Математика. Математиканы оқыту әдістемесі математика. Методика преподавания математики



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата15.10.2023
өлшемі1,12 Mb.
#115458
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
377-Текст статьи-2210-1-10-20220123

Keywords: 
the
 
subject "Algebra and the beginning of analysis", search and research activity, task, high school 
students, skill, control, experiment.
 
 
Кіріспе
Қазіргі қоғамда пікірталасты білетін, өзінің көзқарасын дәлелдей алатын, шығармашылық әлеуеті 
бар эрудициялы адамға деген сұраныс жоғары екендігі айқын.
Питер Клайнның «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи 
түседі» деген сөзін және Жүсіпбек Аймауытовтың «Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын 
нәрседен бір жаңалық болуы керек» деген пікірін алға тарта отырып жаңартылған білім беру 
мазмұны бойынша оқушыларды оқыту барысында оларды жаттанды білімге үйрету емес, яғни дайын 
формула жаттатып есеп шығарту емес, бәлкім сол формуланың келіп шығуын іздестіруден, 
дәлелдеме келтіруден оқушылардың ізденіс іс-әрекеттері басталады. 
 
Қазіргі кезде оқушыларды өз бетінше ізденіс-зерттеушілік іс - әрекеттеріне баулу өзекті мәселе 
болып отыр. Сол себепті біз А.Эйнштейннің «Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін, мен тек 
олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» деген сөзін ескеріп оқушыларға өзіндік 
білім алуға тиімді бағыт-бағдар ұйымдастыруымыз керек. Қазіргі қоғамда пікірталасты білетін, өзінің 
көзқарасын дәлелдей алатын, шығармашылық әлеуеті бар эрудициялы адамға деген сұраныс жоғары 
екендігі айқын. Сондықтан да қазіргі уақытта ізденіс-зерттеушілік жұмыстарын жүргізе алатын 
оқушыларды жан-жақты шығармашыл етіп тәрбиелеу өзекті мәселе болып отыр. 
Оқушылардың ізденіс-зерттеушілік іс–әрекеттерін дамытуды Омск мемлекеттік педагогикалық 
университетінің педагогикалық ғылымдар докторы, профессор, РФ-ның еңбек сіңірген жоғары 
мектеп жұмысшысы, академик В.А.Далингер (2016) өз еңбектерінде кеңінен қарастырып, 
«Математиканы оқыту әдістемесі. Оқушылардың ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттері» оқулығын 
жазды. Оқулықта математиканы оқытуда оқушылардың іздену және зерттеу қызметін 
ұйымдастырудың теориялық негіздері мен практикалық ұсыныстары қарастырылған. Математиканы 
оқытудың теориясы мен әдістемесі қол жетімді және егжей-тегжейлі сипатталған, өз бетінше шешуге 
арналған тапсырмалар берілген [1]. Е.А.Герасимова мақаласында оқушылардың математикалық 
білімді игерудегі ізденіс- зерттеушілік қызметінің өзектілігін қарастырды және осы ұғымның 
мазмұнын ашты, бұл ұғымды математиканы оқытуда нақтылады. Ізденіс-зерттеушілік міндеті 
ұғымының анықтамасын қарастырып, мысалдар келтірді [2]. О.А. Новикова өз жұмысында 
оқушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерін дамытудың тиімді психологиялық педагогикалық 
шарттарын анықтады [3]. J. Dinet, A. Chevalier, A. Tricot
 
ақпарат ізденушілік іс-ірекет, Amir 
Abdolhossini математиканы оқытуда когнитивті, мета-когнитивті әдістерді зерттеген [4-5]. Отандық 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №4(76), 2021 
9
ғалымдардан Муратбекова Молдир еңбектерінде «ізденушілік», «ізденіс-зерттеушілік іс әрекет» 
ұғымдарына анықтама келтірілген [6]. Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Н.А.Кенбаева 
және Д.А.Мунарбаевалар мақалаларында мұғалім оқушының өзіндік зерттеушілік әрекетін 
қалыптастыруда оқушыға нақты зерттеудің әдістерін, жүйелерін қандай тәсіл қолдану арқылы жетуге 
болатын әдістерді үйрету керектігі туралы жазған және әдістерді бірнеше шартты кезеңдерге бөліп 
қарастырған [7]. Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік 
қабілеттерін қалыптастыру үшін «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен ізденіс-зерттеушілік 
іс-әрекеттерін дамыту әдістемесін жасау. 
Зерттеу жұмысының міндеттері: 

ізденіс-зерттеушілік іс-әрекет түсінігін педагогикалық психологиялық талдау; 

10-11- сыныптар үшін «Алгебра және анализ бастамалары» оқулықтарына педагогикалық 
талдау жасау; 

ізденіс-зерттеушілік тапсырмаларын құрастыру. 
Оқушылардың іс-әрекеттері ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық, оқу-танымдық, оқу-
зерттеу, эвристикалық түрлерге бөлінеді. 
 
Ізденіс – бір нәрсеге қол жеткізуге ұмтылу, бір нәрсені іске асырудың жаңа жолын табуға 
талпыныс (ғылымда,өнерде және т.б.).
 
Ізденушілік іс-әрекет - проблемалық тапсырмаларды шешуге бағытталған танымдық қызмет түрі. 
Ізденушілік іс-әрекеттің маңызды ерекшелігі ойдың талдау фактілерінен тұжырымдар мен 
қорытындыларға қарай қозғалысы.
 
Математиканы оқыту әдістемесінде зерттеушілік іс-әрекет «өнімі жаңа білім болып табылатын 
шығармашылық іс-әрекет» деп түсінілген [8].
 
В.А. Гусев, В.А. Далингер, Д. Пойа, Т.А. Иванова 
және т.б. педагог математиктер зерттеушілік іс-әрекетті математиканы оқытуда оқушылардың оқу 
танымдық белсенділіктерін арттырудың тиімді құралы ретінде қарастырған. Авторлар оқушылардың 
тапсырма шешімдерін өз бетімен іздеу қабілеттерінің қалыптасуына көп көңіл аударған. 
 
В.А. Далингер ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетті «теориялық білім негізінде қойылған 
проблемаларды өз бетінше шешу процесі; шешімдер нәтижелері ретінде, іс-әрекет тәсілдері мен 
процестердің шешімін алдын ала анықтау және болжау» деп анықтады [9].
 
Т.П. Куряченко ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетті «бастапқы эвристикалық және зерттеушілік іс-
әрекеттегі өзіндік тәжірибе негізінде жүзеге асырылатын оқу ізденушілік іс-әрекет» деп 
анықтады [10]. 
С.А. Кравцова ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетті объектілердің, құбылыстардың, процестердің, 
олардың арасындағы функционалдық байланыстардың маңызды белгілерін анықтауға және қоршаған 
ортаның зерттелетін фрагментінің тұтас психикалық бейнесін құруға мүмкіндік беретін танымдық 
әрекеттер мен операциялардың бірізділігі деп түсінеді [11]. 
Н.В. Лысенко ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетті оқушылардың проблемалық міндеттерді шешуге 
бағытталған субъективті білімді өз бетінше ашуы жүретін, оның барысында оқушылар бір уақытта 
жаңа білімдер алатын, сонымен қатар оларды кейіннен өз бетінше алу қабілеті мен дағдылары 
қалыптасатын мұғалім ұйымдастырған іс-әрекет ретінде түсіндіреді [12]. 
И.Б. Карнаухова ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетінің келесі анықтамасын тұжырымдайды: ізденіс-
зерттеушілік іс-әрекет- бұл объективтілікпен, дәлдікпен, дәлелділікпен, қайталанатындығымен 
сипатталатын және ғылыми білім әдістерін меңгеруді, өз бетінше іздеу, зерттеу әдістерін меңгеруді 
қамтитын, жаңа материалды талдауды үйрену (зерттеу), баламалы құралдар мен шешімдер іздеу 
қабілетін игеру, шығармашылық қызметтің жеке элементтерін меңгеру [13]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет