селфи жасаймын дейді (Алматы ақшамы, 14.11.2014).
Қазақстан да селфилету жағынан өзге мемлекеттерден қалыс қалып тұрған жоқ (Ана тілі газеті, 08.01.2015).
Бұл жерде
селфи, селфилету сияқты жаңа сөздер халық үшін таныс
болмауы мүмкін. Ол туралы медиамәтінде нақты түсініктеме берілмейді. Тек
атаудың жағымсыз немесе жағымды бір қырын сипаттап, оқырманға «бұл не
болды екен?» деген күдікті ой қалдырады. Селфиді білуге қызыққан оқырман ол
сөздің қандай мағына білдіретінін өз бетінше іздеп тануға тырысады.
Әдетте кең көлемде таныс болмаған жаңа атауларды негативті мағынада
қолданудың өзі сол жаңа ұғымды тек жағымсыз қырынан тануды
қалыптастырады. Сондықтан жұртшылыққа таныла қоймаған жаңа сөздерді
теріс пікірде сипаттауға жол беру жаңа атаудың уикипедиялық
анықтамасындағы форма мен мағына жүйесінің теңгерімін бұзады. Сондықтан
автор жаңа сөзді қолданар алдында адресатқа қандай мақсатта жұмсалатынын
ойланып, оқырман танымында жаңа ұғымдар мен категорияларды тек теріс
мағынада сипатталуына жол бермейді.
Сонымен, медиамәтінде жаңа атаулардың жиі қолданылуының негізгі
себептерін былайша көрсетуге болады:
-
жаңа нысандарға жаңа аталым сұранысының мұқтаждығы;
-
тілдік экономия үрдісінің қатаң сақталуы;
-
тілдік «сәнділік» және тіл ойнату тәсілі;
-
ерекше экспрессивті-эмоционалды қолданыстар.
Қазақ медиатіліндегі жаңа қолданыстардың прагматикалық қызметін
қарастыру барысында мынаған ерекше назар аудару қажет екені анықталды:
біріншіден, жаңа сөздер баспасөз тілі арқылы сөздік құрамға еніп, кейін
сөздіктерде белгіленеді.
Екіншіден, кейбір жаңа сөздер уақытша қолданылып, сұраныс
болмағандықтан тілдік қолданыстан мүлде жойылып кетеді.
Баспасөз тілінде жаңа атаулармен қоса сөз тіркесі түріндегі жаңа
қолданыстардың да жиілігі байқалады.
Мысалы: