Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет99/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Мәдени әркелкілік пен
өзгерістің салдары
Ешбір мәдениет мәңгілікке оқшауланбайды және олардың бірде-бірі 
өзгеріссіз қалмайды. Дегенмен мәдени әркелкілік пен өзгеріс қоғам- 
дағы қазіргі қиындықтарды жеңуге көмектеседі, бірақ олар жаңа 
қиындықтар тудыруы мүмкін. Осындай екі проблема - мәдени артта 
қалу және мәдени соққы алу.
Мәдени артта ңалу
Мәдени артта қалу. Мәдениеттің 
бір бөлігінің басқасына қарағанда 
жылдам өзгеруін - мәдени артта 
қалу дейміз.
Мәдениеттің бір бөлігі басқа бөліктеріне қарағанда жылдамырақ 
өзгерсе, әлеуметтік қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл жағдай 
мәдени артта қалу деп аталады (Brinkman & Brinkman, 1997). Мәде- 
ни артта қалу, көбінесе әлеуметтік тәжірибелер мен құндылықтар 
технологиялық өзгерістерге ұшырамаған кезде пайда болады.
«Секстингтің», яғни ұялы телефондар арқылы жыныстық қаты- 
насқа шақыратын суреттер жіберудің көбеюі - заң, қүндылықтар мен 
әлеуметтік тәжірибелер технологиялық өзгерістен артта қалғанда туын- 
дайтын проблемаларды суреттейді. Секстинг жастар үшін күнделікті 
өмірдің бір бөлігі ретінде қабылданады. Ауқымды бір зерттеуге сәйкес, 
жасөспірімдердің 20 пайызы және 20 мен 26 жас аралығындағы жастар- 
дың 33 пайызы секстингпен айналысады (Hamill, 2009). Бірақ ересектер 
арасында мәдени құндылықтар да, заңдар да (ересек адамдар түсінігін- 
дегі) осы өзгеріске ере алмады. Нәтижесінде, кейбір секстингпен айналы- 
сатындарға балалар порнографиясына қатысты айып тағылып, өз фото- 
суреттерін достарына жіберіп жатса да қамауға алынған.


МӘДЕНИЕТ
85
Секстинг заңды санкциялар болмаған кезде де қауіп төндіреді: 
сол сауалнама барысында жасөспірімдердің үштен бірінен астамы 
және 20-26 жас аралығындағы адамдардың жартысы өзіне келген 
эдепсіз фотосуреттерді көбінесе басқа адамдарға жіберетінін айт- 
қан. Нәтижесінде, әдепсіз суреттер жіберетін адамдар сол фотосу- 
реттерді кім көретінін бақылай алмайды және бұл олардың беделі- 
не ықпал етуі мүмкін.
Осы мысалда суреттелгендей, технологиялық өзгерістер қо- 
ғамға әлеуметтік құндылықтар, нақты құқықтық шешімдер неме- 
се олардың қалай әрекет етуі керектігін анықтайтын стандартты 
элеуметтік тәжірибелер арқылы келмесе елеулі әлеуметтік пробле- 
малар туындауы мүмкін.
Мәдени соққы
Сайып келгенде, мәдени әртүрлілік пен мәдени өзгерістер өмір са- 
пасын жақсартады. Алайда қысқа мерзімді кезеңде адамдар әртүр- 
лілікті де, өзгерісті де үреймен қабылдайды. 
Мәдени соққы 
адам 
басқа мәдениетке тап болған кезде пайда болуы мүмкін ыңғай- 
сыз және жағымсыз әсерлерді білдіреді. Мысалы, Грекияда жұмыс 
істейтін америкалық азаматтар Грекия тұрғындарының таныста- 
рын көрген кезде құшақтасатынына немесе кез келген бір адаммен 
сөйлескен кезде өте жақын (америкалық стандарттар бойынша) 
түратынына таңғалады. Керісінше, Америка Құрама Штаттарында 
жұмыс істейтін гректер америкалықтардың жай ғана қол алысып 
сәлемдесуін және әңгімелесу кезінде біршама арақашықтықты 
сақтауын ыңғайсыз көреді. Нәтижесінде, америкалықтар гректерді 
тым арынды немесе жыныстық тұрғыдан тым еркін, озбыр деп қо- 
рытынды жасаса, гректер америкалықтарды маңғаз немесе суық 
деп сипаттайды.
Жаьандану
Мәдени соққылар туралы пікірталастарға сүйенсек, мәдени өзге- 
рістер тек бір қоғамның ішінде ғана емес, сонымен қатар қоғам- 
дар арасында да болуы мүмкін. Кең мағынасында бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет