Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет27/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

I Конституциялық басқару кезеңі
. 1878-1908 жылдар аралығын 
қамтитын XIX ғасыр соңы тілдік реформаны жаңа деңгейде жүзеге асыруға бел 
буған түріктердің ұлттық қозғалысының басталуымен сипатталады [95]. Бұл 
кезеңде нақты түрде араб тіліндегі терминдермен қатар таза түрікше терминдер 
де жасала бастады. Бастапқы кезеңде ағартушылық сипат басым болған
бұл 
қозғалыс құрамында «Yeni Osmanlılar» (жаңа османдықтар) ұйымының 
мүшелері және белгілі ағартушы, жазушы Намык Кемаль бастаған бірқатар 
зиялы топ болды. Империя тұтастығын тіл арқылы сақтау шараларын іздестіруді 
мақсат еткен реформалық қозғалыс толқыны өкілдері түрік тілінің дамуы, оның 
әдеби тіл дәрежесіне көтерілуі мен ағарту ісіне өз шығармашылығы арқылы зор 
үлес қосты.
1889 жылы Ыстанбұлда Түркияның шет аймақтарында конституциялық 
мемлекет құруды мақсат еткен «Birlik ve İlerleme Partisi»
(Бірлік және прогресс
партиясы) құрылды.
Сонымен қатар, ел экономикасын көтеру, реформалық шаралар жүргізу 
арқылы қоғамды жан-жақты жаңартуды көздеген, өздерін «Genç Türkler»
(жас 
түріктер) деп атаған қозғалыс туды. «Жас түріктер» қызметі XX ғасыр басында, 
Осман империясы әлсіреп, күйреу алдында тұрған кезеңде жандана түсті. Осман 
империясын оқшаулау мақсатында батыс державалардың Македонияны бөліп 
алмақ болған саясатына қарсы тұра алмаған сұлтан өкіметінің әлсіздігіне 
наразылық білдірген түрік әскери бөлімдері 1908 жылы шілдеде көтеріліске 


42 
шықты [96, б. 438]. Тарихшы-ғалымдар 
бұл 
көтерілісті 
«Жас 
түріктер 
төңкерісінің басы» деп бағалайды [97, б. 324]. Басқа аймақтардағы әскери 
бөлімдер де келіп, қосылған «Жас түріктер» қозғалысының қысымынан 
қорыққан сұлтан 1908 жылғы шілденің 24-нде 1876 жылғы конституцияны 
қалпына келтіріп, парламентті жинауға мәжбүр болды [98, б. 128]. Соның 
арқасында, жаңа парламентте басымдыққа ие болып, жеңіске жеткен және елдің 
әскери күшіне сүйенген «Жас түріктер» шын мәнінде елде өз билігін орнатып, 
1909 жылы II Абдул Хамит сұлтанды тақтан тайдырды. V 
Мехмедті 
жаңа 
сұлтан сайлаған «Жас түріктер» 1908 жылы Осман империясында басқарудың 
конституциялық нысанын орнатты. 
Түріктердің ұлттық ой-санасына ықпал етіп, оны оятқанына қарамастан, 
тарихшы-ғалымдардың пікірінше, «Жас түріктер төңкерісі» де Танзимат 
кезеңіндегідей, тіл реформасын жүзеге асыра алмады [99].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет