Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет218/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
201 
арқылы қол жеткізуге болады. Білім беру сапасын арттыру үшін ынталандырушы орта 
құратын тиімді бағалау жүйесін құру үшінмынадай негізгі шарттар қамтамасыз етілді: 
Б.Блумның таксономиялық тәсіліне сәйкес – білім деңгейінен бағалау деңгейіне 
дейін және оқыту мақсаттарының жүйесін іске асыратын нақты күтілетін нәтижелерге 
бағдарланған стандарт пен оқу бағдарламалары әзірленді (білім деңгейлерінің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарттарын, пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары бойынша). 
Білім беру ұйымдарында оқушылардың оқу жетістіктеріне критериалды бағалау 
жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.Бұл бірыңғай 
стандарттарды әзірлеуге, неғұрлым нақты ресімделген тетіктерді жасауға, барлық 
рәсімдерді үйлестіруді және іске асыруды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.(бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске 
асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, 
аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын қараңыз: 3-тарау. 
Орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне 
ағымдағы бақылау жүргізу тәртібі) 
Бағалау жүйесін енгізу және үйлестіру кезінде басқару мен есеп берудің ұйымдық 
құрылымын айқындайтын ұйым қамтамасыз етілді. Бағалау процесіне тұрақты 
мониторинг жүргізіліп, бағалау жүйесінің тиімділігін зерттеу, бағалау процесіне 
қатысушылардың 
пікірлерін 
зерделеу 
мәселелері 
қарастырылды.Кӛптеген 
ұйымдастырушылық және басқарушылық функцияларды жүзеге асыру аймақтық және 
мектептегі критериалды бағалау үйлестірушілеріне жүктелді (аймақтық және мектеп 
үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау нұсқаулығы бойынша). Ӛңірлік 
үйлестірушілер аудандық немесе қалалық білім бӛлімдерінің әдіскерлерінен, мектеп 
үйлестірушілері – жалпы білім беретін мектептер директорларының орынбасарларынан 
айқындалады. 
Бағалау бойынша үйлестірушілердің міндеттерінің бірі озық тәжірибені зерделеуге, 
талдауға және енгізуге бағдарланатын педагогтердің кәсіби қоғамдастығын дамыту болып 
табылады. 
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету: критериалды бағалау бойынша оқу- 
әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды әзірлеу, мұғалімдерді бағалау практикасын 
стандарттау және дамыту мақсатында бағалау құралдарының үлгілері бар жинақтарды 
мұғалімдерге ұсыну (формативті бағалау тапсырмаларының жинақтарын, пәндер 
бойынша жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдары бойынша). 
Ақпараттық қамтамасыз ету: білім беру процесінің барлық қатысушыларының 
рәсімдері мен онлайн ӛзара іс-қимылын цифрландыру үшін автоматтандырылған ортаны 
әзірлеу бойынша IT-шешімдер: электрондық журнал және күнделік, тапсырмалар банкі, 
пікірталас алаңдары, Орталық мұрағат және т. б.Бұл әр оқушының жеке траекториясын 
құру арқылы бағалауды жекелендіруге мүмкіндік береді. 
Кадрлық қамтамасыз ету: бағалау жүйесін іске асыру мәселелері бойынша педагог 
қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыру. 
Психологиялық-педагогикалық кеңес беру: оқушылардың белсенділігін, қатысуын 
және оқу нәтижелері үшін жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ мектептердің ата-аналар 
қауымдастығымен ынтымақтастығы үшін қолайлы орта құру. 
Критериалды бағалау жүйесі осы шарттар негізінде үздіксіз, ашық және қолжетімді 
жүргізіліп жатыр. 
Біздің мақсатымыз студенттерді критериалды бағалау жүйесіне дайындау. 3 курста 
«Білім берудегі бағалаудың ӛлшемдік технологиялары» пәні жүргізіледі. Оған 5 кредит 
бӛлінген. Білім алушылар критериалды бағалау жүйесінің құрылымы мен мазмұнын оқып 
үйренеді. Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың мақсаттары мен 
міндеттерін білді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет