Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет115/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

31
Мақсаты: 

Қазақстанның су ресурстарының геосаяси мәселелерін жіктеу және 
шешу жолдарын ұсыну: трансшегаралық өзендер, Каспий теңізінің 
мәртебесі. 
Мақсатқа қол жеткізу үшін:

судың геосаяси мәнін;

трансшегаралық су нысандары бойынша Қазақстанның халықара-
лық ынтымақтастығының маңыздылығы, қиындықтары мен шешу 
жолдарын білу керек.
СУ РЕСУРСТАРЫ 

 ТРАНСШЕГАРАЛЫҚ СУ НЫСАНДАРЫ 


ГЕОСАЯСАТ 

 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Судың геосаяси мәні.
Су ресурстарымен қамтамасыз етілу – ұлт-
тық қауіпсіздіктің міндетті құраушыларының бірі. Су ресурстары дүние-
жүзі елдерін дамытуда маңызды мәнге ие.
(15-кесте)
Су ресурстарының геосаяси мәні
Қамтамасыз ету
• 
елді гидроэнергетикалық ресурстармен,
шикізатпен, азық-түлікпен қамтамасыз етеді
Орналастыру
• 
су жолдарын бойлай елді мекендер орналасады,
экономикалық аудандар қалыптасады
Қорғаныс
• 
ішкі су ресурстары ел қорғанысында нағыз
тосқауыл қызметін атқара алады 
Даму
• 
мемлекет дамуының стратегиялық желісінің
рөлін орындайды
Көлік
• 
өзендер мен каналдар арқылы, оларды бойлай
маңызды көлік жолдары өтеді
• 
Дүниежүзілік мұхитқа және теңіз 
коммуникацияларының дүниежүзілік жүйесіне
шығуды қамтамасыз етеді
Дүниежүзілік су ресурстары үлкен қысымның әсерінде болады. 
Соңғы 60 жылда жер шарында ауызсуды тұтыну 8 есе өсті. Жүзжыл-
дықтың ортасына қарай көптеген елдер суды импорттауға мәжбүр 
болады. 
Су
– аса шектеулі ресурс. Су көздерін иемдену үшін болып 
жатқан күрес – қазірдің өзінде геосаясаттың маңызды түрткіжайты. 
Су – жер шарындағы алаңдаушылықтар мен шиеленістер туындау се-
бептерінің бірі.
148
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Дүниежүзінде 260-тан астам өзеннің бассейндері екі немесе бірне-
ше мемлекеттің арасында бөлініп орналасқан. Егер бұл мемлекет-
тер осы бассейндерді бірлесіп пайдалану туралы айқын келісім жа-
самайтын болса, онда көршілес елдердің қарым-қатынасында айтар-
лықтай алаңдаушылық туындауы мүмкін.
Соңғы 50 жыл ішінде 507 «су» шиеленістері болғаны анықталған, 
оның 21-і әскери іс-қимылдарға ұласты. Бірден бірнеше мемлекеттің 
аумағында орналасқан өзендер мен көлдерде су шығынын реттеу 
бойынша туындаған шиеленістер ежелгі замандардан белгілі. Өзен 
ағысының жоғарғы жағында орналасқан мемлекеттер ағыстың бо-
йында төменгі жағында орналасқан мемлекеттердің тұрғындарына 
қолжетімді судың көлеміне де, сонымен бірге сапасына да әсер етуге 
мүмкіндіктері бар. 
Су ресурстары аясындағы негізгі шиеленіс белдеуі Солтүстік Аф-
рикадан бастап, Таяу Шығыс, Орталық және Оңтүстік Азия арқылы
Солтүстік Қытайға қарай өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет