Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет97/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

МӘДЕНИЕТ
83
Бұқаралық аңпарат құралдары
Бүқаралық ақпарат құралдары бұқаралық мәдениеттің үлгісі, яғни 
қолжетімді және кең таралған мәдениеттің бір бөлшегі болып табыла- 
ды. БАҚ-қа фильмдер, теледидар, романс немесе ғылыми фантастика 
сияқты жанрлық шығармалар, сондай-ақ интернеттен алынған таны- 
мал әндер кіреді (керісінше, жоғары мәдениет, ең алдымен, опера не­
месе қазіргі заманғы өнер секілді орта және жоғарғы деңгейлі мәдени 
құндылықтармен шектеледі).
БАҚ қолда бар мәдени құндылықтарды көрсете ме, әлде осы құн- 
дылықтарды өзгерте ме деген сұрақ зерттеушілер үшін маңызды 
проблемаға айналып отыр. Бұған «екеуі де дұрыс болуы мүмкін» де­
ген жауап бар. Мысалы, XX ғасырдың басым бөлігінде фильмдер мен 
телевизия афроамерикалықтарды еріншек немесе ақымақ деп бейне- 
леді (Entman & Rojecki 2000). Бүл - сол кезеңдегі америкалықтардың 
мәдени нанымдарын көрсетеді. Дегенмен бүл күндері Уилл Смит 
фильмдерде романтикалық рөлдерді, атыс-шабыс фильмінің ке- 
йіпкерін немесе ақылды заңгер рөлін сомдай алады. Америкалық 
мәдениеттегі әлеуметтік өзгерістер актерге осы рөлдерді сомдауға 
мүмкіндік берді. Бұл фильмдер ақ нәсілді америкалықтарға афроа- 
мерикалықтардың тартымды, әдепті, ақылды және кәсіпқой бола 
алатындығын көрсетумен қатар, көп мәдени өзгерістер жасады. 
Сөйтіп, ақ нәсілді америкалықтар Уилл Смитті фильм кейіпкері ре- 
тінде қабылдады, сондай-ақ Барак Обаманың президент сайлауын- 
да жеңіске жетуіне көмектесті. Бүл бұқаралық ақпарат құралдары- 
ның әсері мәдени өзгерістердің көзі бола алатынын көрсетеді. «БАҚ 
пен мәдениет: БАҚ және көңілден шығатын дене бітімі» бөлімі ме- 
дианың жас ерлер мен әйелдердің өз дене бітіміне қанағаттану дең- 
гейіне эсер ететіндігін көрсетеді.
Басымдыққа ие мәдени тақырыптар
Мәдениеттер әдетте өзгеше сипаттағы және бағыт-бағдар нұсқайтын 
салмақты тақырыптарды қамтиды. Бұл тақырыптар ішінара жабық 
жүйе түзеді. Жаңа идеялар, құндылықтар мен өнертабыстар қолда- 
ныстағы үлгілерді тым бұрмаламай, мәдениетке ене алған жағдайда 
ғана қабылданады. Мысалы, Сиу мәдениеті мылтық пен жылқыны 
тез қабылдады, өйткені бұл құралдар аң аулау мәдениетімен жақсы 
үйлеседі. Бірақ Сиу мәдениеті ағаштан салынған үйлер мен жекемен- 
шік жер сияқты ағылшындар мен америкалықтарға тән мәдени ар- 
тықшылықтарды қабылдай алмады, себебі бүл артықшылықтар Сиу- 
дың көшпелі және қауымдық өмір салтына сәйкес келмеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет