104
ұлттық бейнесіне қатысты ассоциацияға негізделген жаңа атауларды
антропоөзектік жүйеде, когнитивтік, лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан
қарастырудың ғылыми-тәжірибелік қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты
қазіргі тіл ғылымында тілдегі әлем бейнесі ұғымы өзектеліп, әлемнің тілдегі
ұлттық бейнесі деген мәселе алға шықты.
Профессор А. Салқынбай сөзжасамды тарихи-мәдени байланыстылық
контексінде, танымдық сипатта бағалайды: «Әлем бейнесінің бүкіл көрінісі мен
қоғамдық сана қалыптастырған ұғымдарды бейнелейтін тіл – адамзат
танымының феномені. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, адамзат
дүниетанымын, ойлауды, сананы қалыптастырып, дамытуға қызмет ететін
күрделі құрылыс» [202, б. 3].
Жалпы алғанда, әлемнің тілдік бейнесі дегеніміз, ол – адамның өзін
қоршаған ортадағы құбылыстар, жағдайлар жайлы танымын тіл арқылы көрсету.
Өйткені адам шындықты қалай көріп, қалай қабылдаса, оның әлем туралы
түсінігі солай қалыптасады. Соның нәтижесінде тілдегі әлем бейнесі – адамзат
санасы мен ойлау қызметі арқылы пайда болған, бір тілде сөйлеуші адамдар үшін
шындық пен ақиқаттың дағдылы, қалыптасқан көрінісі. Халық сана-сезімінің,
көзқарасының өзгеруі тіл арқылы бейнеленген әлем бейнесіне де әсерін тигізеді.
Яғни кеңістік пен уақытқа байланысты қалыптасатын біртұтас ұлттық
дүниетаным әлемнің ұлттық бейнесін құрайды. Ал оның тілдік санада тіл иесі
танымы негізінде тіл арқылы таңбалануы әлемнің тілдік бейнесін құрайды.
Сонымен, қазіргі таңда тіл білімінде адамның ойлау өрісімен және рухани-
әлеуметтік қызметімен байланысты антропоөзектік жүйесін анықтауға қатысты
когнитивті
лингвистика,
антрополингвистика,
лингвомәдениеттану,
психолингвистика сияқты жаңа бағыттар мен мәдениаралық коммуникация,
әлемнің тілдік бейнесі сияқты мәселелер
Достарыңызбен бөлісу: