Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 271
ГРНТИ 14.35.09
ЖОҒАРЫ СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ КОМБИНАТОРИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ МАЗМҦНЫ ЖӘНЕ КӚЛЕМІ ТОҚМҦРЗАЕВ АСЫЛХАН АБДРАХМАНҦЛЫ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті, Жаратылыстану институты, «Физика және математика» кафедрасының магистранты, Қызылорда, Қазақстан ИБРАЕВ ШЕРАЛЫ ШАПАТАЙҦЛЫ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің қауымдастырылған профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қызылорда, Қазақстан Комбинаторика – берілген жиынға жататын элементтерден белгілі бір шарттарды
сақтай отырып, қанша түрлі комбинациялар жасауға болатыны туралы сұрақтар
зерттелетін математиканың бӛлімі. Комбинаторлық әдістерді физика, химия, биология,
экономика, тағы басқа ғылымда қолдануға болады.Саны шектеулі элементтерден әртүрлі
комбинациялар құрастыруға және белгілі бір ереже бойынша құрастырылған барлық
мүмкін комбинациялар санын есептеуге тура келетін жағдайлар жиі кездесіп отырады.
Мұндай есептер комбинаторлық есептер, ал оларды шешумен шұғылданатын математика
бӛлімі комбинаторика деп аталады. Кӛптеген комбинаторлық есептерді шешу үшін
қосынды және кӛбейтінді ережелерін қолданады. Комбинаторика есептерін шешуде
қолданатын ӛзіндік заңдылықтар мен формулалар бар. Комбинаториканы қолданбай,
ықтималдыққа берілген кӛптеген тапсырмалардың элемантар оқиғаларын толық сипаттау
қиынға соғады. Сол себепті оқушыға комбинаториканың принциптері қолданылатын
тапсырмаларды нақты, жинақы, есте қалатындай етіп түсіндіру ӛте маңызды.
Қазіргі уақытта комбинаторика тақырыбы мектепте қандай деңгейде оқытылып
жатқандағын анықтау мақсатында мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары арасында
сауалнама жұмысын жүргіздік. Бұл сауалнамаға 25 мұғалім және 153 оқушы қатысты.
Сауалнама нәтижесінде кӛп мәселелердің бар екені анықталды
1)
Оқулықтардағы комбинаторикалық тапсырмалардың аздығы
2)
9-10 сынып оқушылары комбинаторикаға берілген тапсырмаларды ажырата
алмайды
3)
Комбинаторика тақырыбына берілген есептерді шешуге мұғалімдердің аз
уақыт бӛлуі
Жоғарыда аталған мәселелердің алғагқысы оқулықтардағы комбинаторикалық
тапсырмалардың жетіспеушілігі. Келесі оқулықтарға талдаулар жасадым.
•
Ә.Н. Шыныбеков, Д.Ә. Шыныбеков, Р.Н. Жұмабаев Алгебра 9-сынып.
«Комбинаторика элементтері » бӛлімінде қосу және кӛбейтуге бар болғаны 6 тапсырма,
алмастыруға-9, орналастыруға-17, теруге-18, Ньютон биномына-4 тапсырма
•
Г.Н. Солтан, А.Е. Солтан, А.Ж. Жумадилова Алгебра 9-сынып. Қосу және
кӛбейтуге-14, алмастыруға-17, орналастыруға-16, теруге-21, Ньютон биномына-21
тапсырма және бӛлім соңында қайталауға арналған-20 тапсырма
•
А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова Алгебра
9-сынып. Қосу және кӛбейтуге-14, алмастыруға-4, орналастыруға-6, теруге-8, Ньютон
биномына-11 тапсырма және қосымша-13 тапсырма
•
Ә.Н. Шыныбеков, Д.Ә. Шыныбеков, Р.Н. Жұмабаев Алгебра және анализ
бастамалары 10-сынып. Қосу және кӛбейтуге тапсырма, алмастыруға-13, орналастыруға-8,
теруге-9, Ньютон биномына-16 тапсырма