тапсырма. МоөЖ. Ғылыми – техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жобаларды қаржыландыру тапсырма



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата15.10.2023
өлшемі0,57 Mb.
#115289
1   2
Байланысты:
МБО-61к-21 Сундетбай Айман

Бастапқы қаржыландыру:

Кәсіпкерлердің меншікті капиталы (немесе достарының / 
туыстарының капиталы)
 

Тәуекел капиталы
 

Мемлекеттік қолдау 

Халықаралық гранттар 

Жеткізушілер мен тұтынушылардың алдын ала қаржыландыруы
 
Биологиялық ғылыми
зерттеулер, әсіресе биотехнология саласы қазіргі 
заманғы ғылыми-техникалық революцияның негізі. Ғалымдардың жүргізген 
сараптамалық бағалауының нәтижелеріне сүйенер болсақ, 2025 жылы 
ғаламдық биоиндустрия нарығының деңгейі 2 триллион долларға жетеді, ал 
жеке нарық сегменттерінің өсу қарқыны жыл сайын 5-7-ден 30 пайызға дейін 
болатындығы анықталды. Бүгінде биопрепараттардың негізгі өндірушілері 
АҚШ, Канада, Жапония және Еуропа елдері. Соңғы 10 жылда олардың 
қатарына ауқымды ғылыми өндірістік бағдарламалармен айналысқан Қытай, 
Үндістан, Бразилия сияқты дамушы елдер де қосылды. Ал еліміздегі отандық 


биопрепараттар өндірісі (ауыл шаруашылығы, ветеринария, өсімдіктерді 
қорғау, экология және медицина) баяу дамып келеді, тіпті жоқтың қасы деуге 
болады, яғни әлі импорттық өнімдерге тәуелдіміз. 
Білім және ғылым министрлігінде гранттық және бағдарламалық-мақ-
саттық қаржыландыру конкурстарына өтінім қабылдау мен қарастыру 
кезінде жеткілікті бақылаудың болмауы да жеке мәселе. Бүгінгі тәжірибеден 
байқағандай, айтарлықтай қайтымы жоқ шағын, нәтижесі бұлыңғыр ғылыми 
жобалар мен бағдарламалар Ғылым комитетіне жиі тапсырылып, кейде 
қаржыландыру үшін мақұлданып та жататыны баршаға аян. Ал шетелдерде 
нәтижесі 
мен 
практикалық 
маңызы 
жоқ 
жобалар 
мүлдем 
қаржыландырылмайды. Көптеген жағдайда ғылыми жобалар білікті 
мамандары жоқ, ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін заманауи құралдар мен 
жабдықтармен қамтамасыз етілмеген белгісіз ұйымдардың атынан беріліп, 
кейбір сапасыз жобалар қаржыландырылып та жатады. Сондықтан ғылыми 
жобаларды қаржыландыру үшін іріктеу жүйесінің тиімділігін жетілдіріп
сапалы және түпкілікті нәтижеге қол жеткізуде жобаларды орындайтын 
ұйым басшылары мен жоба жетекшілерінің жауапкершілігін арттыру қажет. 
Іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыруға да көңіл бөлу керек. 
Іргелі зерттеулерді гранттық қаржыландыру есебінен қарастырған жөн және 
оған жалпы ғылымға бөлінетін қаржының 30%-ына дейін бөлу қажет. 
Ғылымға қисыны келмейтін, жанаспайтын және күмән келтіретін ұсақ жоба-
лардан аулақ болған абзал. Ал қолданбалы зерттеуге келетін болсақ, 
мемлекеттің тапсырысымен ғылыми мақсатты бағдарламалар Үкімет 
жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ЖҒТК) арқылы 
қаржыландырылуы тиіс. Бұл бағдарламаларға ғылымға бөлінетін қаржының 
жалпы сомасынан 30%-ға дейінгі мөлшерін бөлу орынды. Мақсатты 
бағдарламалар мемлекеттің өзекті әрі күрделі мәселелерін шешуге 
бағытталуы тиіс. Яғни тәжірибелік-өнеркәсіптік технологияларды әзірлеу, 
биопрепаратты өндірістік жағдайда сынақтан өткізу, оның нәтижелері 
өндіріске енгізілумен аяқталуы керек. 
Келесі кезең – «Ғылым қоры» АҚ көмегімен ғылыми немесе ғылыми-
техникалық зерттеулердің нәтижелерін (жаңа технология, мал тұқымы, 
дақылдардың жаңа сұрыптары, биопрепараттар, медициналық дәрілер және 
т.б.) коммерцияландыру, өндіріске енгізу және сату. Ғылым қоры арқылы 
коммерцияландыруға берілетін жобалардың ерекшелігі – бизнес-серіктестің 
жобаны қосымша қаржыландыруы. Бұл жоба нәтижесін пайдаланатын бизнес 
өкілдерінің қызығушылығын арттырады, кейбір қажетсіз жобаларды 
қаржыландырудан сақтайды. Сонымен қатар ғылымды нақты өндіріспен 


ұштастыруға мүмкіндік береді. Бұған тағы бір қосымша шарт қойылуы тиіс. 
Жобадағы 
талаптар 
орындалмаған 
жағдайда, 
бөлінетін 
қаражаттың 20%-дан 30%-ға дейінгі мөлшерін мемлекетке кері 
қайтаруы керек. Бұл ұйым басшыларының және жобаның ғылыми 
жетекшілерінің өтінімдерді беру, жүргізген зерттеулерінің нәтижелерін 
экономиканың тиісті секторына енгізу кезінде де жауапкершілігін 
арттырады. Демек, тұтынушы тарапынан түпкілікті өнімге деген сұранысын 
қанағаттандыра алатын және мем- лекет мүддесіне сай келетін инновациялық 
маңызды жобалар ғана қаржыландырылуы тиіс. Ал осы инновациялық 
ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруға бөлінетін жалпы қаржының 
кемінде 40%-ын бөлу керек. Осылайша ғылымға арналған бюджет қаражатын 
бөлу келесі тізбек бойынша жұмыс істеуі тиіс: іргелі зерттеулер – гранттық 
қаржыландыру негізінде; қолданбалы ғылыми мақсатты бағдарламалар – 
Үкімет жанындағы ЖҒТК арқылы мемлекеттік тапсырыспен; ғылыми 
зерттеудің нәтижелерін коммерцияландыру – Ғылым қорының жобалары 
арқылы. 
Еліміз егемендік алғаннан бері ғылым мен техниканың дамуына мән беріп 
отырғаны баршаға мәлім. Әрі қарай да ғылымға қаржы бөліне бермек, тек сол 
бөлінген қаржыларды тиімді пайдалану ғалымдардың өздеріне байланысты. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев V Астана экономикалық форумында «Бүгінгі 
таңда тек ғылым ғана әлемнің барлық елдеріне қатысты көкейкесті 
мәселелерді шешуге қабілетті локомотиві болуы керек», деп айтқан болатын. 
Ғалымдардың міндеті – әлемдік экономикалық жүйенің заманауи 
талаптарына сай болу және өздерінің ғылыми зерттеулерінің өнімділігін 
барынша арттыруға ықпал ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет