Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет270/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ӚЗДІГІНЕН БІЛІМ АЛУ ЖАҒДАЙЫНДА ӚЗІНДІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ 
ТӘЖІРИБЕСІ 
 
СУЛЕЙМЕНОВ КОРКЕМ КУРМАНБЕКОВИЧ 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің магистранты 
ИБРАЕВ ШЕРАЛЫ 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, 
ф-м.ғ.к. 
БЕГАЙДАРОВ МҦХТАР ТАЛҒАТҦЛЫ 
Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік 
мектебі математика пәні мҧғалімі 
 
2019-2020 оқу жылының тӛртінші соңғы оқу тоқсанында басталған онлайн оқыту 
жүйесі кезінде сабақ уақытының 20 минутқа қысқаруы әсерінен оқушылардың математика 
сабағында кӛлемді тақырыптарды толыққанды игере алмауы менің және әріптестерімнің 
тәжірибелерінде байқалуы бізді қынжылтты. Бұл қиындық 2020-2021 оқу жылында да 
байқалды. Біріншіден, уақыттың жетіспеушілігінен оқушылардың есеп шығару дағдылары 
толыққанды қалыптаспағандығы кӛрініс тапты. Екіншіден, оқушылардың үй жұмысын 
тексеру барысында ӛтілген материалды толық игере алмағандығы да байқалды. 
Үшіншіден, бӛлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижесінен кейбір 
оқушылардың қолдану дағдысы деңгейінің тӛмендегені анықталды. Осы мәселелердің 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
253 
негізінде, аталған қиындықтарды шешуде және оқушылардың ӛздігінен білім алуы 
арқылы оқу материалын игерудегі жауапкершілігін арттыру мақсатында 2020-2021 оқу 
жылында ортақ кәсіби даму мақсатымыз «Қашықтан оқыту технологиясы арқылы 
оқушылардың ӛздігінен білім алу жағдайында ӛзіндік қабілеттерін жетілдіру, дамыту» деп 
алу жӛн кӛрінілді. 
Онлайн оқыту кезінде 8-Х сыныбы оқушыларының білім деңгейлерінің 
кӛрсеткіштері тӛмендегені байқалды. Сол себепті осы сыныпты зерттеу сыныбы ретінде 
таңдалды. Сыныпта математиканы меңгеруі А деңгейлі 4, В деңгейлі 6, С деңгейлі 2 
оқушы бар екені анықталған болатын. 
Зерттеу тақырыбы аясында Lesson Study зерттеу тобы құрылды. Таңдалған кәсіби 
даму мақсаттан туындаған «Қашықтан оқыту технологиясы арқылы оқушылардың 
ӛздігінен білім алу дағдысымен ӛзіндік қабілеттерін қаншалықты жетілдіруге болады?» 
деген зерттеу сұрағы таңдалды. Зерттеу сұрағы аясында тізбектелген сабақтар 
жоспарланып ӛткізілді және бақыланды. Трапецияның ауданының формуласын есептер 
шығаруда қолдану» сабақтың оқу мақсаты ретінде таңдалды. Сабақты бірлесе 
жоспарлауда оқушылардың уақыттың жетіспеушілігінен есепті шығарып үлгермеуі, 
қолдану дағдылары толыққанды қалыптаспағандығы басты қиындық болғандықтан, үйде 
сабақтың алдында қашықтан оқыту технологиясы арқылы трапецияның ауданының 
формулаларын ӛздігінен қорытып шығару үшін Edpuzzle платформасында бейне үзінділер 
және интерактивті ресурстармен жұмыс жасату жоспарланды. W әріптесім бұл жұмыстың 
артықшылығы ретінде, ӛздігінен орындау арқылы С деңгейлі оқушының қадамдар арқылы 
жаңа материалды игеретіні, В деңгейлі оқушылардың есеп шығару дағдысы, А деңгейлі 
оқушының дарындылық қабілеті дамитындығын айтып ӛтті, себебі алдыңғы ӛтілген 
сабақтарда трапеция ұғымы, оның элементтері, түрлері мен қасиеттері қарастырылған. V 
әріптесімнің айтуынша, оқушылар трапецияның ауданын табу формуласын ӛздігінен 
қорытып шығаруы қиындықтар туындатады. Бірақ, мен оның ойымен келіспедім, себебі 
оқушыларда тең құрамдас, тең шамалас фигуралардың аудандарын есептеу дағдылары 
қалыптасқан. Нәтижесінде трапецияның ауданының формулаларын қорытып шығаруға 
бағытталған кӛпірше тапсырмалар құрастырылып, оқушыларға ұсыну кӛзделді. 
V әріптестімнің ұсынысы бойынша, Edpuzzle платформасында жұмыс жасаған соң, 
алған білімін бекіту мақсатында тізбектелген 10 тапсырманы qazmath.net сайтында жасату 
ұйғарылды. Осы арқылы А деңгейлі оқушының жұмысты толықтай орындап, барлық 10 
сұраққа жауап беретіні, В деңгейлі оқушы формуланы қорыта алғанымен, 7/10 сұрақтарға 
дұрыс жауап беретіні болжанды. Ал С деңгейлі оқушы формуланы қорытып шығаруда 
қиналатындығы және 5/10 сұраққа жауап беретіндігі күтілді. Сабақ барысында 
оқушылардың нәтижелерін талдап, кері байланыс беру үшін лайықты критерийлер 
құрылды. 
Жоспарлау барысында тӛңкерілген оқыту технологиясы аясында жинақталған 
оқушы дағдысын дамыту үшін сабақта қолданылатын тиімді әдістер, ресурстардың 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай таңдалуын талқыладық. 
Әріптесіміз оқушылардың үй жағдайында ӛз бетінше жасаған жұмысының 
нәтижесін жетілдіру үшін топтық жұмыс жасатуды ұсынды. Нәтижесінде, бірлескен 
зерттеу тобымен онлайн сабақтың бастапқы кезеңінде жұмыс формасын топтық жұмыс 
ретінде алуға шешім қабылданды, себебі топтық жұмыста зерттеушілікпен айналысуға, 
ӛзара диалог құруға мүмкіндік туады. Оқушылардың қолдану дағдысын жоғарылату 
мақсатында «Топтас, ойлан, зертте» топтық әдісі арқылы құрылымдық тапсырмаларды 
conceptboard платформасында орындату жоспарланды. Әріптестермен ақылдаса келе, бұл 
тапсырмалар стандартты тапсырмаларға қарағанда жеңілден күрделіге қарай ауыса 
отырып, зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретіні болжанды. Топ мүшелерін сайлау және 
әрбір мүшесінің белсенділігін арттыру үшін қызметтерді бӛліп беру тиімді болады деп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет