Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет88/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

әлеуметтану және 
сіз
Теледидар, интернет желісі, 
билбордтар және басқа жерлердегі 
жарнамалар әлеуметтендіруде 
маңызды рөл атқарады. Мысалы, 
Soda жарнамалары бір брендтің 
басқаларға қарағанда дәмді екенін 
көрсетіп қана қоймай, сол брендтің 
пайдаланушылары көңілді, 
бай, тартымды және басқаларға 
қарағанда танымал екендігіне 
көз жегкізуге тырысады. Сіздің 
сүйікті сусыныңыз қалай 
жарнамалануда?
Нормалар
Белгілі бір мәдениет шеңберінде кеңінен қолданылатын мінез-құлық 
ережелерін 
нормалар 
дейміз. Нормалар адамдардың не істеуі керек 
немесе не істемеуі керек екенін көрсетеді. Кейде біз орындайтын іс- 
тердің тізімі шексіз болып көрінеді. Біз таңертең «қатты шаршадым
бірақ ерте тұруыма тура келеді» деген сөзбен күнді бастап және кешке 
«қыдырғым келеді, бірақ ертең сабаққа ерте тұруым керек» деп күнді 
аяқтауымыз мүмкін. Сонымен бірге тісті тазалау керек, көкөніс жеу 
керек, көршілермен жақсы қарым-қатынаста болу керек және т.б. нор-
Қүндылықтар - 
қалаулы 
мақсаттар туралы ортақ идеялар.
Нормалар - 
адамдардың қалай 
ойлауы және әрекет етуі керектігін 
көрсететін жалпы мінез-қүлық 
ережелері болып табылады.


74
2-ТА РА У

Әдетте күнделікті өмірде ұстанатын 
I нормалар мына сыныптағыдай айқын 
емес. Соған қарамастан, көпшілігіміз 
айналамызды бақылау арқылы 
әлеуметтік нормаларды еш қиындықсыз 
тусіне аламыз.
малар да жетіп артылады. Тізімнің ұзақтығы соншалық, кейде міндет- 
тер тым көп, ал таңдау тым аз сияқты көрінеді. Әрине, кейбір іс-әрекет- 
тер міндетті емес және таңдау жасауға мүмкіндік береді, бірақ жалпы 
мәдениеттің мәні - өмір сүрудің тәртібі, орындалуға тиіс ережелер.
Дегенмен нашар жоспарланған жобадан нашар үй салынатыны 
сияқты, «жаман» немесе дисфункциялы норма түрлі қиындықтарға 
әкеп соқтырады (Wilier, Kuwabara, & Масу, 2009). Мысалы, соңғы жыл- 
дары «әркім үлкен үйде тұруы керек, үлкен үй алмаса, ол - ақымақ» де­
ген норманың кесірінен несие төлей алмай, банктер үйлерін тартып 
алған адамдар көбейді. Кей нормалар бір дәуірде жақсы болса, енді бірі 
белгілі топқа ғана лайықты болуы мүмкін. Ал кей нормалардың мүл- 
де мағынасы жоқ.
Пайдалы я зиянды болсын, нормалар маңыздылығына қарай әр- 
келкі болып келеді. Кейбіреулері сән үлгісі тәрізді қысқа мерзімдік, 
өткінші болады. Енді бірі, айталық, моногамияны (немесе полигамия- 
ны) қолдайтын нормалар күшті болады және ұзақ уақыт өмір сүреді, 
өйткені олар осы мәдениеттің басты бағыты болып табылады. Әдетте 
нормаларды дәстүрлер және ғұрыптар деп екі топқа бөлеміз.
Дисфункциялы нормалар - қоғам 
мүдделеріне қарсы әрекет ететін 
нормаларға жатады.
Дәстүрлер - әдепкі, қарапайым 
және дағдылы тәсілдер арқылы 
жасалатын нормалар.
Дәстүрлер
Дәстүр сөзі бір топтың әдепкі, қарапайым және дағдылы тәсілдерін 
білдіретін нормаларды сипаттайды. Дәстүр - түрақты дәстүрлерді 
(мысалы, АҚШ-тың тәуелсіздік күні - 4 шілдедегі отшашу) қамтитын, 
сондай-ақ уақытша сауық пен сәнді де қамтитын (кең немесе тар киім 
кию сияқты) ауқымды түсінік.
Дәстүрдің ешқандай моральдық құндылығы жоқ. Егер қалып- 
тасқан дәстүрді бұзып, таңертеңгілік гамбургер, ал кешкі асқа сүлы 
ботқасын жесеңіз, еденге ұйықтап немесе шашыңызды күлгін түске 
боясаңыз басқалар сізді біртүрлі, қызық немесе есалаң адам деп қа- 
былдауы мүмкін, бірақ олар сізді азғын немесе қылмыскер деп есеп- 
темейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет