109
коммуникативтік
позициялардың
қалыптасуын
қамтамасыз
ететін
тұжырымдамалық қасиеттердің нақты комбинаторларына да назар аударады.
Соның нәтижесінде шындықтың түрлі үзіктерінің концептуалдануының біркелкі
емес екенін де көрсетеді [266].
Олай болса, әлемнің тілдік бейнесінің жаңа қосымша түсіндірмесі
заманауи қоғам мүшелерінің мінез-құлық үлгілерін реттейтін құндылықтарды да
анықтайтын антропоөзектік сипатқа ие.
Когнитивтік зерттеу бағытындағы ғалымдардың лингво-шығармашылық
белсенділік тудыратын жаңа сөздер, факторлар мен уәждемелерді
қалыптастырудың негізгі үдерісін жиі зерттеп отырғанын атап өткен жөн.
Мысалы, прагматикалық факторлар жаңа атауды іздеу сатысында қосылады.
Әрине, әлемнің тілдік бейнесіндегі таным үдерістерін зерттеу тек қана танымдық
және прагматикалық факторларға ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени,
психологиялық т.б. деңгейлерге де сүйеніп, жаңа сөзді неғұрлым ауқымды және
жан-жақты зерттейтін болса, соғұрлым ол сенімді болады.
Дүниетанымның философиялық анықтамасы бойынша: «... адамның
дүниеге (әлемге) деген рухани қатынастарының негізі болатын және солардың
бәрін жалпылама түрде қамтитын, адам мен әлемнің сан алуан ара қатынасын
білдіретін ұғым» [267, б. 81]. Демек, «дүние» (әлем) ұғымы әр этностың рухани
және әрекет болмысымен тығыз байланысты. Соның негізінде қалыптасқан әлем
туралы тұтас көзқарас тілде айқын көрініс табады.
Шындықтың әрі қарай адам санасында қабылданып, ой елегінен өтіп, сөз
болып қалыптасып, айтылу үрдісі нәтижесінде әлем бейнесі тілде екінші рет тың
көрініске ие болып, әлемнің тілдік бейнесі түзіледі. Әрине, бұл арада «таным»,
«сана», «ойлау» т.с.с. феномендер лингвистикалық зерттеу назарынан тыс
қалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: