Көп ауыз біріксе, бір
ауыз жоқ болады,
дегендегі ауыз сөзі адам мағынасында (бөлшек-
тің бүтін орнына қолданылу заңдылығы бойынша) қолданылып
тұрғандығы анық. Жай қараған адамға
ауыз
сөзінің адам мағы-
насында қолданылуы тек осы контекспен байланыстыдай көрінуі
ғажап емес. Шындығында да бұның қасиеті сәл басқашалау.
Сөздікте нақ осы мағынада қолданылған бұдан басқа да үш мы
сал берілген.
Контекстің қызметі көп мағыналы сөздердің мағынасын тия-
нақтау, қолданылған кезде бір мағыналық қалыпқа келтіру. Екін-
ші сөзбен айтқанымызда, айтушының көп мағыналы сөзді қай
мағынада айтылғандығын тыңдаушысына нақты жеткізуінде та
на. Мысалы,
аудар
деген көп мағыналы етістікті алайық. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде оның 7 түрлі мағынасы барлығы көр-
сетілген.
Қырмандағы бидайды күнде аударамыз
десек, тықдау-
шы адам бір нәрсені қопару, төңкеру деп те, аттан құлату деп
те, бір затты төгу деп те, бір жерден екінші бір жерге көшіру деп
те түсінбейді. Керісінше, күнге жайылған бидайдың астыңғы қа-
батын үстіне (бетіне) шығару деп түсінеді. Демек, затты бір қа-
лыптан екінші бір қалыпқа өткізу мағынасы сөз атауының ауы-
суына, полисемантикалық сөз ретінде қолданылуына себеп болып
тұр. Тек
бидайды аударды
тіркесі ғана емес
мақтаны аударды.
43
қүмды аударды, іиөпті аударды, сабанды аударды
сияқты толып
жатқан сөздермен тіркесіп астын үстіне қарату мағынасын біл-
діреді. Бұл—сөздердің көп мағыналылығы тіркесте, сөйлем ішін-
де келгенде пайда болады деген қағиданың дұрыс еместігін көр-
сетеді.
Жеке сөздерде мағына жоқ, олардың мағынасы тіркесте, сис-
темадағы орнына байланысты болады деушілер мен көп мағына-
лылық сөйлем
ішінде ғана, тіркескен сөздерімен байланысты
туады деушілер арасында байланыс бар. Бул қағидаларды қол-
даушылардың екеулері де сөздер жеке тұрғанда лексикалық ма-
ғыналары болмайды деген қағиданы қолдайды, сөздердің дербес-
тігін жоққа шығарады.
Совет тілшілерінің көпшілігі жеке сөздердің лексикалық ма-
ғынасы барлығын мойындайды. Бірақ сол лексикалық мағынаны
қалай анықтау керек, оның негізінде не жатады деген мәселеде
аралары ашылып, пікір алалығы туып жатады. Бул, әрине, тілші
ғалымдардың жеке өздеріне ғана емес философтарға да, семио-
тиктерге де, психологтарға да, информациямен айналысатын ға-
лымдар арасында да байқалатын жағдай. Сондай-ақ тілшілердің
өздері де бұл мәселені бір түрлі түсінбейді. Бұл олардың зерттеу
методтары мен көзқарастарына да байланысты. Дегенмен де сөз
мағынасы дегенде объектив дүниедегі заттармен байланысы бар,
қатынас қүралы ретінде қолданылатын тілдің негізгі элементін
түсінетініміз рас. Сол үшін де тілшілер мен философтар арасында
кен таралған анықтамалардың көпшілігі мағынаны ұғым түсінігі
арқылы белгілеуге әрекет етеді. Мысалы, Л. О. Резников: «Біз-
дің ойымызша, сөз шындығында да ұғымды білдіреді, яғни объ
ектив дүниедегі заттардың бейнесін білдіреді»,— деген (Резни
ков 58, 30) *. Эрине ұғым түсінігі мен сөздердің лексикалық ма-
ғыналарын тең деп (Абсолют дәрежеде) сана.масақ та, бүл екі
категория аралыгында байланыс бар деушілердің пікірінде шын-
дық бар. Қалай демейік, бәрі бір, марксизм-ленинизм методоло-
гиясына негізделген дәйекті зерттеуші сөз бен зат арасында таны.м
процестерінің элементтері, оның үғыммен байланысып жатқан
жақтары барлығын мойындайды. Бұл жерде пікір таласына се-
бепші болып жүрген нәрсе — сөз мағынасы мен ұгым қаншалык-
ты тең түседі немесе сөз мағынасында ұгым элементтері қанша-
лықты бар деген нәрсе.
Совет тілшілерінің көпшілігі құптаган мәселенің бірі — сөз
мағынасының құрамында объектив дүниедегі заттардың белгілі
дәрежедегі сәйкес келетін көшірмесі, бейнесі бар деу. «Ең алды-
мен, сөз мағынасы дегенде сөздердің экстролингвистикалық ба-
ғыттағы, объектив дүниедегі заттарға, олардын катынасы мен
түрлі қасиеттеріне қаратылган, солардық атауы ретінде қолда-
пылуын түсінеміз»,— деп М. Д. Степанова анықтама берсе (Сте
панова 68, 67) *, Д. Н. Шмелев: «сөз мағынасы — сол не басқа
объектив дүниедегі заттардың бейнесі»,— деген пікір білдірген
(Шмелев 77, 58) *. Эрине объектив дүниедегі заттар мен болыіі
жатқан құбылыстар сөздердің тікелей лексикалык мағынасы бола
44
бермейді. Объектив дүниедегі заттар мен болып жатқан құбылыс-
тар сөздердің лексикалық мағынасы ретінде қабылданып, қалып-
тасқанға дейін бірнеше психологиялық этаптарды басып өтулері
керек. Сондықтан да сөз мағынасын тек заттың не амал-әрекеттіц
санадағы бейнесі десе, онда сөз мағынасы тілдік категория болып
саналмастан психологиялық категория болып саналуы керек еді.
Бұл — бірінші.
Екіншіден, дүние жүзіндегі адамдар объектив
дүниедегі заттарды сезінуде, түйсінуде бірі екіншісінен онша ал-
шақ кете қоймайды, бірақ сөздердің семантикасында ондай ал-
шақтық байқалынады. Бұл, әрине, әр халықтың мәдени деңгейіне,
әлеуметтік даму сатысына, өмір сүрген ортасына, географиялық
жағдайына, тіпті жеке адамдардың өмір тануына да байланысты
сияқты.
Салыстырыңыз:
аринта деп аталатын австриялықтар
әкесімен туыс еркектерді
Достарыңызбен бөлісу: |