Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі


Газет мәтініндегі жаңа қолданыстар мазмұнында сақталған



Pdf көрінісі
бет86/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

3.4 Газет мәтініндегі жаңа қолданыстар мазмұнында сақталған 
ұлттық код
Қазіргі әлемдік өркениет кеңістігінде жаһандану үрдісі өріс алған заманда 
қазақ тілі деректерінде астарланған қазақ әлемінің тілдік бейнесі ұлттың рухани-
мәдени коды іспетті көп жағдайда заманауи жаңа қолданыстарға негіз болады.
Сондықтан қазақ танымы құрылымдалған грамматикалық жүйенің 
антропоөзектік негізін сипаттау барысында зерттеуші О. Жұбаева: «Тіл – ұлттың 
мәдениеттің құрамдас бөлігі, этномәдени код. Тіл қоршаған орта туралы әсерді 
білдірумен қатар халықтың зерттеушілік, ізденістік ойларын да сақтайды, яғни 
тілде халықтың этномәдени, ұжымдық санасында қалыптасқан ғалам бейнесі 
көрінісін табады» деп көрсетеді [290, б. 368].
Егемендік пен тәуелсіздік кеңістігінде іштей түлеу, рухани жаңғыру 
кезеңін бастан кешіріп отырған қазақ тілінің қызметін саралауға, оның 
танымдық, әлеуметтік маңызын, мемлекеттік тіл мәртебесіндегі қолданыс аясын 
айқындауға газет мәтініндегі жаңа қолданыстар мазмұнында сақталған ұлттық 
кодты ашу тіл арқылы жүзеге асады. Өйткені оларға ұлт санасында жасалған 
тілдік бейнені құрған ақпараттың дәлдігі, уәжділігінің нақтылығы негіз болған.
Қазақстанда Түркия мемлекетімен салыстырғанда қазақ тілді адам 
санының аздығына қарамастан, қазіргі тіл қолданысының 
ұлт~тіл
сабақтастығындағы танымдық үрдісінің, қазақ баспасөзінде көптеген шетелдік 
сөздерге сәтті қазақша баламалардың табылуының негіздері белгілі ұлттық 
тілдік тұлғалардың (Н. Назарбаев, Ә. Қайдар, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин т.б.) 
шығармашылық мазмұнындағы ұлттық код мәнімен байланыстырылады.
Мысалы, танымы кең, білімі мен біліктілігі, тілдік зердесі терең қоғам 
қайраткері, ұлттық тілдік тұлға Ә. Кекілбаевтің мемлекеттік ой бағытындағы 
көсемсөзіндегі сөз қолданысын зерттеуші Б. Момынова оны өз еңбегінде жан-
жақты талдап, «қайраткер ретіндегі Ә. Кекілбаев тілі аса көркем, 
публицистикалық стиль жанрларының аясына сыймай, газет тілі заңдылықтары 
шеңберінен шығып, кейбір ресми қасаңдықты ысырып тастайды» [291] деп атап 
көрсетеді.
Ғалымның айтылған пікірін дәйектеп, жазушының тәуелсіздіктің қадірін 
білуге шақырған кестелі сөздерінде ұлттық-мәдени кодтың айшықты көрінісі 
сипатталған: « ... бағалай білмегенге бақ тұрмайды, қуана білмегенге құт 
қонбайды; табына білмеген қауымға пайғамбар бітпейді, бағына білмеген 
қауымға басшы бітпейді; бірлік содан азып, береке содан тозады. Ал егер 
тәуелсіздігімізді тәрк етер болсақ, онда бізді кешегілердің киесі ұрып, 
ертеңгілердің қарғысы атады» [292, б. 499].
Ә. Кекілбаевтің публицистикалық ой-толғанымдарындағы теңеу түрінде 
айтылған бұл тектес сөз кестелерін көркем сөз бен шешендік үлгісі деп қана емес, 
ұлттық рухты көтеретін тіл қызметінің мазмұнын, әлеуетін бейнелейтін тілдік 
құралдың жаңа қолданысы деп бағалауға болады. Ұлттық 
дүниетанымдық 
сипаттағы мұндай жаңа қолданыстар қазіргі ұрпақтың рухани санасын 
жаңғыртып, ана тіліміздің танымдық дәрежесін жаңа деңгейге көтереді: 
«Құдайдың өз бергенін өзіміз көпсінбейік деп, кебежеміздің түбін қақпаймыз, 


135 
күбіміздің түбін сарықпаймыз, баламыздың басын, көгеніміздің бұршағын 
санамаймыз» [293, б. 25].
Әрине, атау жасау, оны қабылдап, қолдану әрекеттері жеке адам емес, 
ұлттық ұжымның таным-тәжірибесі негізінде қалыптасатындықтан, оның тілдік 
санадағы таңбасы ұлттық тіл негізінде жүзеге асады. Ал, жеке тілдік тұлғаның 
ойлау қабілеті, ой ісінің өнімділігі оның тілдік аялық білігіне тәуелді 
болғандықтан, дара тұлғалық мүмкіндігімен анықталады.
Міне, осыған тікелей байланысты когнитология теориясы атау жасау ісін 
адамның қабылдау, жаңғыру құбылыстарымен тығыз байланыста анықтайды. 
Соның нәтижесіндегі тілдік санада жеке адамның және ұлттық ойлаудың, ұлт 
тарихы мен мәдениетінің, тілінің, дүниеге көзқарасының тұтасуын және өмір 
сүріп отырған ортасының сипатын когнитологиялық зерттеулер ашады. 
Осы арада тіл тіл иесінің тұрмысы мен қоғаммен байланысты өзектес жанды 
құбылыс болғандықтан, даму барысында кейбір сөздер тілдік қолданыстан 
шығып қалып жатса, керісінше, кейбір көнерген сөздер тілімізге қайта оралып, 
мағынасы кеңейіп // тарылып жататыны да назардан тыс қалмайды.
Қазіргі таңдағы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне орай, ұлт тілінің, 
қоғамдық қызметінің күшеюі мен кеңеюі барысында «ескі сөз жаңа сөздің түп 
қазығы» деген қағиданы жалғастырып, жаңа өрісті дамыту үстінде екенін 
көрсететін мына жаңа атаулар дәлелдейді. Мысалы: 
қисын

таңба

құрылтай

мөр

кеңес

төңкеріс

сарап

әдіс

хатшы

құқық

байрақ,
жарнама

жарғы, алқа

 
тұғыр, құзірет, сарбаз, арна, зейнеткер, көсем
т.б.
Осы тұрғыдан жаңа қолданыстар мазмұнындағы ұлттық кодтың кілті 
лексикографиялық деректерде сипатталған мәдени-танымдық ақпараттарда 
ашылады. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде 
қисын
сөзі грек тілінен шыққан 
«логика», яғни ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылымды 
атайтын термин
[294, б. 482] деген мағынаны білдіреді.
Ал, қазақ тіліндегі негізгі мағынасы: «Бір нәрсенің ыңғайы, реті, жүйесі, 
нобайы, орайы». Оның мағынасы коннотацияланып, бейнелі сипатты тұрақты 
тіркестер жасалған: 
қисыны келді, қисыны кетті, қисыны қашқан, қисынын 
келтірді, қисынын тапты
т.б. Адамның 
іс-әрекетіне 
қатысты 
қисынды, 
қисынсыз т.б. сын есімдер де бар [197, б. 791].
Бұл көне сөздің тура мағынасымен тамырласып, қазіргі тілімізде 
танымдық-әлеуметтік қолданыстағы жаңа өрісін танытатын мысалдар баспасөз 
бетінде көрініс табуда.
Мысалы: 
Билік басында билер мен бектер неге отырмасқа? деген 
сауалдың болуын да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет