Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет43/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

 
 
 
Аналитикалық тәсіл 
 
айқұлақ, 
тосынсый, 
төсбелгі,
мерейтой,
жансақтау т.б. 
біріктіру: 
tüpbebek (ЭКО), 
güvenoyu (сенім кепілдігі), 
bilinçaltı (бейсана),
bilirkişi (сарапшы) т.б. 
көші-қон,
қуғын-сүргін,
іс-шара т.б. 
қосарлау: 
yönetmen-yazar (режиссер), 
eko-ürün (экоөнім), 
alış-veriş (шопинг) т.б. 
дабыл қондырғысы, 
дүбірлі дода, 
жаппай сатылым, 
ойын-сауық кешені, 
салауатты өмір салты 
т.б. 
тіркестіру: 
dış ters açı
(сыртқы бұрыш),
gösteri adamı (шоумен), 
havai fişek gösterisi 
(отшашу), 
yoğun bakım
(қарқынды терапия) т.б. 
ҚазМұнайГаз
(Қазақ мұнай және газ 
компаниясы), 
ҰБТ (Ұлттық бірыңғай 
тестілеу) т.б. 
қысқарту: 
TÖMER
(Türkçe Öğretim Merkezi), 
TÜBİTAK
(Türkiye Bilimsel ve 
Teknolojik Araştırma 
Kurumu) т.б. 


76 
2- кестенің жалғасы



Семантикалық тәсіл 
әулет, 
құн, 
қисын, 
кеңес т.б.
 
көнерген сөздерді 
жаңғырту 
önder (көшбасшы), 
ülkü (идеал), 
bağlam (мәнмәтін), 
onay (мақұлдау) т.б. 
тұсаукесер, 
беташар, 
кәдесый, 
мәжіліс,
арна т.б. 
мағынасының 
тарылуы 
және кеңеюі: 
çevre
(бұрын: маңай, 
қазір: қоршаған орта), 
yurt
(бұрын: үлкен шатыр,
қазір: отан, жатақхана), 
alan
(бұрын: жазық жер, қазір: 
алаң, сала), 
savcı
(бұрын: елші, пайғамбар, 
қазір: прокурор) т.б. 
егемен, 
ұжым, 
құжат, 
сусамыр т.б. 
аймақтық, 
сөйлеу тілінен 
сөз алу: 
çağdaş (заманауи), 
aydın (зиялы), 
danışman (кеңесші), 
sağlamak (қамтамасыз ету) 
т.б. 
қауым, 
беташар, 
кіреуке, 
шаһар т.б.
 
ауыз әдебиеті 
тілінен сөз алу: 
arı (пәк), 
tanık (куәгер), 
başkan (төраға), 
bölge (аймақ) т.б. 
мүмкіндігі шектеулі адам, 
қойылым,
жасыл дәліз,
сары басылым 
т.б. 
калькалау тәсілі 
telsiz (рация), 
beyinakım (утечка мозгов), 
gökdelen (көп қабатты үй), 
katma değer vergisi 
(қосылған құн салығы) т.б. 
Еуроодақ, 
автотұрақ, 
экоөнім, 
инфрақұрылым т.б. 
будандастыру тәсілі 
biyokütle (биомасса), 
başrol (басты рөл), 
otoyol (автомагистраль), 
cep telefon (ұялы телефон) 
т.б. 
шеттілдік сөздердің 
үлгісімен 
сөз жасау: 
ecole (франц.) → okul 
(мектеп), 
bulletin (франц.)→ belleten 
(бюллетень),


77 
2- кестенің жалғасы



image(франц.)→imge 
(бейне, көрініс), 
imge →simge (таңба) т.б. 
Кестеден көріп отырғанымыздай, туыстас қазақ және түрік тілінде 
сөзжасам тәсілдеріне көбінесе ортақ, бірдей сипат тән. Тек соңғы тармақта түрік 
тілінің шет тілге (көбінесе француз тіліне) әсіре еліктеушілігі байқалып тұр. 
Жаңа сөзжасамда шеттілдік сөздер үлгісімен айнытпай жаңа сөз жасау қазақ 
тілінде кездеспейді.
Жаңа сөздің қолданыс тауып, қабылдануы үшін оның белгілі бір саладағы 
кәсіби қызмет барысында қалыптасқан жаңа ұғым және танымдық сипатына 
байланысты оған қандай ой, не мағына жүктелгенін арнайы түсіндіру қажет 
болады. Мысалы, сөз тұлғасы өзгертілмей, мағынасын кеңейту арқылы жасалған 
жаңа сөздердің мағынасы денотаттық мағынасымен салыстырып, түсіндірілуі 
тиіс. Бұлайша түсіндіру, негізінен,
жаңа сөздердің танымдық уәжділікке сүйеніп 
жасалуы ұлттық терминология жүйесін қалыптастыруға, ғылыми ұғымдардың 
ұлттық тілдегі баламаларының сапасына тиімді ықпал етеді.
Қазақ халқының қай заманда болмасын, өмір сүрген ортасының тыныс-
тіршілігінен мағлұмат беретін, табиғатының байлығын, ұлтының ұлылығын 
танытатын, сұлулық пен сезімталдыққа деген құштарлығын, талғамын, кәсібін 
оның тілінен көруге болады (киім, тамақ, құрал, салт-дәстүр т.б. атаулары). Сол 
үрдіс қазіргі ғылым мен техника, экономика, интеллектілік кеңістік жайлаған 
жаһандану заманында да жаңа атаулар арқылы жалғасын табуда. Қазақ тілінің 
дүниетанымдық қызметі мен оның ұлт мүддесі үшін қызметі оны жеке ұлт тілі 
ретінде анықтайды. Сондықтан тіл мазмұнындағы ұлттық дүниетанымға сәйкес 
қасиеттерді, ұғымдарды тану, олардың қолданыс әлеуетін, тілдің қоғамдық-
әлеуметтік, танымдық-ақпараттық қызметін жан-жақты аша түсуге септігін 
тигізеді.
Осы бағыттағы зерттеулер салмағы, әсіресе, соңғы кезеңдерде басымырақ 
түсуде. Мұның негізгі себептері тілге тек имманенттік тұрғыдан ғана емес, оның 
қоғамдық-әлеуметтік 
сипаттағы 
коммуникативтік 
қызметімен 
тығыз 
байланысты кешенді де күрделі сипатына да мән берумен түсіндіріледі. 
Жаһандану заманындағы тіл қызметінің тек социолингвистикаға емес, 
макросоциолингвистикаға, сайып келгенде, заманауи тілдік жағдаятқа сай жаңа 
атаулар мен жаңа қолданыстар проблемасына тікелей қатысы күнделікті өмірде 
айқын көрініп отыр.
Мысалы, тәуелсіздік кезеңінің жаңа сипатына сай қоғамдық-әлеуметтік 
салада 
мәңгүрт 
сөзі терминдік сипат алды. Қазақ тілінің бір томдық үлкен 
түсіндірме сөздігінде 
мәңгүрт
сөзінің тура мағынасы: «Ақылы кем, есуас, 
жынды адам» деп берілсе, ал қоғамдық-саяси термин ретіндегі мағынасы: 
«Тарихи жадынан, тілі мен дінінен, ділінен айрылған ұлтсызданған адам» деп 
көрсетілген [197, б. 912].


78 
Ал саяси түсіндірме сөздікте 
мәңгүрттік 
ұғымы адамзатқа қауіпті 
құбылыстардың бірі ретінде 20 ғасырдың 80-жылдары көркем әдебиетте
Ә. Кекілбаев пен Ш. Айтматов тарапынан айналымға енгізіліп,
адам бойында 
ұлттық мәдениет пен құндылықтардың, адамгершілік қасиеттердің жойылуын 
білдіретін ұғым ретінде көрсетіледі [198]. 
Соның нәтижесінде 
мәңгүрт
сөзінің жаңа қолданысы арқылы көсемсөз бен 
БАҚ-та тарихи жадынан, тілі мен дінінен, ділінен айырылған, сана-сезімі мен 
болмыс бітімін, ұлттық келбетін жоғалтқан адамның медиабейнесі жасалды. 
Мысалы: 
Отанын сату, туған анасын өлтіру, елін қанау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет