Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Символдық интеракционизм теориясы



Pdf көрінісі
бет53/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Символдық интеракционизм теориясы
Құрылымдық-функциялық теория да, конфликт теориясы да элеумет- 
тік құрылымдарды және олардың арасындагы байланыстарды зерт-


ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
43
тейді. Алайда екі теорияның бұл байланыстар туралы айтар пайым- 
дары әртүрлі.
Жеке түлғалардың әлеуметтік құрылымдарға қатысын және олар- 
ға эсер ету ерекшеліктерін зерттейтін әлеуметтанушылар символдық 
интеракционизм теориясын пайдаланады. Символдық интеракция 
теориясы (немесе символдық интеракционизм) адам әрекеттерінің 
субъективті мәнін және осы мәнді қалыптастырып, дамытатын про- 
цестерді қарастырады (Страйкер, 2008). Бұл теория адамдардың өзара 
әрекетке түсуінің символдық (немесе субъективті) мағынасын зерт- 
тегендіктен осылай аталады. Символдық интеракционизм теориясы -
осы тарауда сипатталған дәстүрлі үш георияның ішіндегі ең жаңасы.
Символдық интеракционизм теориясының
тужырымдары
Символдық интеракционизм теориясы 
галымдарының пайым- 
дауынша адамның мінез-құлқын зерттеуі мынадай үш негізгі нысан- 
дықтұжырымнан бастау алады (Харон, 2006):
1. 
Мән-мағына өте маңызды. Кез келген мінез-құлық пен қимылдың 
я сөздің бірнеше мағынасы болуы және олар әркелкі нәрселерді 
сипаттауы мүмкін. Адамның мінез-құлқын түсіну үшін оның сол 
мінез-құлыққа я қимылға қалай қарайтынын зерттеуіміз керек.
2. Мән-мағына қарым-цатынастың арқасында дамиды. Қарым-қаты- 
нас өзгергенде мағына да өзгереді.
3. Мән-мағынаны адамдар өзара келісу арқылы жасайды. Біз басқа 
тараптан шыққан мән-мағынаны ойланбастан бірден қабылда- 
маймыз. Бір нәрсенің бізге және өзгелерге қатысты мән-мағына- 
сын келісуге әрқайсысымыз үлкен үлес қосамыз.
Символдық интеракционизм теориясын қрлдану
Осы үш тұжырым символдық өзара әрекетті зерттейтін ғалымдардың 
өзара қарым-қатынастар мен әлеуметтік қүрылымдардың адамдарды 
қалай қалыптастыратынын түсінуіне жағдай туғызады. Мысалы, әйел- 
дерге қатысты зорлық-зомбылықты зерттеген интеракционистер хок­
кей ойнағанда басқаларды ұрғаны үшін мақтау естіген, өзін мазақтаған 
баланы әкесіне айтып сазайын бергізген, өзі де ағаларынан таяқ жеп өс- 
кен бала агрессияны еркекке тән табиғи қасиет деп қабылдайтынын ай- 
тады. Сондай-ақ символдық интеракционистер мүғалімдердің мектеп 
ауласындағы жұмысты үлдарға тапсырып, сыныпта ұл баланың қызды 
мазақтауына жол беру арқылы қыздардыц ұлдардан әлсіз екенін дәріп- 
тейтінін аңдамайтынын айқындады. Кейбір зерттеушілердің айтуын- 
ша, бұл әрекеттер кейін әйелдерге қарсы әлімжеттікке жол ашады.
Бұған қоса, символдық интеракционистер адамдардың қарым- 
қатынастарды қалайша белсенді түрде өзгертетінін және қалайша 
келісімге келетінін анықтайды. Бір отбасында тәрбиеленген екі бала 
неліктен бір-бірінен өзгеше болып шығады? Теорияшылардың ай- 
туынша, мүның бір себебі - тіпті бір отбасында өскен балалардың 
өздері қарым-қатынастар мен оқиғаларды әртүрлі сезінеді және олар- 
дың мән-мағынасын әркелкі қабылдайды.
Интеракционистер көбіне бала кезінен бастап қартайғанға де- 
йінгі өмірінде қарым-қатынастар адамды қалай өзгертетініне назар 
аударады. Символдық интеракционизмнің ең ұтымды тұсы сол: ол -
өмірімізге, өз-өзімізді түсінуге, тұлғааралық қарым-қатынас пен ке- 
ліспеушіліктерді бағалауға үлкен әлеуметтік құрылымдардың қалай 
эсер ететінін зерттейді.
Символдық интеракционизм 
теориясы - ортақ мәндердің 
қалыптасып, дамуына ықпал 
ететін адами әрекегтер мен 
процестердің субъективті 
мән-мағыналарын зерттеумен 
айналысады.


44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет