Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет219/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
202 
Қалыптастырушы бағалау теориясы аясында оқушыларды қолдау үдерісінің негізі 
тӛмендегідей үш сұрақтан тұратының: «оқушылар оқудың қай сатысында тұр?», «ӛз 
оқуында олар қайда ұмтылады?» және «соған жету үшін оларға қандай кӛмек кӛрсету 
қажет?» және бұл сұрақтар оқудағы үш қатысушымен тікелей байланысатының мұғалім, 
сыныптас және оқушыекенін түсінді.(Уильям және Томсон, 2007). 
Оқушылардың оқу нәтижелерін тиімді және стандартталған бағалау үшін оқу 
мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге сәйкес критерийлер мен сараланған тапсырмалар 
әзірленеді. 
Тиімді оқыту үшін технологияларды пайдаланып оқытудың әдіс – тәсілдерін 
меңгерді. Соған сәйкес оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін және оларды оқушыларға 
ұсыну керектігін, мұғалім мен оқушылар арасындағы кері байланыс жасау оқу 
жетістігінің дамуына, ӛсуінесептігін тигізетінін білді. Топтық жұмысты ұйымдастыру, 
оны бағалау, топтық жұмыс барысында ӛзін – ӛзі бағалауды, портфолионы бағалау және 
түрлерін практикалық сабақта ӛздері жасап орындады.Бұл тәжірибелер студенттер 
практикаға барғанда және оқуды бітіріп мектепке мұғалім болып барғанда үлкен септігін 
тигізеді. 
Критериалды бағалау жүйесінің әдістемесі педагогикалық ӛлшемдер саласындағы 
қолданыстағы трендтермен ғана емес, сонымен қатар еліміздің әлеуметтік-мәдени 
дамуының ерекшеліктерін ескеретін бағалаудың жаңа стандарттары мен тетіктерін 
жасауға мүмкіндік береді.Мұндай бағалау құралдары білім деңгейін ғана емес, сонымен 
қатар оқушылардың жоғары деңгейдегі білім мен ойлау дағдыларын қолдану қабілетін 
анықтауға: талдау, синтез, бағалауға мүмкіндік береді. 
Жабық және ашық типтегі тапсырмалардың жаңа форматы оқу мақсаттары мен 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты қарапайымнан күрделіге дейін 
қиындатып оларды сабақтарда қолдануға мүмкіндік береді.Критерийлерді ойлау 
дағдыларының үш тобына бӛлу (оқу материалын білу және түсіну; білік және 
оқушылардың білімді қолдану дағдылары; оқушылардың білімі мен тәжірибесіне қарай 
талдау, синтездеу және бағалау дағдылары) оқуды саралауға, сыныптағы оқушылардың 
оқу материалын меңгеру деңгейін тиімді бақылауға және басқаруға негіз болады. 
Бӛлім бойынша жиынтық бағалау кезіндегі барлық тапсырмалар дескрипторларға 
(тапсырманың орындалу барысының қадамдық сипаттамасына) сәйкес немесе тоқсанға 
жиынтық бағалау кезінде – балл қою схемасына сәйкес тексеріледі.Бұл жағдайда 
дескрипторлар немесе балл қою схемалары мұғалімге әр оқушыға қатысты объективті 
шешім қабылдауға кӛмектеседі. 
Пән бойынша әдістемелік бірлестік жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша 
кезеңдерді, әдістерді, бақылау тапсырмаларын кӛрсете отырып, оқу жылына арналған 
жиынтық бағалау жоспарын жасайды.Бұл кестені анықтауға және оқушыларға жүктемені 
ұтымды бӛлуге мүмкіндік береді. 
Критериалды бағалау оқушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпарат 
беруге мүмкіндік береді.Ол оқушыларды ынталандыруға және олардың ілгерілеуі үшін 
оқу процесіне үнемі кӛмектесуге бағытталған.Бағалаудың сараланған критерийлері мен 
стандарттарын, сенімділікті, жарамдылықты, объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз 
ету тетіктерін жасау бағалау рәсімдерінің сапасын арттырады, халықаралық стандарттар 
мен әрбір оқушының оқу қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді. 
Критериалды бағалаудың жаңа жүйесі үздік қазақстандық және халықаралық 
тәжірибені біріктіріп, білім беру сапасын арттыруда нақты артықшылықтарға қол 
жеткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, дұрыс орналастырылған басымдықтар мен 
критериалды бағалау жүйесінің нақты әдістемесі мыналарға мүмкіндік берді: 

оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және сенімді бағалауға қол жеткізу; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет