессор Копленд бизнес ӛмiрiнен алынған жағдайларды
зерттеуде пiкiрталасты қолданды. Ал 1921 жылы нақты
жағдайлардыңбірінші жинағы
жарыққа шықты. Мiнесол кезден бастап Гарвард бизнес мектебi нақты жағдайлар әдiсiнiң
негiзінқалаушысы болып табылады [1].
Шетел ғалымдары сандық технологиялар мен мобильді білім беру
қосымшаларының ерекшеліктеріне негізделген жаратылыстану ғылымдары үшін оқыту
тәжірибесінде саsе-studу әдісінің маңыздылығын кӛрсетті [2].
Орыс зерттеушілері ӛз еңбектерінде кейс-стади технологиясының білім беру
әлеуетін феноменологиялық және типологиялық талдау нәтижелерінкӛрсеткен. «Кейс-
стади технологиясының білім беру әлеуеті»
анықтамасы берілген, оның негізгі
сипаттамалары қарым-қатынас пен бірлескен іс-әрекет сапасы, білім
беру
бастамаларының сыртқы түрі, оқу үдерісіндегі қатысушылардың бағытының ӛзгеруі,
ынтымақтастықта «ұжымдық субъектінің» қалыптасуында ӛзгереді.
Кейс-стади
технологиясын қолдану мен оқу үдерісіне қатысушылардың бірлескен іс-әрекетке қатысу
сапасы мен білім беру (пәндік) нәтижелердің сапасына тәуелділікті кӛрсетті [3].
Ресей ғалымдары еңбектерінде кейс технологиясы кәсіби маңызды есептерді
құруды кӛздейтіндігі және пәннің жеке тақырыптарын зерттеуде қолданылатындығы
туралы қарастырылған. Кейс технологиясының мәні мен құрылымы, ондағы ситуациялық
тапсырманың орны, ситуациялық тапсырманы құрастыру әдістері жан-жақты
қарастырылады.
Дегенмен, кейс технологиясының кәсіби бағдарына қарамастан, бұл
еңбектер физика бӛлімдерін зерделеу кезінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін
қалыптастырудағы кейс технологиясының рӛлі жүзеге асу мүмкіндігін ашпайды [4-6].
Кейс-стадиді пайдалану кезінде оқу процесінде белгілі бір қиындықтар туындайды
деп айту қажет. Ең алдымен, олар оқытушылардың әдістің әдіснамалық
негізінде беттік
қарым-қатынасымен байланысты. Кейс-стади әдісін қолдану арқылы оқу процесіне
«ӛмірдің мысалдары» деп аталатын «жалған» жағдайларды енгізу, ал білім беру
пікірталасы «ӛмір туралы» әңгімемен алмастырылады.
Сонымен қатар, кейс-стади әдісі
оқытушының кәсіби құзыреттілігін арттырудың нақты құралы бола алады. Осыған
байланысты сабақтарда кейс-стади әдісін пайдаланатын оқытушы кейстер қалай
құрастырылатынын және оларға қандай талаптар қойылатынын білу қажет.
Қазақстанда білім беру тәжірибесіне саsе-studу әдісін енгізу қазіргі уақытта ӛте
ӛзекті. Ол екі мәселені шешумен айналысады және басқа әдістерден ерекшеленеді: