1
6-МОДУЛЬ
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕКТЕПТЕГІ
ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒДАРЛАНҒАН ТӘРБИЕ МОДЕЛІ
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
2
МАЗМҰНЫ
1.
МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ
ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
3
2.
ОҚУШЫЛАРДЫ МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН БАСҚАРУҒА
ТАРТУ
8
3.
МЕКТЕПТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ТӘРБИЕ ЖОБАЛАРЫН БАСҚАРУ
АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ
10
4.
МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ
11
5.
ГЛОССАРИЙ
14
3
Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы.
Әбу Насыр әл Фараби
Модульдің мақсаты:
Мектептегі білім беру процесіне құндылыққа бағдарланған
тәсілдемені енгізу бойынша мектеп директорының кәсіби құзыреттілігін дамыту
.
Күтілетін нәтижелер.
Тыңдаушылар:
1)құндылыққа бағдарланған білім берудің концептуалдық және нормативтік-
құқықтық негіздерін зерделеу арқылы мектеп құндылықтарын әзірлеу және білім беру
процесінде іске асыру стратегияларын анықтайды;
2) тәрбие процесінде құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыру аясында тәрбие
жобаларының бағыттарын және оларды әзірлеу мен іске асыруға оқушыларды тарту
жолдарын анықтайды;
3) мектеп оқушыларының бойында құндылықтарды дамытуды мониторингілеу
жоспарын әзірлейді.
МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ЖӘНЕ
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.
Мектептің тәрбие процесін басқарудағы құндылыққа бағдарланған
тәсілдеме
Білім алушыға бағытталған оқыту мен тәрбиенің негізі болып табылатын
білім берудің гуманистік парадигмасы мектептің тәрбие процесін ұйымдастырудың
жаңа тәсілдерін қажет етеді. Бүгінгі таңда білім беру теориясы мен тәжірибесінде
қалыптасқан тұлғаға бағдарланған, жүйелік-әрекеттік, саралау және басқа да
тәсілдемелермен қатар құндылыққа бағдарланған тәсілдеме ерекше рөл атқарады.
Тәрбиедегі құндылыққа бағдарланған тәсілдеме оқушының тұлғасын
жоғары құндылық ретінде қарастырып, оның тұлғалық, әлеуметтік, рухани және
кәсіби салалардағы құндылық мұраттарын еркін, саналы түрде таңдауға қабілетті
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың тасымалдаушысы ретінде
қабылдай отырып, оның даралығын мойындайды.
Өзін-өзі тану құндылықтары өмірдегі, қоғамдағы өз орнын анықтау, өзінің
азаматтық, ұлттық, әлеуметтік және кәсіби мүдделерін іске асыру мүмкіндігі
ретінде оқушы тұлғасын дамытудың танымдық (таным), қарым-қатынас
(дүниетаным) және іс-әрекет (әлеуметтік және мәдени іс-әрекет) аспектілерінде
көрініс табуы керек
1
.
Білім беру құндылықтары білім туралы нормативтік-құқықтық құжаттармен,
атап айтқанда ҚР «Білім туралы» Заңымен (27.07.2007 ж.), Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартымен (31.10.2018 ж.), «Рухани жаңғыру»
бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерімен
(15.04.2019 Ж.), Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды
1
Лысенкова, М. В. Ценностно-ориентированный подход в системе обучения и воспитания
учащихся начальной школы // Образование: прошлое, настоящее и будущее : VI Халықаралық
ғылыми конференция материалдары (Краснодар қаласы, мамыр 2019 ж.). — Краснодар : Новация,
2019. —37-39-б. — URL:
https://moluch.ru/conf/ped/archive/330/15050/
(жүгінген күн: 14.01.2021).
4
дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен және т.б.
айқындалады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында бастауыш, негізгі
және жалпы орта білім беру мазмұнының базалық құндылықтары ретінде мыналар
айқындалған
2
:
1) қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек және шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу.
Білім беру құндылықтарын сіңіру негізінде білім алушылардың бойында
мыналар дамытылуы тиіс:
1) Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге әзірлік;
2) Қазақстан Республикасы Конституциясының және заңдарының
нормаларын құрметтеу және оларды сақтау;
3) әлеуметтік жауапкершілік және шешім қабылдай білу;
4) мемлекеттік тілді меңгеруге ынталану;
5) Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне, әлемнің мәдени
әралуандылығына құрмет;
6) рухани келісім мен төзімділік идеяларын ұстану;
7) қоршаған әлемге және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға оң көзқарас;
8) шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
9) коммуникативтілік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен
технологияларды тиімді қолдана білу;
10) өмір бойы оқуға және өзін-өзі жетілдіруге деген уәждеме.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің
3
маңызды міндеттерінің бірі –
заманауи басым жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени құндылықтар
негізінде тұтас тәрбие процесінде білім алушылар тұлғасының және олардың
отбасыларының, мектептің, мемлекеттің, балалардың азаматтық қоғамы қоғамдық
ұйымдарының бірлескен іс-әрекеттерін қамтамасыз ету
болып айқындалған.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-
2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
4
білім беруді дамытудың
маңызды міндеттерінің бірі тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар
негізінде тәрбиелеу және оқыту болып табылады.
Сонымен қатар құндылықтар мектептің білім беру процесінің барлық
субъектілері (оқушылар, ата-аналар, педагогтер, мектептің әлеуметтік әріптестері)
арасындағы өзара қарым-қатынастың сипатын айқындайтын негізгі факторға
айналуы тиіс, яғни мектеп мәдениеті білім беру құндылықтарының негізінде
2
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы.
3
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық
негіздері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 15.04.2019 №145 бұйрығы.
4
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019
жылғы 27 желтоқсандағы № 988 Қаулысы
5
қалыптасып, дамығаны маңызды. Құндылықтарды қалыптастыру және дамыту
процесі өте күрделі міндет болып табылады және адамның рухани-адамгершілік
тәрбиесімен байланысты. Шын мәнінде, құндылықтар балаларды, ата-аналарды,
мұғалімдерді біріктіруі керек.
Қазіргі мектептің міндеті – оқушылардың өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі
дамытуы үшін маңызды, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін де, қоғам мен
мектеп үшін де маңызды, оның миссиясы мен стратегиялық мақсаттарымен
үйлесімді болатын құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқыту мақсатын, мазмұны
мен тетіктерін анықтау. Бұл құндылықтар оқушылардың рухани-адамгершілік
дамуының негізі, жеке, әлеуметтік, рухани және кәсіби салада құндылық
мұраттарын таңдауға негіз болатын құндылық бағдарларын қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Құндылық бағдарлары адам өмірінің барлық салаларына әсер ететін,
шындық құбылыстарына саналы түрде қарауды білдіретін күрделі жеке
формацияларға жатады, олар оның адамдарға, қоғамға және өзіне деген көзқарасын
анықтайды.
Құндылық мінез-құлықтың белгілі бір тәсілі немесе болмыстың түпкі
мақсаты жеке немесе әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы немесе кері мінез-құлық
тәсілінен немесе болмыстың түпкі мақсатынан гөрі жақсырақ екендігі туралы
тұрақты ұстаным ретінде қарастырылады
5
.
Сондықтан педагогтер үшін отбасылық және мектеп құндылықтары
арасында қайшылықтар болмауы үшін оқушылардың құндылық бағдарларын
қалыптастыру шарттары мен әдістерін талқылау маңызды. Оқушылардың
құндылық бағдарларын қалыптастыру мен дамытудың маңызды шарты – ата-
аналар мен мұғалімдердің іс-әрекетте, қарым-қатынаста, сөйлеуде, ойлауда
адамгершілік идеалға айнала алатын құндылық бағдарларын көрсетуі.
Достарыңызбен бөлісу: |