альдегид, альбумин, гербицид
т.б. терминдер арнайы түсіндіруді қажет
ететіндіктен, бұлардың мағынасы таңбасынан көрінбей, жасандылық сипатта
болады. Яғни, шетел сөздері де біз үшін тілдік емес таңба іспетті. Ал нағыз
таңбаның белгісі мен мәні арасында тарихи байланыс болмайтыны белгілі.
Демек, терминдердің қазақша баламалары, жаңа қолданыстар таныс сөздік
мағынамен ассоциативтік байланыста түзіледі деп тұжырымдауға болады. Оның
себебі – тілдік таңбаның танымдық деңгейдегі мазмұнды-ақпараттық
болмысында.
Профессор Б. Момынова тілдің когнитивті қызметінің мәнін былайша
ашады: «Когнитивтік лингвистикада тіл адамның когнитивтік қызметінің бір
түрі, когницияның құралы саналады. Адам тілдің көмегімен тілдік бірліктер
68
арқылы жинақталған информацияларды кодтайды немесе бейкодтайды
(декодирует). Өйткені ойлау құрылымдары өзімен өзі томаға тұйық өмір
сүрмейді, белгілі бір формасы бар таңбалар ретінде болмысқа айналады,
болмыстанады (материализацияланады). Тілдің осындай екі жақтылығы оны
адамның өзге когнитивтік іс-әрекетінен айрықшаландырып тұрады» – дейді [184,
Б. 125-126].
Қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарына сай зерттеулерде де «тіл – ойды
жарыққа шығаратын негізгі құрал», «тіл мен ой біртұтас ұғымдар» деген
құрылымдық лингвистикаға сәйкес қағида маңыздылығын жоймай, жалғасуда.
Себебі, тілдің ойды жарыққа шығарып жеткізу қызметі сол ойды қабылдаушы
(адам) тарапынан қабылдану тетіктері арқылы жүзеге асады. Мұның негізінде тіл
өзінің қоғамдағы қарым-қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметін
атқара алады. Тіл білімінде тіл мен ойлау біртұтастығы жөніндегі мәселелер
жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, қазіргі таңдағы тілді зерттеудің жаңа
бағыттарына нысан болуда. Соның нәтижесінде жаңа сөз жасау, сөз туу
құбылыстарында адамның өзі қолданбайтын, бұрын естімеген сөздерді түсінуі,
санаға әсер етуі тіл мен адам ойының, бұған дейінгі білімімен, бастапқы анық
және фондық мәліметтермен байланысы айқын көрінеді.
Психолингвист ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде анықталғандай,
адам бір мезгілде өзара байланыссыз жетіге жуық мәліметті ғана қабылдап, есте
сақтай алатындықтан, жаңа сөз жасау ісі бұрынғы сөздермен жүйелесе жасалады.
Сондықтан адам санасына айрықша әсер ете қабылдануы тілдің сөйлеу,
қабылдау кезіндегі адамның когнитивтік жүйесінің көрінісі екендігінде. Біздің
санамыз жаңа затты қабылдау кезінде оның мән-мағынасын анықтайды да, оны
өзіне ұқсас әсерлер қатарына орналастырады. Осы себепті атау жасау ісін тілдік
санада жаңғыру үдерісін іске асыратын когнитивтік талдау тұрғысынан қарау
маңызды болып отыр.
Себебі алынған мәлімет негізгі, тікелей хабарланған ой
арқылы ғана емес, когнитивтік әдіс арқылы хабарлаушы бірлікті талдау, қорыту
негізінде қалыптасады. Ал нәрсе мен атау бірегей қабылдану үшін жаңа мен ескі
мәліметтер байланыстылығы керек. Жаңа зат пен бұрынғы сөз бойынан алынып,
жаңа атауда өзара телінген белгілер (уәждер) кездейсоқ емес, адам санасымен
таңдалады. Бұған қазақ тіліндегі
тұсаукесер, кәдесый
және түрік тіліндегі
bilgisayar
(компьютер),
tarayıcı
(сканер) терминдері мысал бола алады.
Сайып келгенде, социум қарым-қатынасын іске асыратын тілдің
коммуникативтік қызметін ғана емес, оның мәдени қазынасын ұрпақтан ұрпаққа
жеткізетін кумулятивтік қызметін
тіл~мәдениет
сабақтастығында анықтау аса
маңызды.
Тіл қызметі мен сөз мәнін осы қағидаға сәйкес тіл иесі болмысымен
байланыстырып зерттеген В. Фон Гумбольдт, Э. Сепир, А.А. Потебня т.б.
классикалық еңбектері мен тілді шындықты бейнелейтін айнаға теңеген
В.А. Маслова, М.М. Копыленко, Ә. Қайдардың тұжырымдамалық қағидаларын,
зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негізі ретінде пайдаланып, сөзжасам
үдерісіндегі жаңару құбылысын түсіндіретін лингвокогнитивтік тетік немесе
әдіс деп санауға болады.
|