42
1-ТАРАУ
І
Конфликтологтер - эйелді
сабау ерлердің үстемдік етуіне
қаншалықты ықпал ететінін және
әртүрлі әлеуметтік күштердің
(мәселен, әйелдерге күйеуінің
қалауына көнуді үйрететін діндер
және әйел сабауды отбасындағы
болмашы мәселе деп санайтын
полицейлер) мүны қалай қалыпты
жағдайға айналдырғанын зерттейді.
Конфликт теориясы
Құрылымдық-функциялық теория әлемді ымыраға келу (консен
сус) және тұрақтылық тұрғысынан қарастырса, конфликт теориясы
оны қақтығыстар мен өзгерістер негізінде сипаттайды (Ритзер, 2003).
Конфликтологтер қоғамды толық түсіну үшін ондағы бәсеке мен шие-
леністерді, әсіресе біреулер жеңіп, екіншілері жеңіліске ұшырайтын
процестерді сыни түрғыдан зерттеу керек деп санайды. Демек конф
ликт теориясы қоғамдағы күйзеліс пен шиеленістерді, осыған орай,
қоғамды әлеуметтік өзгерістерге бастайтын жолдарды қарасгырады.
Достарыңызбен бөлісу: