қисынсыз
деуге болмас
(Қазақ әдебиеті, 24.10.2015).
Менiмше, – деп жазады атақты журналист Мэлор Стуруа – бұл құбылыстың
сырын сiрә, мына бiр төңiректен iздеген
қисынды
болар
(Алматы ақшамы,
17.02.2011).
Қазақ хандарының аты атала қалған жағдайда оларға үстем тап
өкілі ретінде келеңсіз баға беріліп,
қисынсыз
айып тағылды
(Ана тілі,
17.09.2015).
Құрылтай
сөзі тарихи тұрғыдан «түркі-моңғол ақсүйектерінің ресми
кеңесі» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі қазақ тілінің қолданысында бұл сөз
136
«
партиялардың, қозғалыстардың, т.б. өзге де қоғамдық бірлестіктердің аса
маңызды мәселелерге байланысты бастапқы басқосу жиылысы» [295] деген
мағынада белсенді қолданылып жүр.
Мысалы:
Құрылтайда
бүкiл адамзатты алаңдатқан мәселелер бойынша
қызу пiкiр алмасу өрiс алды
(Алматы ақшамы, 27.12.2012).
Ассоциациясының
құрылтай
съезінде ұйымның жарғысы талқыланып бекітілді, ассоциацияның
кеңесі сайланды
(Айқын, 04.06.2015).
Жарғы.
Бұл сөз – дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы
(«Жеті жарғы»). Құқықтық термин. Көне түркі тілінде
жарғы
сөзінің
«үкім»,
«қазылық» деген мағыналары көрсетілген
[198, б. 963]. Бұл сөз қазіргі тілде осы
кезге дейін қолданылып келген орысша «устав» сөзінің баламасы ретінде
қолданыла бастады [296].
Бірақ қазіргі қазақ қоғамында қолданылатын ж
арғы
атау-терминінде
«устав» сөзінің көбінесе тек әскери салаға қатысты ұғынылатын мағынасы
өзектелмей, «Қазақ сөздігінде» көрсетілгендей: «жарғы (устав) – ұйымдардың,
мекемелердің міндеттері мен қызметін белгілейтін, сөзсіз орындалуын қажет
ететін ережелер жиынтығы, қағида» деп, қолданыс аясы кеңейген [197, б. 1325].
Осыған байланысты
жарғы
сөзінің мазмұнынан тарайтын жаңа қолданыс
пен терминдік өрісі кеңейгені де қазіргі салалық сөздіктерде көрсетілген: «жарғы
– заңды тұлғаның құқықтық жағдайын, қарым-қатынасын реттейтін ережелер
мен шарттардың жиынтығы болып табылатын нормативтік-құқықтық акт».
Сонымен қатар, осы сөздікте: «жарғы капиталы» – құрылатын кәсіпорынның
активтеріне құрылтайшылар салған салымдардың құны» [197, б. 474]
деп
көрсетілген.
Мысалы:
Санкцияларды Біріккен Ұлттар Ұйымының
Жарғысы
мен
халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін әрекет ретінде бағалап,
олардың өз бетімен қолданылуын болдырмау қажет
(Ана тілі, 01.10.2015).
«Оқимын» деп құлшынған бүлдіршіннің сағын сындырған бұл жаңа
жарғы
Білім
туралы Заңның 8-бабына да тік келеді
(Қазақстан-Заман, 16.08.2015).
Кеңес.
Біздің заманымыздан бұрынғы 7-5 ғасырларда ру, тайпа, мемлекет
ішіндегі мәселелерді шешетін «халық кеңесі» сияқты дәстүрлі атаумен тамырлас
«кеңес» сөзі – кейінгі замандарда да кеңінен қолданылған терминдердің бірі.
Қазіргі таңда бұл терминнің қоғамдағы қызметінің қолданыс аясы кеңейіп,
кейбір бірлестік, ұйымдардың сайланбалы органының немесе әлдебір өкілеттілік
жүктелетін ұжым атауы ретінде қолданылуда [295].
Яғни
қазіргі
қоғамдық-
әлеуметтік саладағы «бір істі көпшілік болып ақылдасып, бас қосып шешетін»
мәжілістің, жиналыстың, көпшілік болып, ақылдасатын басқосуының атауын
жаңа қолданыс қатарында анықтауға болады.
Тарихи-семантикалық даму тұрғысынан қарағанда бұл сөз «әңгіме»,
«ақыл», «пікір» және «әңгімелесу», «сөйлесу», «сұхбаттасу», «ақылдасу»
мағыналарынан тұратын синкретті тұлға. Содан өрбіген:
кеңес берді, кеңес
құрды, кеңес сұрады
т.б. тіркестермен қатар
Кеңес Одағы, Кеңес өкіметі
т.б.
тарихи-қоғамдық терминдер қалыптасты.
137
Мысалы:
Ғылыми
Достарыңызбен бөлісу: |