Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет77/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

локомотиві
 ретінде бүгінде 
халық пен билік бірлігінің нышаны болып табылады
(Алматы ақшамы, 
11.07.2013). 
Олар – әр адамға қамқорлық, озық тәжірибе негізінде тиімді және 
экономикалық шешімдер, экономиканың 
драйвері
 
ретінде 
бизнесті 
ынталандыру, азаматтық қоғамды кеңінен тарту, жергілікті органдардың 
ашықтығы мен есеп беруі
(Алматы ақшамы, 04.11.2015).
Бұл тектес қолданыстар – оқырман назарын аудару арқылы 
коммуникативтік стратегияға жету амалы. Прагматикалық 
мүддеге 
жетуді 
көздеп жаңа атауларды пайдалануда адресант, керісінше, жеңіліс табады. Себебі, 
әдетте, сөз ойнату, сөз ауыстыру сияқты манипуляциялық прагматиканы 
қолдануда гуманитарлық ғылымдағы абстракциялық ұғымдар жұмсалады.
Ал қолданыс аясы тар техникалық жаңа қолданыстарды теңеу ретінде 
ұсыну кейде оқырманды мақала оқудан қашырады, түсінбейтін, аялық санасында 
мүлде жоқ атауды көрген адресат оған қызықпай, қолданудан қашады. Бұған 
мысал ретінде біз жоғарыда мысалға келтірілген 
локомотив
және 
драйвер 
неологизмдерінің қазақша баламалары ретінде ұсынылған 
қозғаушы күш


127 
(локомотив) және 
өсу қозғаушысы
(драйвер) жаңа қолданыстарын келтіріп 
отырмыз.
Мысалы: 
Экономиканың негізгі 
қозғаушы күші
– кәсіпкерлер
(Егемен 
Қазақстан, 17.07.2015).
Болашақта орта және шағын кәсіпкерлік отандық 
экономиканың нақты 
өсу қозғаушысы
болатынын ескерсек, бұл өте маңызды
(Егемен Қазақстан, 07.03.2014). 
Байқап отырғанымыздай, 
қозғаушы күш
және 
өсу қозғаушысы
жаңа 
қолданыстарына қарағанда 
локомотив
және 
драйвер
неологизмдерінің 
оқырманды елеңдетері сөзсіз. Демек, мәтінде бұл неологизмдер белгілі бір 
мақсатта қолданылып тұр. 
Сондықтан газет лексикасының прагматикасын зерттеген Б. Момынова 
[271], Ф. Жақсыбаева [286], О. Бүркітов [278], Қ. Есенова [287], Н. Дәулеткереева 
[288] т.б. еңбектеріне сүйене отырып, келесі кезеңде жаңа атаулардың газет 
тілінде коммуникативтік тактика есебінде қолданылуын, медиакеңістіктегі жаңа 
қолданыстардың прагматикалық сипатын арнайы қарастыру – аса өзекті.
Жаңа атаулардың баспасөз тілінде жиі қолданылуының тағы бір 
прагматикалық қызметі газеттің оқылым жиілігін, яғни рейтингін көтерумен 
байланысты. Осымен байланысты күнделікті тәжірибеде қазақ тіліндегі жаңа 
атау болмағанымен, қазақ газеттерінің тілінде жиі кездесетін кейбір шеттілдік 
атаулардың прагматикалық мақсатын түсіндіру мәселесі де маңызды.
Мысалы «модернизация»
 
сөзі қазақ тілінде 
жаңғыру
сөзімен аударылып 
берілсе де, саясаткерлердің көбі әлі күнге дейін «модернизация» сөзін 
қолданады. Себебі, 
жаңғыру
сөзі «возрождение» деген ұғымға жақын келеді.
Оның үстіне 2017 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан кейін 
жаңғыру
сөзі 
көпшілік санасында «возрождение» сөзінің баламасы ретінде берік орнықты.
Дегенмен уақыт өте келе және қолданыс талабына сай осы сөздің 
жаңғырту
деген формасы ұсынылып, бұл жолы осы жаңа қолданыс«модернизация» сөзінің 
баламасы ретінде бірден қабылданып, тілге сіңіп кетті.
Мысалы: 
Саяси 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет