Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 243
–
сонан кейін, балаға карточкада берілген бірінші тапсырманың материалдары
беріледі;
–
бірінші тапсырманы орындап болған кезде, мұғалім тапсырманың карточкаларын
жинауға кӛмектесіп, келесі карточканы ұсынады;
–
бұдан кейін, мұғалім келесі тапсырманың материалдарын ұсынады. Осылайша әрі
қарай жалғастырылады.
Сабақта визуалдық сабақ кестесін қолдану оқу әрекетін құрастыруға кӛмектеседі.
Бұл аутист балаға, болып жатқан жағдайларды дұрыс түсінуге, берілген тапсырмаларды
тұрақты негізінде орындауға және бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке кӛшкенде
серіктестендіру тәсілдері кӛмектеседі.
Прайминг – оқыту стратегияларының бірі, ол баланы инклюзивті ортада күрделі
проблемалық жағдайларға дайындау. Прайминг ол алдын-ала қажетті
қабілеттерге үйрету. Мысалы, тәрбиеші ертегі оқығанда бала топтық сабақта
қиындықтарға кездессе, бала белсенді болу үшін және сюжетті ойынға қатысу үшін
немесе топпен бірге әрекеттену үшін бұл ертегіні күнде жеке сабақта оқуға болады.
Қазіргі кезде балалар аутизмі бар балалар психологиясы коррекциялық-педагогика
саласында жүрген мамандардың ең ӛзекті мәселелерінің бірі болып саналуда. Соңғы
алынған мәліметтер бойынша аутизм дертіндегі балалар және әлеуметтік тұрғыда
дамуында кемшіліктері бар балалар тобы кӛптеп кездесуде. Бүгінгі күні осы бала
аутизіміндегі балалар саны жыл сайын ӛсіп отыр. Аутизм бар балалардың ӛсу үрдісін
оларға ерте жастан дер кезінде түзету кӛмегін кӛрсетуіміз тиic.Инклюзивті оқыту – соның
ішінде аутизмі бар балаларды оқыту, олардың осы оқыту барысында ӛздерінің
мүмкіншіліктерін әлеуметтік тұрғыда пайдалана білуі басты мақсат болып саналады.
Аутизмі бар балаларды инклюзивті оқытып тәрбиелеу олардың болашақтағы қоғамда
алатын орнын анықтайтын бағыт.Аутизмі бар балаларды орта мектеп бағдарламасына
қамту, олардың басқа мектеп оқушыларымен тең кӛлемде білім алуына себебін тигізеді.
Ал үй жағдайында оқыту олар үшін қай жағынан да тиімсіз. Әлеуметтік оқшаулану,
ортамен кең кӛлемде байланыс болмауы олардың аутистік дамуын одан әрі күрделендіре
түседі.
Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру жағдайында психикалық
дамуы тежелген, ақыл-ойы кем, тірек-қимыл аппараты бұзылған, нашар еститін, нашар
кӛретін, аутист, бірақ оның ішінде оқуға қабілетті балалар оқуда. Мектептерде қалыпты
балалар мен ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың бірлесіп (интеграциялы түрде)
оқуын ұйымдастыру кезінде кері салдарлар туындауы мүмкіндігін азайту үшін,
инклюзивті білім беруге қажетті арнайы жағдайлар тізімін нақты белгілеп алу шарт. Бұл
тізім оқу үрдісін ұйымдастыруды, оқу мазмұны мен әдістемесін, балалардың үлгерімін
бағалауды және т.б. қамтуы тиіс. Интеграциялау ерекше білім алу қажеттіліктері бар әр
балаға жалпы білім беретін мектептерде және балабақшаларда тиімді жағдай жасауды
білдіреді, оқушыны, барлық қажетті жабдықтары, ал ең бастысы – жоғары кәсіби
мамандары бар, арнайы білім беру мекемесінен, оған бейімделмеген жалпы білім беретін
мектептер мен бала бақшаларға қарапайым ауыстырудың баланың мүмкіндіктері мен
ерекше қажеттіліктеріне сәйкес келетін біріктіруге ешқандай қатысы жоқ. Н.Н.
Малофеевтің ойынша, «жасанды түрде біріктіру кемсітудің жасырын түрі болып
табылады. Егер баланы, оның ерекше білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жағдайы
жоқ, жалпы білім беру жүйесіне жіберсе, оның сапалы білім алу құқығы, шындығында,
бұзылады. Бұл кезде баланың жағдайы жақсарудың орнына одан сайын нашарлай түседі»
[1].Сонымен, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті білім беру
жағдайында оқыту - оған жалпы білім беретін ұйымдарда білім алуға барлық құқықтар
мен шынайы мүмкіндіктерді беру үдерістері мен нәтижелері ғана емес, жалпы және
арнайы білім беру арасындағы тосқауылдарды жеңе отырып, олардың арасындағы