МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ
Білім беру процесін неғұрлым тиімді басқаруды жүзеге асыру үшін қол жеткізілген
нәтижелерді аралық та, соңғы да анықтаудың маңызы зор (бұл белгілі бір аралық кезеңді
білдіреді, мысалы, оқушыны мектептен шығару сәті және т.б.). Тәрбие процесінің
тиімділігін анықтай отырып, педагогика «тәрбиелілік» ұғымымен жұмыс істейді.
Тәрбиелілік
– бұл қоғамда өзін-өзі ұстай білу, әдептілік. Кең мағынада тәрбиелілік
дегеніміз – белгілі бір қоғамда қабылданған мінез-құлық пен қарым-қатынас ережелерін
сақтау ғана емес, сонымен қатар адамның дүниетанымы арқылы көрініс табатын ішкі
мәдениеті. Тәрбиелілік ерте балалық шақтан қалыптасады және қоғамдағы мәдениеттің
дамуына, әлеуметтік ортаға, отбасындағы тәрбие жүйелеріне, оқу орнына және т.б.
байланысты.
Педагогикада мұғалім жетістіктерінің көрсеткіштері баланың физикалық,
психикалық денсаулығымен, өзін-өзі дұрыс бағалауымен, баланың өз қадір-қасиетін
сезінуімен, еркіндікке ұмтылысымен және адамдарға жанашырлық танытуымен
байланысты қарастырылады.
Қазіргі уақытта тәрбие сапасының мониторингі тәжірибесі дамыды.
Тәрбие
сапасының мониторингі
– тәрбиелеуді дамыту стратегиясын негіздеу және болжау үшін
бақылау нәтижелерін жинақтау, талдау, бақылау, түзету, салыстыру жүйесі. Мониторинг
тәрбие процесінің сапасын, тәрбие процесі нысандарының, әдістерінің, тәсілдерінің
пәрменділігін бағалаудың жүйелі тәсілі ретінде қарастырылады.
Мониторингінің негізгі мақсаты – мектептің әлеуетті тәрбие ресурсын анықтау
және оны іске асыру стратегиясын әзірлеу.
Мониторинг міндеттері:
1. Мектеп оқушыларының тәрбиелілік деңгейін анықтау;
2. Педагогикалық құралдардың (тәрбиелеу жағдайлары, мазмұны, түрлері, әдістері,
тәрбиелеу құралдары) тәрбиеленушінің тұлғасын дамыту процесіне ықпал ету дәрежесін
зерттеу;
3. Педагог жұмысының нәтижелілігі туралы ақпарат алу;
4. Мектептегі тәрбие процесінің тиімділігін бағалау.
Мониторинг жүргізуде келесі принциптер негізге алынады:
12
-
үздіксіздік,
мониторинг үздіксіз жүргізілуі тиіс, яғни мәліметтер күнделікті
тәрбиелеу тәжірибесінен жинақталуы тиіс, сондай-ақ оқушылардың тәрбиелілік
деңгейінің аралық (тоқсанның немесе жартыжылдықтың соңында) және қорытынды (оқу
жылының соңында) диагностикасын да қамтуы тиіс;
-
жан-жақтылық пен тұтастық,
оқушыларды тәрбиелеу мен өзін-өзі
тәрбиелеудегі басты бағдар болып табылатын мектеп бітіруші моделінде көрініс тапқан
тұлғалық
дамудың
барлық
аспектілерін,
қасиеттері
мен
сипаттамаларын
диагностикалауды қамтиды.
Мониторинг бірнеше кезеңде жүргізіледі:
- тәрбиелілікті бағалау критерийлерін нақтылау;
- тәрбиелеу көрсеткіштерін анықтау;
- нәтижелерді бақылау әдістерін таңдау;
- нәтижелерді түсіндіру;
- мектептің тәрбие жұмысын және жалпы тәрбие процесін жақсарту бойынша
ұсыныстар әзірлеу.
Белгілі бір өлшеулерді жүргізе отырып, жалпы білім беру жүйесінің де, әр адамның
тұлғалық дамуын да жобалау және жоспарлау үшін, оқу процесінің динамикасын
қарастыру, байқалған үрдістерді белгілеу, қарама-қайшылықтарды анықтау қажет.
Біртұтас тәрбие процесі мұғалімнің де, оқушының да – тәрбие процесінің барлық
субъектілерінің өмірлік күш-жігерін ашуға бағытталуы керек.
Негізгі түпкі нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыла отырып, педагог алдына бірқатар
аралық мақсаттар мен тәрбиелік міндеттер қояды, олардың әрқайсысының орындалуын
тексеру, яғни белгілі бір критерийлерге сәйкес оны іске асыруда қол жеткізілген деңгейді
(немесе белгілі бір сапаның қалыптасу дәрежесін, талап етілетін мінез-құлық нысанын
және т.б.) анықтау, белгілеу, сондай-ақ бағалау қажет.
Оқушылардың тәрбиелілік деңгейін өлшеу тәрбиелілікті бағалау критерийлері мен
көрсеткіштері негізінде жүргізіледі. Тәрбиелілік деңгейін бағалау критерийлері тәрбие
мақсаттарына сәйкес анықталады. Критерий әрқашан бірқатар индикаторларды
ерекшелеумен және қол жеткізілген деңгейді анықтау үшін оларды қолдану әдістемесін
әзірлеумен байланысты.
Тәрбиелілік деңгейін оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиелілік
көрсеткіштері болып табылатын тұлғаның маңызды қасиеттерінің қалыптасу дәрежесі
ретінде қарастыру керек. Әрбір қасиет бойынша кем дегенде екі деңгей болуы мүмкін
және шексіздікке дейін көп болуы мүмкін. Әдетте келесі маңызды атаулар қолданылады:
жоғары, орташа, төмен.
Тәрбиеліліктің
төмен деңгейі
оң іс-әрекеттің әлсіз, әлі тұрақты емес тәжірибесі
болып табылады, ол негізінен ересектердің талаптары мен басқа да сырттан ынталандыру
және түрткі болу арқылы реттеледі, ал өзін-өзі реттеу және өзін-өзі ұйымдастыру
жағдайға орай іске асырылады.
Тәрбиеліліктің
орташа деңгейі
тәуелсіздікпен, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі
ұйымдастыру көрінісімен сипатталады, дегенмен белсенді өмірлік ұстаным әлі толық
қалыптаспаған.
Б
елсенді қоғамдық азаматтық ұстаным негізінде тұрақты және оң дербестіктің
болуы
жоғары деңгейдегі тәрбиеліліктің
көрсеткіші болып табылады.
Тәрбиелік ықпал ету әрдайым әрбір оқушының жеке қабылдауы арқылы көрініс
табатындықтан, әртүрлі адамдарда, тіпті шамамен бірдей жағдайда болатын және бірдей
тәрбиелік ықпалға ұшырайтын адамдарда жеке қасиеттері мен сипаттарының толықтығы
мен қалыптасу дәрежесі әртүрлі болатынын байқауға болады.
Оқу процесінің табысты болуын диагностикалау педагогикалық (енгізілген
бақылау) және психологиялық (тестілер), социологиялық (сауалнамалар), медициналық
(денсаулық көрсеткіштері) және т.б. әртүрлі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады.
|