Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 206
ақпаратпен жұмыс істей білуі керек: оны табу, қажеттіден қажетсізді ажырату, фактілерді
тексеру, талдау, жалпылау және – ең маңыздысы – ӛз тәжірибесіне кӛшу. Мұндай дағды
тек бір пәнді ғана оқу аясында емес, барлық пәндерде қалыптасады. Ақпаратты түсіну
және болашақта не үшін қажет екенін түсіну мектеп пәндерінің әрқайсысында маңызды:
математика, қоршаған әлем және т.б.
Қазіргі таңдағы еліміздегі ӛзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық
бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім
беруге қойылатын талаптарды түбегейлі ӛзгертті. Білім берудің жаңа үлгісін ендіру
тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге басты назар аударылуда. Әлем тәжірибесіне
сүйене отырып PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы құрылды. Ең алғашқы PISA
(Programme for International Student Assessment) халықаралық зерттеулері 2000 жылы
ӛткізілді, оған 32 мемлекет қатысты.
2003 жылы - 43 мемлекет;
2006 жылы - 57 мемлекет;
2009 жылы - 65 мемлекет;
2012 жылы - 65 мемлекет зерттеуге қатысты.
Ал 2015 жылы 70 - ке жуық мемлекет осы халықаралық зерттеулеріне қатысуға шешім
қабылдады.
PISA бағдарламасының мақсаты: 15 жастағы оқушылардың ғылыми жаратылыстану және оқу сауаттылық деңгейін
бағалау.
Оқушылардың мектепте алған білімдері мен тәжірибелерін ӛмірде қолдана ала
ма?- деген сұраққа жауап іздеу. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш
бағыт бойынша жүзеге асырылады: математикалық сауаттылық, жаратылыстану
сауаттылығы, оқу сауаттылығы.
2009 жылы PISA (Programme for International Student Assessment) халықаралық
бағдарламасы зерттеулердің нәтижесі бойынша бағдарламаға қатысқан 65елдің ішінен
біздің оқушылар математикалық функционалдық сауаттылғынан 53-орын, жаратылыстану
ғылыми сауаттылығына 58-орын, оқу сауаттылығынан 59-і орын алды.
Бұдан, Қазақстанның PISA қатысуының нәтижелері еліміздегі жалпы білім беру
мектептерінің педагогтары жоғары деңгейде пәндік білім береді, бірақ ӛмірлік
жағдайларда оларды қолдануға жеткілікті түрде үйретпейтіндері кӛрсетті.
Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған
азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік
-шығармашылық тұрғыда ойлау
-шешім қабылдай алу
-ӛз кәсібін дұрыс таңдай алу
-ӛмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, ӛмірге талпынысы,
қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір
тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.