Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет105/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Құндылықтар теориясы
Құндылық
бағдар
– 
адамгершілік сананың 
тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс
-
қимыл
-
дары мен себеп
-
салдарында ғана емес, мінез
-
құлық пен іс
-
әрекеттің бүкіл барысында көрініп, 
сананың жалпы бағыттылығында жеке тұл
-
ғаның
бастапқы өнегелілік 
ұстанымын іске асырады. Мақсат пен мін
-
деттерге сәйкес барлық тәрбиелік 
ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағдар
жеке тұлғаның 
тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші. 
Психологтар “құндылық” ұғымымен қоғамға қатысты әлеумет
-
тік
-
тарихи мағынасы мен іс
-
әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке 
тұлғалық мәнісін сипаттайды. Олар құндылық деп, біріншіден, өнегелілік, 
жеке тұлғаның (адамдар тобының, ұжымның) және оның іс
-
әрекетінің 
нәтижесін; ал екіншіден, “құндылық” санаға қатысты адамгершілік пен 
арман
-
мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділет
-
тілік пен бақыт 
ұғымдары сияқты түсініктерді айтады. 
Құндылықтар
теориясы 

нақтылы ғылыми
-
әдіснамалық таным 
ретінде және педагогикалық
шындықты жаңғыртуда өзінің негізгі 
аксиологиясы 

жалпы адамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) 
жайында ілім болып табылады. 
Басқару теориясы. 
Мектепті басқару туралы білім дер жиын
-
тығы 
мектептану деп аталады. Қазіргі заман мектебі күрделі жүйе болғандықтан, 
ол оқушылардың, мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің, оқу
-
тәрбиелік қызмет 
көрсететін ұстаздардың іс
-
әрекеттерінен, мектеп алдында тұрған жалпы 
міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан 
тұрады.
Ғылыми басқару 
– 
белгілі нәтижеге жету мақсатында жоспар
-
ланған 
жүйелерді басқару. Ғылыми басқарудың мынадай белгілері бар: жалпы 
таным мен обьективтік заңдылықтарды саналы пайдалану; басқару 
ықпалының үздіксіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету; бас
-
қарылатын 
обьектілер мен үдерістерді
модельдеу; құбылыстарды бағалаудың сандық 
өлшемдерін қолдану.


99 
Мектепті басқарудың басты мәні 

педагогтардың педагогика
-
лық 
үдерісте
жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата
-
аналарының іс
-
әрекетін мақсатты басқару.
Педагогикалық үдерісті ғылыми негізде басқару мұғалімнен басқару 
теориясын игеруді талап етеді, жалпы және арнайы ұйым
-
дастыра білу білім 
деңгейін көтеруді, оның барлық бөліктерін қажетті мәліметтермен 
қамтамасыз етуді, басқару нысанының өзіндік ерекше
-
ліктерін бейнелейтін 
басқару әдістерін игеруді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет